Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1936 жылы балалар жазушысы Мұхамедхан Етекбаев дүниеге келді

- = -

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң қабылданды

26290
2013 жылдың 4 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мақсаты электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін құқықтық бекіту, сондай-ақ электронды түрдегі аталған қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру болып табылады.