Футбол тойы. «Ярыш»
09.03.2017 2444
Жеңімпаздар лигасында испандық «Барселона» командасы француздық Пари Сен-Жермен командасын ойсырата ұтып жатқан шақта «Ордабасы» «Астананы» (КПЛ)-2017 бірінші кезеңде шаң қаптырды

Қазақстанда футбол қалай пайда болды? Футбол – миллиондардың ойыны, соның ішінде Қазақстанда да ойын төресіне айналып келеді.

Қазақстан футбол тарихы 1913 жылдан бастау алады. Шындығында, футболдың отаны – қасиетті Семей өңірі. Семей жері – тоғыз жолдың торабы, сауданың тоғысқан орталығы болғандықтан, футболдың пайда болуы туралы ағылшын саудагерлерінің келуімен байланыстыратын деректер бар. Бұл жаңа ойын аз уақыт ішінде қалаға жедел таныла бастады. Алғашқы футбол командалары: «Олимп», «Қарлығаш», «Орлят», «Ярыш» еді. біз осы мақаламызда қазақша «Жарыс» деген мағынаны білдіретін «Ярыш» командасының тарихына қатысты деректерді сөз етеміз.

Ойыншылар өте жас болды, сол кездің өзінде 16 жаста еді. «Ярыштың» команда басшысы және жаттықтырушысы Юнус Сыдықұлы Нығматуллин ойыншылардан допты техникалық тұрғыдан жақсы меңгеруді және спорттық қызығушылықты оятатын тегеурінді ойындарды талап етті. Юнустың өзі кезінде футбол ойнаған. Ол – қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы деңгейлерін детік меңгерген жан-жақты ойыншы болған екен. «Ярыш» командасының құрамында Ахметсәлім Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рысбаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнис Нығматуллин, Әміржан Сыздықов, Габдұлхан Ғаббасов, Мұхамедолла Құрманов, Ғұсман Жамбышев, Сабыржан Ахмедшиндер болған. Қазақ әдебиетінің болашақ классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те бұл командада жартылай қорғаушы болып ойнаған. Оның арқасында сәтті берілген доп арқылы «Ярыш» командасының шабуылшысы Рифкат Файызов омбылық командаға гол соқты.

Сол жылдары, әсіресе сібір қалаларында футбол чемпионаттары өткізілмеді. Футболдық командалармен көршілес орналасқан қалалар арасында тек достық кездесулер болды. «Ярыш» командасы Барнауыл, Новосибир, Том өңірінің командаларымен ойындар өткізді. Юнистің әкесі Сыдық Нығматуллин бірінші гильдий атанған ірі бай болатын, команданың қаржылай кіріс-шығыс жауапкершілігін өз мойнына алған. Айта кетелік: ойыншылардың орналасуы, көлік қатынас шығыны, арбиторлардың Мәскеу, Том, Омбы қалаларындағы оқуы.

«Ярдам» баспаханасында футбол жарыстарындағы Нығматуллиннің суреттері шығарылып, қаланың түкпір-түкпіріне ілінді. Осылай бұл қалада фанаттық-жанкүйерлер пайда болды.  «Ярыш» командасының формасы мен эмблемасын  Ғафа Баязитова есімді шебер тігінші өз үйінде тіккен болатын.  Бірінші дүниежүзілік соғыс уақыты кезінде, 1918 жылы «Ярыш» әскерилермен халықаралық деңгейде ойын өткізді.

Таңғаларлығы, қарсы команда да 1912 жылы өткізілген олимпиада ойындарының екі қатысушы болған. Бірінші футбол жаттықтырушысының өмірі қайғылы аяқталған. Кейін қазақ даласына құбылыс болып енген «Алаш Орданың» бір өкілі Юнус Нығматуллин 1919 жылы қызыл терроршылардың қолына түседі. Қашып шықпақ болған ол Қытай шекарасында шекарашылардың қолынан қаза табады.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)