Аралды түбегейлі жойылып кетуден сақтап қалу мүмкін
22.11.2021 1207
Қазақстандық мамандар Аралды құтқару бойынша бірегей жобаға қатысуда. Бұл жайлы «QazaqGeography» РҚБ қолдауымен шығарылған «9-территория» подкастының алғашқы қонағы су ресурстары жөніндегі сарапшы Ерлан Бадашев айтты.

Еліміздің мамандары Кіші Аралды құтқару бойынша түрлі жобаны жүзеге асыруға атсалысуда. Дүниежүзілік банктің «ТЭН Қазақстандағы Арал теңізі бассейнін өңірлік дамыту мен қалпына келтіру» халықаралық жобасының арқасында олар ирандық әріптестерімен бірігіп, теңіз алаңын Арал қаласына дейін жеткізуге ниетті.

«Қазір Кіші Арал қаладан шамамен 60-70 шақырым жерде орналасқан. Біз арнайы гидротехникалық құрылыстардың көмегімен су қоймасының аумағын осы елдімекеннің шекарасына дейін ұлғайтқымыз келеді. Дүниежүзілік қауымдастық Кіші Аралды құтқаруды бірегей жоба деп санайды. Мәселен, жақында өткен кездесу барысында бір құрметті ғалым өз сөзінде адам өзі бүлдірген нәрсені өзі қайтадан қалпына келтіре алатынын қазақстандықтар бүкіл әлемге дәлелдегенін атап өтті», – деді Ерлан Бадашев.

Сарапшының айтуынша, бүгінде теңіз ауданы Аралға шамамен 50%-ке жақындаған, ал кезінде қаладан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 100-120 км болған.

Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Алдын ала деректер бойынша жоба 2024 жылы басталуы мүмкін, оны іске асыру үшін 5-7 жыл қажет.

Сондай-ақ Қазақстан Арал теңізінің проблемасын көршілес Орталық Азия мемлекеттерінін қолдауынсыз толық шеше алмайды.

«Біз қаласақ та, қаламасақ та су біріктіруші фактор болуы керек. Арал теңізі – баршаға ортақ, сондықтан да проблемаларды бірлесіп шешу қажет», – деп есептейді сарапшы.

Подкаст барысында су ресурстары проблемасының басқа да аспектілері, оның ішінде су тапшылығы қаупі, оны ауыл шаруашылығы мен тұрмыста үнемді пайдаланбау мәселелері де талқыланды. Бағдарламаның толық нұсқасын QazaqGeography Youtube-арнасынан https://youtu.be/0U-2FIeUDv0 көруге болады. Аудио форматта https://qg.mave.digital/ Apple Podcasts, Google Podcasts, Яндекс.Музыка, Spotify подкаст-алаңдарында тыңдауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, көрермен мен подкаст тыңдаушылары жүргізушінің сұрағына жауап бере отырып, жүлдеге қатыса алады.

«9-территория» подкасты – ел географиясы мен экологиялық жағдайы, отандық туризмді дамыту мен басқа өзекті мәселелерді талқылау үшін әртүрлі мамандық иелерін бір алаңға жинайтын жаңа жоба. Подкаст жүргізушілері – журналист, географ Азамат Кеңесұлы мен подкастер, «Dope Söz» подкастының негізін қалаушыларының бірі Арсен Түсіпбек.

Кереғар көзқарас, әртүрлі пікір мен өзекті проблемалар «9-территория» подкастында. Сондай-ақ подкастың негізгі мақсаты – күрделі мәселелерді қарапайым тілмен жеткізу, еліміздің тарихы мен географиясы жайлы қызық фактілермен бөлісу. Жобаның бастамашысы – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі.