ЭКСПО аумағында «Ұлы Дала елі» монументі ашылды
16.12.2016 3696
Бүгін Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы торқалы тойында монумент ашылды.

ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Құрметті қауым! Бүгінгі атаулы күніміз Тәуелсіздік күні құтты болсын! Алғаш елімізде Тәуелсіздігіміздің 5 жылдығына Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. Астананы алғаш Алматыдан көшіргенде біз қалалық символы етіп Бәйтеректі ортанттық, бүгінге дейін қаланың айшықты символы болып табылады.

Одан кейін елордамызда «Қазақ елі» монументін орнаттық. Тәуелсіздікке 20 жылдығында «Мәңгілік Ел» монументін аштық. Енді міне айтулы ширек ғасыр 25 жылда ЭКСПО аумағында «Ұлы Дала елі» монументі бой көтеріп отыр. Көріп тұрғандарыңыздай монументтің 25 қыры бар, әр қырында біздің тарихымыз жазылған. Келешек ұрпақтарымыз есте сақтау үшін.

Бұл монументтің биіктігі Қазақстанның болашаққа деген қадамын шыңырау шыңын көрсетіп тұрғандай, дәл біздік арманымыз секілді ол біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Аталған монументтің осы жерде ашылуы да тегін емес ЭКСПО Қазақстанда әлемге көрсететін, танытатын әлемдік тұрғыда өтетін маңызды іс-шара, ертең ЭКСПО басталғанда жан-жақтан көптеген адамдар келеді, қонақтар, туристер келеді, сол кезде біздің тәуелсіздігіміздің ерекше символы болып ЭКСПО-ның дәл ортасында айрықша белгісі болу керек. Міне сол мақсатпен бүгінгі монумент бой көтеріп, ашылуына куә болып отырмыз. Тағы да Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз аман болсын! Қазақ елі жасасын! Алға, Қазақстан!» , - деп келген халықты құттықтады. 

Айта кетейік, «Ұлы Дала елі» монументі 3 жарым айдың ішінде салынып бітті, биіктігі 46 метр, әлемдегіә ең қымбат мәрмәрдан салынған, авторы алматылық Еділ Әлімбеков.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)