Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіндегі археологиялық-этнологиялық зерттеудің ғылыми-практикалық орталығы

12983
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіндегі археологиялық-этнологиялық зерттеудің ғылыми-практикалық орталығы - e-history.kz
Орталықтың басым бағыттағы міндеттерінің бірі рухани және білім беру аяны дамыту мақсатында қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама жөніндегі жұмыстарды орындау.

Археологиялық-этнологиялық зерттеудің ғылыми-практикалық орталығы 2005 жылы сәуірде құрылды, орталықтың директоры Смағұлов Тимур Нұрланұлы.

Орталықтың миссиясы:

-  ертедегі және ортағасырдағы көшпенділерді археологиялық ескерткіштерді зерделеу және сақтау бойынша зерттеу және оқу-тәжірибелік жұмыстар, Қазақстан халқының мәдениетіне археологиялық-этнографиялық зерттеу жүргізу;

-  студенттерді оқыту деңгейін, олардың археологиялық және этнографиялық зерттеулерде қажетті практикалық дағдылар алуын арттыру, өңірдегі халықтар арасындағы археологиялық және тарихи білімдерді жария ету, мәдениетті халықтардың ескерткіштерін сақтау және зерделеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді және оқушыларды тарту;

-  археологиялық сарапталар жүргізу, тарихтың және мәдениеттің ескерткіштерін сақтау және зерделеу.

Орталықтың басым бағыттағы міндеттерінің бірі рухани және білім беру аяны дамыту мақсатында қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама жөніндегі жұмыстарды орындау, елдің мәдени мұрасын сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Аталған бағдарлама жөніндегі жұмыстардың шеңберінде Орталықтың қызметкерлері 2007 жылдан бері Екібастұз қаласының ауылшаруашылық шекарасының аумағында орналасқан «Әулиекөл» ортағасырлық археологиялық кешенінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл зерттеудегі ғылыми үйлестіруді А.Х. Марғұлан атындағы Институт жүзеге асыруда (Алматы).

2012 жылдан бері «Қазақстанның дала аймағы және оның пайда болу рөлі және түркі мемлекеттерінің және көшпелі өркениеттің тарихи дамуы» тақырыбы бойынша жер асты жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, орталықтың қызметкерлері А.Х. Марғұлан атындағы Институтпен бірлесе отырып мынадай тақырыптарда:

 - «Павлодар облысының Пятирыжск кентінде су құбырларын салу аймағында археологиялық зерттеулер»;

- «Павлодар облысының Качирск кентіндегі Қызылтаң I қорымында археологиялық зерттеулер» шаруашылық келісім жұмыстарын орындауда.

Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары Павлодар облысындағы аумақтық шеңбермен шектеліп қана қоймайды, себебі олар Қазақстанның өзге өңірлеріндегі және жақын шетелдердегі (Алматы, Астана, Омск, Барнаул және т.б.) ғалымдармен және ғылыми орталықтармен келісімшарттар жасады.

Бұдан басқа, орталықтың мамандары басқа өңірдегі өздерінің әріптестерімен бірге Батыс Қазақстан облысының (Қырық-Оба кешені), Маңғыстау облысының (Құйрықтөбе және Тасбас қорымдары), Қарағанды облысының (Атасу, Қарақойтас ескерткіштері), Алматы облысының (Мойнақ ГЭС су басу аймағындағы археологиялық жұмыстар) аумақтарында орналасқан ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізуге қатысты.

Орталықтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстанның ертедегі және ортағасырдағы тарихының ғылыми жиынтығы мен монографиялары енгізілді. Археологиялық және этнографиялық саяхаттан алынған материалдар Қазақстан мұражайларының, біздің облыстағы Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының көрмелеріне, сондай-ақ, ғылыми археологиялық-этнологиялық ортаның оқу аудиториясына қойылды.