Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекет тарихы институты ғалымдары шығарған кітаптардың тұсаукесері өтті

13052
 Мемлекет тарихы институты ғалымдары шығарған кітаптардың тұсаукесері өтті - e-history.kz
Кітаптарда Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, еліміздегі заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістер және жас мемлекетті құрудағы ірі жетістері баяндалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасында Мемлекет тарихы институты ғалымдары шығарған, 7 кітаптың тұсаукесері болып өтті: «Тәуелсіздік нышандары. Символы Независимости», «Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл» историко-документальное исследование тарихи-құжаттық зерттеу, «История суверенного Казахстана: 20 лет независимости» историко-документальное исследование, «The History of Sovereign Kazakhstan: 20 Years of Independence» historical and Documentary Survey,  «Россия-Казахстан: история взаимоотношений и современность» историко-хрестоматийный очерк, «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности» коллективная монография, «Қазіргі Қазақстан тарихы (2010-2011 жж.). Хрестоматия. ІІ том.

Кітаптарда Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, еліміздегі заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени үдерістер және жас мемлекетті құрудағы ірі жетістері баяндалады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуге және еліміздің тарихи ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін  Институт ғалымдарының атына Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі ғылым Комитетінің төрағасы Б.А.Қасымбеков алғыс сөзін білдірді.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық жетекші ғалымдар мен мамандары, жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, ҚР Ұлттық Академиялық Кітапхана қызметкерлері қатысты.

Материал ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен ұсынылды