Бұл күн тарихта

25 жыл бұрын Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Осыдан 22 жыл Қазақстан Баспасөз клубы құрылды

- = -

1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

Материалға сурет: 1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты
«Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығы
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.