Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXIV сессиясы өтеді

1645
Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXIV сессиясы өтеді - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылы өткізілетін XXIV сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысады деп жоспарланған

2016 жылғы 26 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылы өткізілетін XXIV сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар. 

ҚХА XXIV сессиясының қарсаңында, 2016 жылғы 25 сәуірде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен, ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның барысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралатын болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?