Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ежелгі түркілердің наным-сенімі туралы деректер мол - этнограф

607

Көне түркілердің наным-сенімі туралы деректерді шетелдік зерттеушілердің және Қытай тарихшыларының еңбектерінен кездестіруге болады. Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін құдай – Көк тәңірі. Көне түркілер тәңірден басқа жер, суға да мінажат еткен. Себебі адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей  байланысты деп есептеген. Түркілерде тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы болып Ұмай ана саналды. Бұл Тоныккөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде «Көк тәңірі, Ұмай ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» деп жазылған. Бұл туралы этнограф-ғалым Қарлыға Жұмаділова өз пікірін білдірді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?