«МЕНІҢ ЕЛІМ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
16.06.2017 2166
Өткен демалыстарда, 2017 жылғы 10 маусымда, Қазақстан қалалары бойынша экспедиция – мотожарыс Атырау қаласынан бастау алды

Экспедиция «Менің Елім – Моя страна» жобасы аясында «Қазақстан 2050» Жалпыхалықтық қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылды. Жоба «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы және оның туристік бағдарларды әзірлеу арқылы туған өлкені зерделеуге және өлкетанушылық ақпаратты жинауға бағытталған «Жергілікті туризм» негізгі жобасы аясында жүзеге асырылады. Мотожарыстың қорытындысы бойынша «ТОП-25 ең әйгілі әрі келушілер ең көп баратын тарихи ескерткіштер» рейтингі жасалмақ. Бұл жұмыс осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында жүзеге асырылуда. Экспедиция мақсаты – Қазақстанның тарихи жерлерін көруге мүмкіндік беретін маршруттар жасау. Ұйымдастырушылардың алдына қойған тапсырмасы – шетелдік туристерге жай ғана өлкені көріп қайту емес, толыққанды туристік маршрут әзірлеп шығару.  Экспедиция Қазақстандағы экологиялық, танымдық, жағдайлық және экстремалдық туризмді дамытуға қосқан үлес болып табылады. Осы экспедиция қорытындысы бойынша туристер мен барлық қалаушылар мотожарыс аясында сыналған маршрутпен таныса алады.

«NDH» порталы  экспедицияның жай-күйі туралы хабардар етіп отырады.