Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлы ақынның шығармалары шетел тіліне тәржімаланады.

3170
Ұлы ақынның шығармалары шетел тіліне тәржімаланады. - e-history.kz

«Маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржі­ма­ланады». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылды. 

«Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі» делінген мақалада.

Сондай-ақ, ҚР Президенті  бұдан былай әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатынын мәлім етті.

«Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және ха­лық­аралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді. Биылғы бәй­гелер Абай шығармашылығына ар­на­лады. Әдебиет және өнер саласын­дағы үздік шығармаларға берілетін мем­ле­кет­тік сыйлық енді Абай атын­дағы мем­лекеттік сыйлық деп аталатын болады» деді Президенті

Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы шетелдерде де жалғасын табатындығын айтып өтті.

«Абайдың тұлғасы мен мұра­сын ұлық­тау шетелдерде де жалға­сады. Ресей­дегі, Франциядағы, Ұлыбри­­та­ния­да­ғы және басқа да мемлекеттердегі Қазақ­­станның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жос­пар­ла­нып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысы­рап­­шылдыққа жол бермей ұйым­дас­тыру қажет» деп көрсетілген мақалада.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?