Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 16 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

16 Ақпан
2005 Президент Н.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауын арнады
1933 Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлының туған күні
Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері,

16 Ақпан 2005

Президент Н.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауын арнады


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев 2005 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарыныңбірлескенотырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдаудың тақырыбы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Президент біз неден бастадық, біз қайда бара жатырмыз және бізді не күтіп тұрғанын еске салды. Бұл қаржылық, тұрғын үй, аграрлық мәселелер, отбасы, ана, бала және т.б. мәселелер. Мемлекет Басшысының сөйлеген сөзі тікелей эфирде алты республикалық телеарналарда көрсетілді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.   

16 Ақпан 1933

Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлының туған күні

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1986-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1996-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

2-ші дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.