Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Оңтүстік өңірі Қазақ хандығы тұсында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

1961
«Оңтүстік өңірі Қазақ хандығы тұсында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
2015 жылдың 19-шы наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Оңтүстік өңірі Қазақ хандығы тұсында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2015 жылдың 19-шы наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы және ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы қорынан жасақталған «Отырар Қазақ хандығы тұсында» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты және «Оңтүстік өңірі Қазақ хандығы тұсында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты Қазақ хандығының 550 жылдығын дәріптеу, сонымен қатар, Оңтүстік өңірінің тарихын, оның ішінде Қазақ хандығы тұсындағы қалалар мәдениетін және архелогиялық жәдігерлерін кең түрде насихаттау. 

Оңтүстік өңірі тарихи-мәдени ескеткіштер тығыз орналасқан, қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс далаларында егін мен мал шаруашылығы қатар өркендеген ірі орталықтар орналасқан аймақ ретінде танымал. Оның ішінде Отырар қала жұрты V-VIII ғасырларда Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы болса, IX-XII ғасырларда аймақтың бас қаласы, XIII-XV ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал XVI-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығы болды. 

Облыстық мұражайдың көрме залында жасақталған «Отырар Қазақ хандығы тұсында» атты көрмеде Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы және облыстық мұражай қорында сақтаулы Отырартөбе, Қоңыртөбе, Құйрықтөбе, Көкмардан қалашықтарында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған артефактілер және ел арасынан жинақталған, өткен тарихымыздың бүгінге жеткен заттай дәйектемелерінен тұратын жәдігерлер көрсетілді. 

Мұражайдың мәжіліс залында «Оңтүстік өңірі Қазақ хандығы тұсында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар Б.Айтай (ОҚПИ-ның оқытушысы, т.ғ.к.), Ө.Алиев (М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі), М.Қожа (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры), А.Қабыл (М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы), Н. Алдабергенов (белгілі археолог, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының кеңесшісі) және С.Пәрменқұл, Н.Сералы, Ә.Сералиев (Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының бөлім меңгерушілері) қатысып, тақырып аясында қызу пікірлер мен тарихи ақпараттар талқыланды. 

Іс-шараға Шымкент қаласындағы колледж және ЖОО-ның оқытушылары, студенттері мен қалалық мектеп мұғалімдері, оқушылары қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?