Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бапановтардың «Аспан» атты көрмесі өтеді

1867
Бапановтардың «Аспан» атты көрмесі өтеді - e-history.kz
Бапановтар әулетінің «Аспан» атты көрмесінің ерекшелігі ойнақы ашық түсте, көркем орындалған кескіндемелер адам бойына шаттық сыйлап, күш-қуат берсе, шытырмандығы адамды терең ой иірімдеріне жетелейді

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 2016 жылы 16 наурызда сағат 16.00 де суретші Бапановтардың «Аспан» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Бүгінгі күнгі «Аспан» атты көрмеде суретшілер өздерінің жаңа өнер туындыларымен, заманауи шығармашылық ізденістерімен ерекшеленеді. Бапановтар әулетінің «Аспан» атты көрмесінің ерекшелігі ойнақы ашық түсте, көркем орындалған кескіндемелер адам бойына шаттық сыйлап, күш-қуат берсе, шытырмандығы адамды терең ой иірімдеріне жетелейді. Адамның ішкі рухынан туындаған өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сол халықпен мәңгі жасайды. Бапановтар жанұясы да осы өнерді сабақтастырушы әрі оны дәріптеуші. 

Қазақ өнерінің өркендеп дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып келе жатқан Әлібай және Сәуле Бапановтар туған жердің топырағынан нәр алып, ана сүтімен дарыған киелі өнер арқылы қазақ болмысын әлемге паш етіп келеді. Ал олардың ұлы Ағын бүгінгі күні әкесі мен анасының өнердегі ізін басып, оған жаңаша заманауи серпін берген жас өрен, бүгінде өнердің дамуына өзінше үлес қосуда. Әлібай Бапановтың шығармалары қазақтың ұлттық ертегісіндей, адамның ой-өрісін қиял қанатына мінгізіп, әлемді шарлататындай терең мазмұндылығында. 

b12c5be647294ea276e4da8088756995.jpg

Ертегі де мифке ұқсас, оның шыққан кезеңі мен пайда болған уақыты белгісіз болғанымен, онда ұлттық нақыш басым. Шығармада өмір мен адам тіршілігі қатар дамығанымен, онда өмір қайталанбайды, дегенмен бейнелер өмірден алынады. Жалпы Әлібай Бапановтың кескіндемелері мен гобелендерінің шығармашылық идеясы, көркемдік тілі дәстүрлі және заманауи өнердің синтезінде құрылған. Өнердің қайнар көзі ұлттық өзектен нәр алады. Сәуле Бапанова ғаламдағы бүкіл дүниені көркем қиялы арқылы біртұтас етіп асқан шеберлікпен құрастыра білген. Суретшінің жүнді ерекше технологияда және түрлі материалдармен кіріктіріп басылған құрақтары ерекше. 

 Ә. Бапанов 1973 жылы Мәскеудегі В.И. Суриков атындағы Мемлекеттік көркемсурет институтының монументалдық кескіндеме факультетін Ресейдің Халық суретшісі, сол кездегі Третьяков галереясының бас директоры Ю.К. Королевтің жеке шығармашылық шеберханасында оқып бітірді. Әлібай Бапанов 1981 жылы Алматының көркемсурет училищесінде оқытушы және «Өнер» бейнелеу өнері комбинатында монументалдық кескіндемеші ретінде шығармашылық еңбек жолын бастады. Ә. Бапанов 1987 жылдан Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында аға оқытушы, доцент, профессор, жеке шығармашылық шеберханасының жетекшісі ретінде студенттерге дәріс береді. 

Ә. Бапанов пен С. Бапанова екеуі бірігіп 40 шақты жеке шығармашылық көрме ұйымдастырды, оның 15-і алыс шет елдерде болды. Ә. Бапанов 1988-2000 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлтық Өнер академиясында монументалдық кескіндеме кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Осы жылдары Ә. Бапанов мамандыққа байланысты бакалавриаттық және магистратуралық оқу жүйелеріне негізгі бағдарламаларды жазып құрастырды, олар: монументалдық кескіндеме, арнайы сурет, композиция пәндері. 

1502f29154a606211466b4ea3a67cbaa.jpg

Ә.Қ. Бапанов 1981 жылдан ҚР СО мүшесі. 2007 жылы «Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясы» ҚҚ академигі, 2012 жылдан Халықаралық Американ гобелен альянсының мүшесі. 

Ә.Қ. Бапанов ұзақ жылдар бойы Қазақстан Суретшілер одағының Басқарма және алқа мүшесі болды. КСРО Суретшілерінің VIII съезіне делегат болып қатысты. 2003 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2008 жылы Тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2013 жылы «Үздік шығармашылығы үшін» мерекелік медальдарымен марапатталды. 

Сәуле Бапанова ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры. 

Ағын Бапанов 1999 жылы Республикалық көркемсурет колледжі, кескіндеме және мүсін бөлімін тәмамдады. 2006 – КИМЭП, маркетинг менеджері, іскерлікпен басқару магистрі; 2003 — КазГАУ (бұр. ХШИ), қаржы менеджменті, бакалавр. 

Көрменің жетекшісі – Гүлайым Жұмабекова

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?