«Әскери дискурс -2017» өз мәресіне жетті
25.06.2017 2536
Спасск оқу-жаттығу орталығында экстермалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары аяқталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен өткен үш күн бойғы оқу-жаттғуына 30-қа жуық журналист пен республикалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық блогерлер экстермалды жағдайларда кәсіби машықты көрсетіп, сонымен қатар терроризм мен экстермизмді ақпараттық тұрғыда тарату қағидалары туралы ерекше дәрістер тыңдады. 

Журналистермен іс-шара аясында терроризм мәселелері зерттеу туралы біліп қана қоймай, топтардың жалпы сипаттамасы, қаржыландыру қағидалары туралы білуге мүмкіндік алды. Сонымен қоса өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Оқу-жаттығу жиынының  салтанатты жабылу шарасына ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов арнайы келді. Журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылған кезекті іс-шараның сәтті аяқталуымен құттықтай келе, Қорғаныс министрлігінің атынан Қарулы күштерінде барлық әскери оқиғаларды тарату кәсібилігі мен жылдамдығы үшін семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік сыйлықтары берілді.

«Бұл семинарда Қарулы күштердің күнделікті өмірін көрсеткіміз келді. Әскери дискурс барысында журналистер мен блогерлер полигон аймағында қарулы күштердің жауынгерлік даярлықтың қалай өтетінін, журналистер тұтқынға түскен жағдайда неге дайын болу керек, Қақтағыс болған аймақтан ақпаратты қалай тарату қажет, ең басты нені ескеру керек. Және аталған жағдайлардың барлығыда практика жүзінде журналистермен тікелей өткізілді - деді министр. Және алдағы уақытта министрліктің БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста әріптестік танытатынын және сол үшін арнайы  жобалар әзірлеп жатқанын тілге тиек етті.

Салтанатты шара соңында әскери дискурсқа қатысушы ақпарат өкілдері де үшкіндік шарадан білген-түйгенімен, өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Жанкелді Ғапбасов, «Ақсауыт» әскери бағдарламасының жүргізушісі, қатысушы:

- Өз басыма әскери тақырып жақын болғандықтан жыл сайын тұрақты қатысамын. Биылғы әскери дискурс өзінің теориялық білім беруімен қатар практикалық басымдылығымен ерекшеленді. Көптеген жаңа дүниелермен таныстық, әсіресе шабуыл жасаған немесе тұтқынға түскен жағдайда қандай іс-әрекетке дайын болуың қажет осының барлығын үйретті. Сонымен қоса, ашық далада өз қолымызбен "Тротил" бомбасын жарып, окопта жатып қатты жарылыстың әсерінен болатын жер сілкінісін сезіндік. Тұтандырып қойып, құлақты жауып, ауызды ашып жарылар сәтті күтіп жатқандағы сезім бөлек екен. Бұдан бөлек терроризммен мен экстримизмнің ошағына айналған Сирия, Ауғанстан жағдайында журналист қауым қауіпті аймақта өз қызметін қалай атқарудағы сақтық ережелері мен барлық ұсақ-түйек мәселелер кеңінен айтылды. Үйренген дүние жетерлік, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. 

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыстар мен экстремалды оқиғалар аумағында, лаңкестік актілерін тарату жұмыс жасауға үйрету үшін экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары алтыншы рет өткізілді.