Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Азия университеттері қауымдастығы: жаңа басшы, жаңа деңгей

1204
Азия университеттері қауымдастығы: жаңа басшы, жаңа деңгей - e-history.kz
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Азияның үздік университеттері қауымдастығының президенті болып сайланды.

2016 жылдың 23-26 маусым күндері Ресей Федерациясының Барнауыл қаласында «Азия университеттері» қауымдастығының екінші жалпы отырысы болып өтті. Алтай мемлекеттік университетінде өткен халықаралық форум аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Азияның үздік университеттері қауымдастығының президенті болып сайланды. 

Бұған дейін Азия университеттері қауымдастығынының президенті қызметін АлтМУ ректоры Сергей Землюков атқарып келген болатын. Жалпы отырыс жиынында С. Землюков қауымдастықтың мақсаты мен міндетін айта келіп, жаңа басшыға сәттілік тіледі. 

«Ең бастысы қауымдастықтың жұмысы Азиядағы үздік ЖОО үшін мақсатты жұмыс атқарып келеді. Олардың қатарында оқытушы құрамның біліктілігін арттыру, студенттерді алмастырып оқыту, ғылыми және зерттеушілік институттарға қолдау көрсету, ұстаздар қауымы үшін жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу, жүйелеу, сондай-ақ педагог кадрлардың клафикациялық талаптарына өзгерістер енгізу жұмыстары орындалып келеді. Азия университеттері қауымдастығын құру идеясын Алтай мемлекеттік университеті қолға алатын болған. 2012 жылы құрылған қауымдастықты содан бері өзім басқарып келдім. Осы орайда бүгінгі форум аясында қауымдастықтың президенті ауысатын болады. Оған лайықты кандитатура – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Жаңа басшы қауымдастық жұмысын одан әрі жандандырып, мемлекет аралық байланыстарға зор ықпал жасауға мүмкіндік жасайды. Сондықтан жаңа қауымдастық президентіне сәттілік тілеймін», – деді қауымдастықтың экс-президенті С. Землюков.

6f384d5bc8f4a1f557e052b99ec11701.jpeg

Азия университеттері қауымдастығы – бірыңғай азиялық білім беру кеңістігін қалыптастыру, жоғары білім беру саласындағы ықпалдасу процестерін белсендендіру, академиялық ұтқырлықпен азиат аймақтарының ЖОО арасындағы мәдени байланысты кеңейту, сондай-ақ білім беру, ғылым және мәдениет саласында халықаралық, желілік және көпжақты серіктестіктің жаңа белестерін ашу мақсатында 2012 жылы құрылған болатын. 

Азия университеттері қауымдастығына Азияның 8 мемлекетінің 40-қа жуық университеті мүше. Олардың қатарында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тайланд, Монғолия, Тәжікстан, Ресей елдері бар. 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың Азия университеттері қауымдастығының президенті болып сайлануы – ЕҰУ-ді халықаралық деңгейден тағы да таныта түскендігінің дәлелі. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?