Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық музыка - ұлы мұра

2418
Ұлттық музыка - ұлы мұра - e-history.kz
«Отырар сазы» оркестрі - әлемдік музыка өнеріндегі ерекше құбылыс, ол өнер мен халықты жалғастырып жатқан алтын көпір.

«Отырар сазы» оркестрінің құрылу тарихы 1979 жылдан бастау алады. Ол алдымен «Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның» жанынан құрылған ансамбль ретінде таныла бастады. Алғашында музыкалық ұжым бар болғаны 8 адамнан: «Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның" ұлт аспаптарында ойнайтын студенттер мен оқытушылардан құралды. Оның жетекшісі музыка мәдениетін зерттеуші әрі сыбызғышы Болат Сарыбаев еді. Ізденімпаз Болат Сарыбаев ежелгі Отырар қаласынан саз-сырнай аспабын алғызады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болсын деген мақсатпен ансамбльдің атын көне музыкалық аспаптың атымен «Отырар сазы» деп атайды. Бұл сазсырнай бүгінде әлі бар деседі. 

«Отырар сазы» оркестр ретінде 1982 жылы қазан айында қайта құрылып, сол жылы қыркүйек айында дирижерлыққа әйгілі Нұрғиса Тілендиев келеді. «Халық қаһарманы», «Халық әртісі», «Мемлекеттік сыйлықтың иегері», профессор, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиев оркестрді бүкіл әлемге әйгілі етеді.

Солтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік музыкалық өнер фестивалінде (1994) «Отырар сазы» 1-орынды иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 жылы қарашаның 5-ші жұлдызында оркестрге Нұрғиса Тілендиевтің есімі, ал 2000 жылы Академиялық атақ берілді.

 

a360feb0b7399632a3d6c3d4518c6f6b.jpg

«Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі

Оркестрдің құрамында 60 өнер шебері қызмет етеді. Олар домбыра, қобыз, жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, т.б. саз аспаптарында ойнайды. Оркестрдің репертуары фольклорлық туындылар, аңыз, шежіре, күйлер, ұлттық нақышта жазылған Қазақстан композиторларының шығармаларына негізделген. Сондай-ақ, оркестрдің әндері кинофильмдер музыкасымен, солистер орындайтын аспаптық шығармалармен толықтырылған. Атап айтқанда, халық күйлері — «Кеңес», «Сары өзен», «Сал күрең», халық композиторларының шығармалары «Қосбасар», «Саржайлау», Тәттімбеттің «Сылқылдағы», «Ерденнің күйі», Ықыластың «Қамбар батыры», М. Төлебаевтың «Еске алуы», Н. Тілендиевтің «Ата толғау», «Қош керуені», К. Күмісбековтың «Қорқыт күйі», «Фараби сазы» және т. б. бар. 

501d24dd72b41a41a0cbc106a990e0ba.jpg

Нұрғиса Тілендиевтың қызы Дінзухра Тілендиева


Бүгінде «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің дирижерлері Дінзухра Тілендиева мен Муслим Амзе болып табылады. Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева 2009 жылдан бері ұжымға жетекшілік етіп, ұлы композитордың шығармаларын бүкіл әлемге паш етіп, әке ісін абыроймен жалғастыруда.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?