Ашаршылық және бүгінгі зиялының орыны
19.05.2021 1915

Жасұланбек Майлыбай, Мемлекеттік басқару магистрі, "Болашақ" түлегі. Ашаршылық тақырыбын тереңдей зерттеу керектігі жөнінде және бүгінгі зиялы қауымның орыны, әлемдегі жаңаша философиялық ойлар жөнінде. Толық сұхбат сілтемеде.


Сұхбатқа кейіпкердің "Ашаршылық тақырыбын кең ауқымда зерттеу маңызды" атты мақаласы арқау болды. Төменде мақаладан үзінді:
"Елімізде ашаршылық тақырыбы, көп жағдайда, тек ұлттық көзқарас тұрғысынан айтылып, жазылып жүрген секілді. Ал ол тұста халқымыз Кеңес Одағының құрамдас бөлігі, ал Кеңес Одағының өзі әлемдік саясаттың ажырамас бөлшегі болғаны белгілі. Сондықтан ғалымдардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – қазақ халқы тап келген аштықты кеңестік және жаһандық кеңістікте де зерделеу деп білеміз. Сондай-ақ, бұл бағытта тарих ғылымына сүйенген ізденістермен қатар, салааралық зерттеулер де қажет деген ойдамыз. Дәл осылай тақырыптың зерттеу аясын кеңейту арқылы алапат аштықтың шынайы себеп-салдарын түсінуімізге зор мүмкіндіктер туатыны анық. Біз бұл жерде отызыншы жылдардағы аштық туралы айтып отырғанымызды ескерте кетейік."