ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 25 ИГІ БАСТАМА
15.12.2016 2597
Астана қаласындағы Мемлекеттік мұрағатта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы 25 игі іс» көрмесі ашылды

Экспозицияны Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатымен бірлесе отырып дайындады. Экспозиция шеңберінде экономика мен қоғам саласында түбегейлі өзгерістер жасауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, бір сөзбен айтқанда мемлекетті реформалауға бағытталған 25 негізгі мемлекеттік салалық бағдарламалар туралы ақпарат ұсынылған. 

Өткен жылдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері негізгі бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Көрме көпшілігі саяси құжаттардан тұратын 200-ден астам материалдарды қамтиды. Сол құжаттардың ішінде жас республиканың алғашқы актілерін көрсететін құжаттар маңызды орында. Мысалға,  Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылдың 10 желтоқсанында қызметіне кірісуіне арналған ҚР Жоғары Кеңесінің салтанатты мәжілісінің стенограммасы, Президенттің 1991 жылдың 10 желтоқсанда берген ант мәтіні, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық Заңы. 1991 жылдың 21 желтоқсандағы ТМД құру туралы Алматы декларациясы Кеңес Одағының қирандысында жаңа мемлекетаралық бірлестіктің құрылғанын көрсетеді.

Жаңа мемлекетті халықаралық мойындау процесі ауыр болды, 1991 жылдың 31 желтоқсандағы «ҚР Президентінің БҰҰ-ның бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярма мырзаның атына Қазақстанды БҰҰ мүшелікке қабылдау туралы өтініші», 1996 жылдың 16 мамырдағы ҚР-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан елдер тізімі секілді құжаттар сыртқы саясат ведомствосының осы бағытта жақсы жұмыс жасағанын көрсетеді. Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесін қалыптастыру ұлттық валютамыз – теңгесіз елестету мүмкін емес. Көрмеде «ҚР Президентінің «Ұлттық валюта-теңені енгізу туралы» қазақстандықтарға үндеуі» қойылған. Инфографика үлгілерінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы  цифрлар мен дәйектерде келтірілген.

Қазақстанның мақтанышы Президенттің өз тумасы – Елордамыз болып табылады.  Астананың құрылуы туралы көптеген құжаттардың ішінен «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау  туралы» ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығы, «ОРРАстана  - жаңа қала» Арнайы экономикалық аймақтың Бас дирекциясының құжаттары көрсетілген. Сондай-ақ көрермендерге Қазақстан Президентінің ядросыз өмір құру туралы бастамаларын танытатын құжаттар көрсетілген. Олардың арасында «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Жарлық, Семей полигонындағы алғашқы ядролық жарылыстың фотолары және т.б. бар.  

Қазақтардың тарихи атамекеніне оралу тақырыбы «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушылары-репатрианттар туралы материалдарда, Қазақстанға алғаш келген оралмандардың суреттерінде ашып көрсетілген. Көрменің ашылуына ҚР Парламентінің, Астана маслихатының депутаттары, қала жұртшылығы, ғалымдар мен БАҚ қатысты.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр СЕРІКҚЫЗЫ