Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Моншақ төбе қабірі

12982
Моншақ төбе қабірі - e-history.kz
«Моншақ төбе» зираты Жылыой аудынының орталығы, Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км., Атырау-Құлсары жолының батыс шетінд орналасқан.

755904ccf8edb15cd75bc6bd8639b10f.jpg

«Моншақ төбеде» орналасқан қазіргі қазақ бейіттердің арасынан, қабір қазу барысында қола айна, адам сүйектерінің қаңқалары шығып жатқандығы жөнінде жергілікті тұрғындардан хабар жеткеннен кейін шағын археологиялық топ осы жерде 2013 жылдың 28-29 қазан аралығында қазба жұмыстарын жүргізген болатын.

Сүйекті аршу үшін тереңдігі 1,45 м., көлемі: 1,60х1,60 м., шұңқыр қазылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде басы шығысқа қарап жерленген, 30-35 жас шамасы аралағындағы әйел адамның сүйегі аршылды (1сурет).

Қаңқа шалқасынан жатыр. Екі қолы екі жағына, аяқтары тік созылған.Басы сәл солға қисайған. Тістері түгел. Сүйектері жақсы сақталған (2 сурет).

Шекесінде және шүйде тұсында өте нашар сақталғанмата қалдықтарыанықталды.Сақталған фрагменттеріне қарап матаның жіңішке жіптерден  тоқылғандығын көруге болады (4 сурет).

Сүйектің оң жақ иығының жанынан қайың қабағы төселген, оң  жақ аяқ жағынан беліне дейінгі аралықтан ағаштың қалдығы анықталды. Қайың қабығы, ағаштың қалдықтары мәйіттің астына және айналдыра, үстінен төселген материалдардың қалдықтары болуы мүмкін. Қйың қабығы Ақтөбе облысындаы Салтақ қабірінде Бисембаев А.А. жүргізген  ққазбадан да табылған (5 сурет).

Сүйектің бел ортасынан диаметрі 7,5 см., қола айна табылды. Қола айнаның  сыртына жабысқан  мата қалдығы байқалады.Бұл қола айнаның матадан тоқылған қабының қалдығы болуы мүмкін.

Қабірден моншақ, темір бұйымның қалдықтарыжәне белгізіз қыш бұйымның фрагменті табылды. Темір бұйым өте нашар сақталғандықтан қандай зат екенін анықтау мүмкін болмады.

Сонымен қатар сүйектің үстінен, бас сүйегінен матаның көптеген қалдықтары табылды. Бұған қарап сүйек матаға орап жерленген деп топшылауға болады.

Қола айна. Диаметрі 7,5 см. Қалыңдығы 2 мм.  Қола айна  бетіне ішке қарай дөңестелген жарты шеңберлі өрнек және сыртқа қарай дөңестелген жарты шеңберлі өрнектер салынған. айнаның төменгі жағында ұстайтын кішкене сабы бар (3 сурет).

Бұндай айна Ақтөбе облысы жеріндегі қазба жұмыстары кезінде кездескен [1].

Сонымен бірге бұндай қола айна Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданын  жерінде де кездеседі. Ол ХІІ- ХІV ғасырлармен даталанған [2].

Ал, Қаратөбе ауданы жеріндегі табылған қола айна мата қалташаға салынған. Ол да ХІІ- ХІV ғасырлармен даталанған [3].

Ресейдегі Төменгі Повольжедегі  Алтын Орда қаласы Царевтен  табылған айна өрнегі де өте ұқсас [4].

Моншақ. Диаметрі 5 мм. Қалыңдығы 5 мм. Сақталған көк түсті сыр қалдығы бар (6 сурет).

  Қазба жұмыстарының қорытындысында жерлеу дәстүріне, қола айнаның өрнегіне  және қайың қабығына қарап, қабір ХІІІ-ХІV ғғ. жататыны анықталды. Қабірдегі сйектің осы аймақта өмір сүрген көшпенді тайпаның өкіліне тиісті екендігін айтуға болады.

Атырау өлкесі орналасқан Солтүстік Каспий маңы ойпаты тас ғасырынан бері көптеген тайпалардың құтты мекені болған. Географиялық орналасуы, су тораптарының мол болуы, теңіз жағалауы адамдардың құтты мекені болатын.

Бұл аймақтан неолиттік адамдардың тұрақтары көп кездеседі. Олар жерлерден тұрмыстық бұйымдар, жебенің ұштары ұштары көптеп кездеседі. Темір дәуірінде бұл жерлерді, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған сармат-савромат тайпалары мекен етті. Кейін түркі тайпалары мекен етті.

Жердің географиялық орналасуы халықтардың қозғалысының, шығыс пен батысты байланыстыратын сауда жолдарының транзиттік торабы болуына септігін тигізді. Сонау шығыстан басталатын сауда-керуен жолдары дала жолдарын басып өтіп батысқа, Еуропа құрлығына асатын. «Ескі Ноғай жолы» деп аталатын сауда жолының бойында көптеген керуен сарайлары, елді-мекендер жетерлік.

Бұл жерді мекендеген халықтар артына өшпес мұра қалдырды. Тас және темір дәуірінің адамдарының іздері негізінен шағын тұрақтар, обалар, қорғандар түрінде кездессе, орта ғасырлардың тарихи ескерткіштері Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти сынды т.б.қалалар мен елді-мекендер арқылы белгілі. Аймақтың өркендеген кезі Алтын Орда дәуіріне сәйкес келеді. Өз уақытындағы күшті бір мемлекеттің құрамында болуы аймақтың емін-еркін дамуына септігін тигізген болатын.

Орта орта ғасырларда ноғайлар, кейін ХVІ-ХVІІ ғғ. ноғайларды ығыстырып шығарған қалмақтар, сонымен қатар қазақ рулары  қоныстанды. ХVІІІ ғасылардан бастап қазақтардың түпкілікті мекеніне айналды.

Жоғарыдағы археологиялық қазба жұмысының нәтижесіне қарай отырып бұл өлкені мекен еткен халықтардың ислам дінін, Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі халықтардан кеш қабылдағанын көруімізге болады.

ХІІІ-ХІV ғғ.бұл жерлердегі халықтар тәңірге табынғаны байқалады. Олар осы аталған кезеңде әлі де болса көк түркілерінің ежелгі дінін ұстанатын болған.

30d667cf06130732ae3d1b45181152c5.jpg

1 сурет. Моншақ зираты

6cd34ecc7520a1d9c0d900c1bbf77174.jpg  


fc0d6496b62a6617c1f7b26f4a99107a.jpg

2 сурет. Моншақ қабірі

648ceadf60d1025dc64cb52e268087d1.jpg   


dba4c7015c91b1a701b4000d56018b8a.jpg

3 сурет. Қол айна

3dde6f2a2a5f07d080a9f7842908fe00.jpg

4 сурет. Мата қалдығы

585ad20e8c40ed3e902282db51ec1076.jpg

60396c3d13d05c4b81bff418cce27f5f.jpg

5 сурет. Қайың қабығы

3e21b0d94b3a15660f7d0ec7adaf6846.jpg

6 сурет. Моншақ

2b097418513c589ade04c9bc561fbd04.jpg

2733f1ac2c76e2451f3ccbf7b8e246a9.png

7 сурет. Темір заттар

a1303ffd685e199366300b7f399e7129.jpg

c73b1e1004340cff5bd85b9657fbf541.jpg

8 сурет. Қыш ұршықтар



Әдебиеттер

1. БисембаевА.А.Кочевники средневековья Западного Казахстана. Актобе, 2010. С.164. Рис.23. 3,4

2. Памятники природного и историко-культурного наследия Западно-Казахстанской области.  Чингирлауский район.  І. Орал,2005. Рис.25.

3. Памятники природного и историко-культурного наследия Западно-Казахстанской области.  Каратобинский район. ІІІ. Орал,2006. Фото.12.

4. Блохин В.Г., Яворская Л.В. Археология золотоордынских городов Нижнего Поволжья. Волгоград,2006.Рис .30,2.