Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлан» - қазақстандық армияның беткеұстар әскері

2173
«Ұлан» - қазақстандық армияның беткеұстар әскері - e-history.kz
Ұлттық гвардия ҚР Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей бағынады.

1992 жылы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ішкі әскер базасында ел Президентінің, қорғалатын тұлғалардың, аса маңызды нысандар мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қауіпсіздігін жоғары-деңгейде қамтамасыз ететін элиталық әскери бөлім құру жөнінде тапсырмасына сәйкес, 16 наурыз күні Қазақстанның «Ұлан» республикалық гвардиясы құрылды. Ол Президенттің Жарлығымен жоғары элиталық әскери бөлім ретінде танылды. 

«Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ» демекші, гвардия өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерді бастан кешірді. Тоқсаныншы жылдың тоқырау заманында бас көтерген «Ұланға» алғашында түрлі ресурстар, қару-жарақ және техниканың жетіспегені гвардияның құрылу тарихында айтылған. Сонымен қатар, әскери мамандарды кәсіби даярлау қажет болды. Ал гвардия сөзінің төркініне келер болсақ,  гвардия термині ХІІ ғасырда Италияда пайда болып, ол мемлекеттік туды күзетуге арналған іріктелген жасақ деген мағынаға ие болған. Кейіннен бұл айрықша әскер ХV ғасырда Францияда, ХVІІ ғасырда Англия, Швеция, Пруссияда, ХІХғасырда Түркия мен Жапонияда құрылған. Ресейде гвардиялық полктер І Петрдің бастамасымен ХVІІ  ғасырдың 80 жылдары пайда бола бастады.

Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Есім, Қасым, Тәуке хандар қазіргі ұланға ұқсас әскер ұстаған деген дерек бар. Әскерге ханға берілген ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Олардың негізгі міндеті ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келгенде жарғылық рәсімдерді атқару еді. Сол батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының батыр болмасқа хақы жоқ. Жаңа заман сарбаздары – Республикалық ұлан да баба тарихтың көне дәстүрлерін сақтай отырып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Ұландықтардың әскери антқа адалдығы, Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына мүлтіксіз қызмет етуі, батылдығы, кәсіби шеберлігі, салауатты өмір салты мен дене күшін жетілдіру қажеттілігі өзгелерден ажыратып тұрар айрықша қасиеттер болып отыр.

8fac3c6ce5a07e36ae54c4fbaf89622a.jpg

Бүгінде «Ұлан» ұлттық гвардиясы элиталық әскери объектіге айналды. Гвардия заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтылған, арнайы тапсырманы орындайтын жекелеген әскери бөлім болып табылады. Ауа-райының қолайсыздығы немесе басқа да жағдайлар әскери бөлімнің үздіксіз қызметіне еш бөгет емес. Олар ел Президентінің, өзге қорғалатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды бұлжытпай орындайды. Ресми шараларға қатысып, мемлекеттік маңызды нысандарды қорғап және өзге бірқатар міндеттерді абыроймен орындайды. Және гвардия тек ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа бағынады. 

Өзге қарулы күштердің басқа бөлімшелерімен салыстырғанда гвардияда қызмет еткісі келетін үміткерлерге қатаң талап қойылады. Гвардияда мерзімдік қызметтегі солдаттармен қатар, офицерлер, сондай-ақ келісім-шарт негізінде әскери қызметшілер де қызмет ете алады. 

Талаптар келесідей сипат алады: жоғары білімі, жақсы физикалық дайындығы, спортта жетістігі, сондай-ақ орнықты психологиялық қасиеттері болуы тиіс. Осы себептен де элиталық бөлімде әскери құрамның санына емес, сапасына көбірек мән береді. Өйткені, гвардияға жүктелген міндет өзге әскери құрылымдарға қарағанда маңыздылығы жағынан біршама жоғары тұрады. Сондай-ақ, құрылымның өз әскери оркестрі бар. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?