Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ даласындағы антропонимикалық атаулар. 2-бөлім

4495
Қазақ даласындағы антропонимикалық атаулар. 2-бөлім - e-history.kz

Сурет: kurmangazy.kz

Қазақ есімдеріндегі тотемдік мән де ғалым назарынан тыс қалмаған: Жаңа мағына демекші, бірқатар хайуан, аң бұрынғы кұдайымыз. Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақ деп ат қоюымыз соларды ардақтап,қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстарда да бар. - Собакевич, Волков, т.б. Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып, өзгеріп отырады.Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам табиғатты танып,білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған. 

Профессор Қ.Жұбановтың тек казақ антропонимдік жүйесінің валенттілік(тіркесімділік) теориясымен қатыстылығы тұрғысынан сипатталғаны ғанаемес, жалпы синтаксис теориясына өзіндік үлес қосқан мына тұжырымдарынбіздің жұмысымызда атап өтпеу мүмкін емес: Правда, единичны случаисохранения предпологаемого древнего порядка слов. Иначе и быть не могло,ибо господство новой нормы могло осуществиться после того, как былавытеснена старая. Поэтому и там, где определние стоит за определяемы,наше грамматическое мышление не всегда в состоянии это видеть, болеетого, оно способно превратить определение в определяемое и наоборот. Бытьможет, такие странные сочитания, как Күнсұлу (Солнце красивое), Айсұлу(Луна красивая), Таңсұлу (Утренняя заря красивая), встечающиеся втрадиционных личных женских именах, или аналогичные им мужские имена,вроде: Күнжарық (Солнце светлое), Айжарық (Луна светлая), Таңжарық(Утренняя заря светлая), и были образцами такого расположения слов, прикатором определения, выраженные прилагательными сұлу (красивый) ижарық (светлый), следовали за определяемыми күн (солнце), ай (луна) и таң(утренняя заря). Подобное допущение более вероятно потому, что здесь впоследних компонентах (сұлу и жарық) нет возможности усматриватьсказуемое, а в первых (күн, ай, таң) - подлежащее, так как сочетания,составляющие личные имена, крайнее редко принимают форму предложения,вроде: Жыл келді (Весна наступила), Қожам берді (Мой хозяин пожаловал) ит.д. Чаще всего личные имена, будь они простые или сложные - безразлично- представляют собой выражение либо атрибута некой субстанции, либопредиката некоего субъекта. В первом случае субстанцией, во втором -субъектом мыслится лицо, носящее имя. Так что полный перевод вложенныхв вышеперечисленные имена мыслей может быть таков: «то) - красивоесолнце,то) - светлое солнце  и т. д.Бывает также, что личные имена выражают идеал. В таком случае ониозначают: (пусть это будет) красивое солнце,  (пусть это будет) светлоесолнце. Словесно выраженной формой такого осмысления личных именженщинам, поведение индивидов в связи с пренадлежностью к тому илииному полу, стереотипные представления о мужских и женских качествах -все то, что переводит проблематику пола из области биологии в сферусоциальной жизни и культуры деп жазады [21, 133 б.].Т.М.Абдрахманованың зерттеуіне қарағанда лақап есімдері қазақ,орыс, неміс тілдері бойынша олардың көбі ер адамдарға қойылады. Бұл әр тілдің өзіне тән ерекшелігін бар екенін көрсетеді. Неміс және орыстілдеріндегі лақап атаулар жынысқа байланысты өзгешеленеді, ал қазақтілінде бұл ерекшелік байқалмайды, себебі род категориясы тек орыс, немістілдеріне тән. Бұл ерекшелік дейді автор: ер адамдар мен әйел адамдардыңмінез құлқына байланысты болуы тиіс. Кез келген елде әйел адамдар ерадамдармен салыстырғанда жұмсақ мінезді, нәзік жанды, инабатты болады,сондықтан да әйел адамдарға көп лақап аттар қойылмауы керек.  Осы зерттеуде қазақ, орыс, неміс есімдері қарастырылған, соның нәтижесінде ерадамдардың бейресми есімі - 70 - пайыз, ал әйел адамдардың бейресми аты – 30 пайыз [22, 129 б.].Сонымен, қарастылып отырған тілдерде лақапаттарының саны әйел адамдарға қарағанда ер адамдарға біршама көпқойылады. Қорыта келгенде, бұл ерекшелік тек биресми есімдерге ғана тәнемес, ер адамдар мен әйел адамдардың ресми есімдеріне де тән.Демек, антропонимдер жүйесінің қазіргідей ежелгі заманда да ерекшеәлеуметтік-мәдени мәні болған. Бурят тіліндегі антропонимдерді зерттегенғалым А.Э. Митрошкина мұны былай деп көрсетеді: Имя рождалось какслои и их предметных атрибутов. Имя не только имеет функцию обозначенияиндивидов для удовлетворения практической необходимости общения апределах определенных социумов, но и сложным образом отражает,фиксирует состояние их культуры.  [23, 107 б.].Бұл сонымен бірге антропонимияның динамикалық сипатын дадәлелдейді. Түркі антропонимикасын зерттеуші ғалым В.У.Махпировтыңеңбегінде ол туралы былай тұжырымдалған: Для исследования основныхзакономерностей формирования и функционирования древнетюркскойономастики необходимо рассмотреть этнокультурную и политическуюисторию древних тюркоязычных народов, поскольку многие факторы даннойистории оказывали решающее влияние на ономастическую систему, котораяживо реагировала на различные изменения этносоциальной,экономической, политической жизни тюркского общества, четко фиксируя всвоей структуре смену территорий, характер изменений в политической исоциальной сфере, культурные и экономические метаморфозы, коими богатаистория тюркоязычных народов древности и средневековья [24, 302 б.].Антропонимдік жүйенің қызметі әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрісінің дамуымен ұштасып жатады және жан-жақты ақпаратқа ие. Осымен байланысты   Қазақ ономастикасы. Жетістіктерімен болашағы» атты осы саладағы зерттеу нәтижелерін қорытып, болашағынбағдарлаған Т.Жанұзақов пен Қ.Рысбергеннің еңбегінде антропонимияныңәлеуметтанымдық зерттеу нысанын былайша анықтаған: 1) тіліміздегіантропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызмет аясының жалпықазақ антропонимдерінің лингвомәдени мәні (соның ішінде Ономастикалыклингвокультуремалардың антропонимдердің-Ф.Ә.) ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселенің тілдің құрылымдық жүйесіндегі көріністері мен ұлттық сипаты Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.B.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: …мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді,халық мәдениетін танытушы ғылым саласы  [24, 76 б.]. Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттанузерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарыныңтүйісу нүктесінен ХХ ғасырдың өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болады, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектерінебайланысты  лингвомәдениеттану  деген атауды колданады. Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтіктанымдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатнастар менолардың заңдылықтарын тілдік құрал арқылы зерттейтін тіл білімінің бірбағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты -ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын,мәдениетін таныту.Казіргі тіл білімінде ұлттын рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілдізерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлттарихын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібімен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды кұрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес,мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканынмүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтіемес, ол (тіл) - этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесіұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы.Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын,атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануғанегізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану,этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр [25, 251 б.]. Кезкелген тілдік кұбылыстың табиғатын оның тек тілдікзаңдылықтырына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтыңдүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қараулингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек. Бастау көздерін В. фон Гумбольдт, Э.Сепир т.б. идеяларынан алып,соған сәйкес, сабақтас пікірлер мен теориялық қағида сипаттағы ғылыминышандарының көріністері қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының нелізінсалушы ғалымдардың еңбектерінде де қалыптасқан. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени сипатын ашуға арналған жұмысымызда тіл мен мәдениет мәселесі төңірегінде қазақ тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, Ә.Қайдаров, Қ.Жұбанов, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов т.б. ғалымдардың теориялық ой – пікірлерін басшылыққа алып сүйенеміз.Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Бұл зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзақов зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Биярова, З.Жанғабылова, А.Арысбаева, Г.Мадиева т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән  оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.Антропонимдер шығу тегі бойынша, негізінен, екінші текке жатады. Яғни тілдік апеллятив лексика (лат. appellāre-сөйлеу, атау) – тілдік термин, көбінесе жалпы есімнің синонимі болып табылады)  негізінде жасалады. Түркі, үнді еуропа халықтары антропонимдері негізінен  күрделі, туынды, апеллятивтік деген  үш түрде берілген. Күрделі есімдер (композита) екіден кем емес түбір морфемалардан жасалады (қаз. Гүлназ, Мейрамгүл, Қуаныш, Айкөркем; орыс. Эра- ида, Владислав, Всеслав)уынды есімдер әр түрлі ономастикалық форманттар аркылы, сөздерді қысқарту және арнайы аффикстер жалғау арқылы жасалған есімдер (қаз. Маркс+Энгельс+Ленин+Сталиннен Мэлс Дана+ Элеонорадан Данэль)пеллятив есімдер -  шаршы түрдегі атау, себебі есімдер көбінесе апеллятивтерден жасалады. Кісі есімдердің бұл түріне мағынасы жалпы есім лексика мағынасына сай келетін есімдер жатады (қаз. Бақыт, Асқар, Арман, Үміт, Маржан; орыс. Вера, Надежда, Любовь, Светлана.опонимика – географиялық атауларды, олардың шығуы тегін, мағыналық жүктемесін, айтылуы мен жазылуын зерттейтін тіл ғылым саласы. Ал осыдан шығатын топонимдер -  географиялық атаулар. Топонимдер географиялық атаулар 2-ге бөлінеді. Олар: табиғи және қоғамдық нысан. Табиғи нысандар - оронимдер -ау атаулары) мен гиронимдерге (су қоймаларының атаулары) бөлінсе, қоғамдық нысандар - ойконимдaр (елді мекендердің aтaулары) мен урбанонимдерге (қала, көше, алаңдардың атауы) бөлінеді. Топонимдердің 6 түрлі шығу тегі бaр.

1. Өңірдің сипатталуы: Бөктерлерінің пішіні, пайдалы кен байлықтар, ағыстардың жылдамдығы, су қоймаларының сапасы, өсімдіктер, жануарлар.

2. Табиғат жағдайына қатысты атаулар.

3. Кірме атаулар.

4. Тарихи оқиғалар мен аңыздар.

5. Кісі есімдері мен ру атаулары.

6. Георафиялық бағыттар.Ғылымда топонимиканы 2 үлкен бөлікке бөледі. Ол тарихи атау мен халықтық атаулар. Топоним тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып табылады. Өйткені кейбір топонимдер архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат (Субстрат (лат. sub - астынғы, stratum - қабат, катпар) екі тілдін тоғысуы кезінде жеңген тілдін кұрамында сақталып қалған жеңілген тілдін іздері)  тілдерінен бай мәлімет береді. Тіпті бір құбылысқа байланысты қойылған атаулар, сол құбылыс жоғалған уақытта да сақталатын жағдайлар көп. Мысалы, орман жоқ жерде Залесье деген атау, жол қиылыстары жоқ жерде Перекрестье деген атаулар кеңінен кездеседі. Географиялық атаулар тұрақтылығының басты себебі – бұл топоним болған сөз өзінің топоним болмағандағы мағынасымен ассоциативті байланыстарын біртіндеп жоғалуы. Енді топоним белгілі нысанды сипаттау үшін емес, белгілеп атау үшін қолданылады. Болашақта топоним оның негізгі белгілері өзгерген кезде де географиялық нысан бар болғанша сақталады.Топоним түрлері:хоронимдер – аймақтардың, облыстардың, аудандардың географиялық атаулары;астионимдер – қалалардың географиялық атаулары; урбонимдер – қаланың ішкі нысандарының географиялық атаулары;годонимдер – көшелердің атаулары; агоронимдер – алаңдардың атаулары; дромонимдер – байланысу жолдардың географиялық атаулары; гидронимдер – сулардың географиялық атаулары, соның ішінде: пелагонимдер – теңіздердің;лимнонимдер – көлдердің;потамонимдер—өзендердің; гелонимдер – батпақтар және батпақтанған жерлердің; оронимдер – аулар, жоталар, шыңдар, төбелер); ойконимдер – елді мекендердің атаулары; микротопонимдер – кіші географиялық нысандардың атаулары: қыстаулaр, қыстақтaр, құдықтар, бұлақтар, т.с.с. көбіне белгілі бір аймақ тұрғындарға белгілі, өзара пайдаланатын атаулар; геонимдер – жолдардың, өтпелердің атаулары.Топонимдердің жіктелу принциптері туралы Э.М. Мурзаев, Ғ. Қоңқашбаев, Ә.С. Бейсенова, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов, С. Әбдірахманов, К.Д. Каймулдинова, А.С. Омарбекова және т.б. еңбектерінде қаралып отырды. Ономастика қазақ тілі лексикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, ол ерекше лексикалық жүйе ретінде қаралып, оны зерттегенде жалпы тіл бөліміне тән методология мен әдістеме қолданып жүр. 

Ономастикалық зерттеудің негізгі бағыттары мынадай: тізімдегі ономастикалық жүйелердің дамуы мен қолданыс аясын зерттейтін теориялық ономастика, материалдарды сипаттамалы ономастика атауларының шығуы, пайда болу жолы, олардың бір атаудан екінші атауға ауысуы, атаулардың белгілі бір тарихи дәуірлерге тәндігін зерттейтін тарихи ономастика, ономастикалық материалдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы жайлы ұсыныс, нұсқау беретін қолданбалы ономастика, көркем әдебиет шығармаларындағы атауларды зерттеумен шұғылданатын поэтикалық ономастика. Ономастика мәселесінің ұлттық сана қалыптастырудағы қарқынды дамуы – оның саралануына және дамуына себепші факторлардың бірі. Ономастика салаларының бірнеше түрлерінің бар. Олардың ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейінің бірдей еместігін байқауға болады. Сондықтан қазақ тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі – қазақ ономастикасын және оның жаңа бағыттарын кешенді түрде зерттеу болып табылады. Негізінде, бұл бағыттардың белгілі бір мақсаты, міндеті мен жол-жөні, әдістері бар. Нақтырақ айтсам қазіргі ономастика кешенді ғылым болып табылады: ол әртүрлі филологиялық, гуманитарлық, жаратылыстану, әдебиеттану ғылымдарының әдістері мен мүдделерін қамтиды, оның дамуына филолог-лингвистер, фольклоршылар, тіл тарихын зерттеушілер, әлеуметтанушылар, философ-логиктер, тарихшылар, қоғамтанушылар, географтар, мифологтар, астрономдар, археологтар, мәдениеттанушылар, т.б. қатысады. Дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне қатысты. Көпшілік мұны тек ономастика жеке ғылым статусын алғаннан кейін ғана XX ғасырдан бастап қана мойындады. Ал оның бергі жағында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ономастика ғылымы қайта жаңғырды. Ономастикаға ат қоярда 3 факторға негізделеді.

1. Физико-географиялық фактор: БҚО, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылы атауының шығу тарихы. Бума деген көлдің атауына қойылған. Базарқұдық ауылы. Халық көшіп-қонып жүргенде суы көп судың базары болған. Сол себепті Базарқұдық деп аталып кеткен. БҚО, Теректі ауданы Шалқар ауылындағы Сасай тауы атауының шығу тарихы. БҚО, Жаңақала ауданы Қосшыңырау елді-мекеніның атауы екі терең суды мол беретін құдық болған соның құрметіне ауыл ақсақалдары осындай атаумен атап кеткен. БҚО, Шыңғырлау ауданы Қотантал ауылы.  Қотан сөзі тығыз деген мағынаны білдіреді. Сақ дәуірінде талдар бір-біріне тығыз өскен. Сол уақыттан бастап Қотантал деген атау қалған. БҚО, Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылы- ауылдағы сегіз сайдың құрметіне қойылған. Шоқайтерек тауында Шоқай деген батыр сол жерде жараланған. Батырдың тұлпары 6-ай бойы батырға су тасыған. Сол себепті Шоқайтерек батырдың құрметіне аталып кеткен. Жыланды тауы – жыланға ұқсас ирелендеген биік тауларға қойылған. 

2. Тарихи фактор: БҚО, Теректі ауданы Қызылжар ауылындағы Хан мейіті. Ерте уақытта сол жердегі ашық алаңда шайқас болған. Сол кезде көптеген жауынгерлер жерленген. Арнайы археологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Жантөре ханның сүйегі жерленгені мәлім болды. 

3. Этнографиялық фактор: БҚО, Жаңақала ауданы Өгізқұдық пен Түйеқұдық елді-мекені  – ерте кезде адамдар құдықтан өгіз суарған. Сол себепті де осындай атау берілген. БҚО, Жаңақала ауданы Бозайғыр ауылы атауының шығу тарихы. Ертеде байдың боз айғыры құдыққа түсіп кетіп, өліп қалған. Соған байланысты Бозайғыр ауылы деп аталып кеткен. БҚО, Қаратөбе ауданы Аққозы – ерте кезде ауылда Аққозы деген батыр өмір сүрген. Сол кісінің құрметіне қойған. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Абаев В.И. О происхождении фонемы в славянском // Проблемы индоевропейского языкознания.  М., 1964, С. 115-120.

2. Әбдірахманов Ә. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы: ғылым, 1959.

3. Әбдірахманов Ә. Қазақстан этнотопонимикасы. Алматы: ғылым, 1979, 126 б.

4. Әбдірахманов Ә. Ә. Топонимика және этимология. Алматы: ғылым, 1975, 207 б.

5⁡.... Әбдірахманов Ә. Кейбір топонимдердің этимологиясы жайында // Қазақ ономастикасының мәселелері. Алматы: ғылым, 1986, 16-30-б.

6. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы. 1996 ж.

7. Батырлар жыры.инақ) 1996ж.

8. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1979, 176 б.

9.ес ғасыр жырлайды" 1990-2000 ж.

10. Джанузаков Т.Очерк казакхской ономастики. Алма-Ата: Наука, 1982, 176 с.

11. Дульзон А.П. Вопросы этимологического анализа русских топонимов субстратного происхождения. 1959, ВЯ. С.37-45.

12. Ержанова Ұ.атыс Қазақстан облысы жер – су атауларының сөздігі" 2001ж.

13. Ержанова Ұ. Ақжайық өңірінің топонимиясы" 1998 ж."

14.  Джанузаков Т. Основные проблемы ономастики казахского языка:Автореф. Дисс. Доктора филол. Наук. Алма-Ата, 1976.

15. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966, 360 с.

16. История Каз ССР. Т. 3., Алма-Ата, 544 с.

17. История Каз ССР. Т. 2., Алма-Ата, 1979, 423 с.

18. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы: ғылым, 1995, 178 б.

19. Конкашбаев Г.К. Казахские народные географические термины// Известия АН Каз ССР. 99. Серия географическая, вып. 3., Алма-Ата, 1951, С. 3-47.

20. Конкашбаев Г.К. По повому названия Урал. // Вопросы топономастики. Свердловск, 1971, 5., с. 73-75.

21. Киекбаев Д. Вопросы башкирской топонимики. 1956.

22. Конкашбаев Г.К. Словарь казахских географических названий. Алма-Ата, 1963, 186 с.

23. Керімбаев Е.Атаулар сыры. Алматы: Қазақстан, 1984, 119 б.

24. Кожанов М.Топономия Гурьевской области(историко-лингвистический анализ). Автореферат дисс. …канд.филол.наук.Гурьев,1989,24 с.

25. Койчубаев Е. Краткий толковый словарь топонимов Казахстана. Алма-Ата, 1974., 268 с.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?