Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

104 жыл бұрын Орынборда «Багбустан ханым» атты әйелдер медресесі ашылды.

68 жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы дүниеге келді.

- = -

«Невада-Семей» антиядролыққозғалысы қалыптасты

25936
«Невада-Семей» антиядролыққозғалысы қалыптасты - e-history.kz
1989 жылғы 28 ақпан күні 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғаларынан кейін басылып қалған Қазақстан тарихына баса-көктеп кірген күн. Қазақстан жазушылар одағы ғимаратының алдында болған митингте ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ «Невада-Семей» антиядролыққозғалыстың қалыптасуы туралы жария етті. Бірнеше күн өткен соң, ол республикалық радио бойынша қазақстандықтарға үндеумен шығып, оның сөзі символдық түрде басталды: «Бауырлар мен сіңлілер!». Осы сөзден кейін есімізге әскери хрониканың топтамасы түсті – 1941 жыл соғыстың басталуы және елді дұшпанға қарсы күресуге көтерген, Сталиннің сөйлеген сөзі. Олжас Сүлейменов те өз халқын адам құқығын қорғау жолындағы күреске шақырды. «Қарыспай ақыр заманды күтуге біздің құқығымыз жоқ! Біз бүкіл әлемде бейбітшілік үшін күресуге әдеттеніп кеттік. Бейбітшілік үшін әрқайсысымыз өз жерімізде күресу керек екендігін енді түсіндік. Сол себептен, «Невада» қоғамдық қозғалысын құрдық». Осы қозғалыстың белсенді қатысушыларының бірі Қанат ҚАБДРАХМАНОВ айтқандай: «Қозғалыс жұмысының алғашқы айлары есіме революциялық толқу ретінде келеді. Қозғалыс штабында телефонға маза жоқ, бұрышта жазатын машина тоқтаусыз тақылдап жатты, онда үндеулер басылып жатқан, үстел басында келіссөздер мен дискуссиялар. Жүздеген адамдар біздің қозғалысымызға қолдау көрсеткенін растап, азаматтардың қолы бар парақтар әкеліп жатты. Алматының оқу орындарында көп адам қатысқан антиядролық митингтер өтті. Осындай жиналыстар қала кәсіпорындарында да орын алған, жиналыс барысы қозғалысқа қаражат жинаумен үйлескен. Тілшілер қозғалыс қорына өздерінің қаламақыларын аударған. Бұл бұрын соңды білінбеген халық энтузиазмының көрінісі, романтикалық уақыт, өз күшіне деген үмітпен сенім уақыты еді». «Невада-Семей» антиядролыққозғалысын құрушы мен рух беруші, ірі қоғам қайраткері, ақын және жазушы Олжас Сүлейменов көптеген жыл бойы шетелде тұрады – Италиядағы Қазақстан елшісі, содан соң Грекия мен Мальтада елші, ал 2001 жылғы қазан айынан бастап, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып қызмет атқарады.