Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Александр Викторович Затаевич – қазақ ұлттық музыкасының майталманы

4080
Александр Викторович Затаевич – қазақ ұлттық музыкасының майталманы - e-history.kz
Қазақстанның әрбір мәдениетті азаматына қазақ ұлттық музыкасының майталманы Александр Викторович Затаевичтің есімі белгілі.

Александр Викторович Затаевич халқымыздың бай, ерекшелігі бар музыкалық мәдениетін ынтасы мен сүйіспеншілігі арқылы сақтады. Ол қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың тарихына көңіл бөлген Затаевич өз өміріндегі ең басты кәсіпті тауып алып, көпшілікке танымал болып кеткен. 

Ол қазақ халқының әндерін жинай бастап, өз жұмысынды бар ынтасымен орындап жүрді. 1920-1923 жылдары Орынбор қаласында жүргенде, 1500-ге жуық күй мен әнді жинады. Қазақ халқы әндерінің бірінші жинағының алғысөзінде былай деп жазды: «Мен ниет білдіргендердің өз орындауларындағы және әдейі немесе кездейсоқ табылған музыкалды дүниелерді жазып жүрдім». 

Затаевич 1920 жылы Орынбор қаласында белгілі әнші Иса Байзақовты кездестірді. Иса Байзақовтың әншілік, музыкалық және ақындық дарындылығы оны таңқалдырды. Иса Байзақовтан ол қызықты әндер мен халық әуендерін жазып алды, Байзақовтың дарындылығын былай деп сипаттаған: «Иса Байзақов, жас, тапқырлығы мен темпераментіне толы ақын әрі жаман емес әнші, ол әндерді үлкен пластикасы мен мәнерлілігімен орындап жүр. Сахналық тұрғыдан алып қарастырғанда, өте дарынды тұлға, туа біткен актер еді, дикциясы таза, дене қимылдары мен мимикасы айқын. Берілген тақырыпқа немесе тақырыпсыз-ақ... өлеңді тез суырып салып айтады, менің көзімше оның суырып салма өнері ауқымды аудиторияны таңқалдырып, әділ бағаны бере алатындардың шаттығына-да себепші болды». 

Затаевич Иса Байзақовтан «Бике», «Маныш-Қонша», «Жар-жар», «Танысу» әндерін жазып алды. Олардың барлығы 1925 жылы шыққан жинақтың құрамына енді. Жинақ Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚазОАК) және Халық Ағарту Комиссариатының тараптарынан сыйлық алды. Кейін, 1935 жылы, Затаевич Иса Байзақовтан «Ғаққу», «Алтай», «Қалқа» және басқа әндерді жазып алды. «Ғаққу» әні ешқандай өзгерістерге ұшырамай, «Қыз Жібек» операсының құрамына енді. Опера Қазақстанда және бүкіл Кеңес Одағында белгілі болды. 

1926 жылы Затаевич Семей губерниясын аралап жүріп, Семейге, Павлодарға, Қарқаралыға барып қайтты. Қарқаралы өңірінде қазақ әндерін жинайтын Александр Викторович Қали Байжановпен кездесті. Қали Байжанов — Баянауыл ауданынан шыққан ақын. Ол кәсіби әнші, халық ақындарының дәстүрлерін жалғастырушы болып саналады.Затаевич  одан «Ырғақты» және басқа өлеңдерді жазып алды. Қали дауысы грампластинкалар мен магнитафон пленкасына жазылған, осы дүниелер Қазақстан Ұлттық Академиясында сақталуда. 

f543f3950fa85bdf5a78310bbfd0ad01.jpg

Затаевич Павлодарға 1926 жылдың тамызында барып қайтты. Ол алты апта бойы жұмыс істеп, 340 әнді қағазға түсірген. Мұнда ол әнші Майра Шамсутдиновамен кездеседі... Майраның әндерінен 14 өлеңді жазып алды: «Қаракөз», «Увайра», «Бақша» және басқалар. 

Көптеген қазақ халқының әндерін жазып алып, Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» деп аталатын үлкен жинағын дайындады. Ол жинақ 1925 жылы жарық көрді. Мұнда 280 орындаушының есімі бар. Оның жинағы жарық көрер алдында былай деп айтқан: «Қымбатты жігіттер-достарым, осы еңбекті Сіздерге арналып отырмын, оны Сіздермен бірге аштық, суықтық және эпидемияның кезінде жаздық». 

1936 жылы Александр Затаевич осы дүниеден өтті. Қазақ әндерін жинаған адамның есімі қазақ халқының есінде мәңгі қалары сөзсіз... 

0bf474825ba4561ea3ddd729a57260ae.jpg

1954 жылы Александр Затаевичтің  Мәскеудегі қабірінде ақынды тыңдайтын музыкант-этнографтың бейнесі бар ескерткіш орнатылған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?