Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абайдың 170 жылдығына арналған бес томдық жинақ жарық көрді

1726
 Абайдың 170 жылдығына арналған бес томдық жинақ жарық көрді - e-history.kz
Өскеменде Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясында белгілі абайтанушы, профессор Бауыржан Ердембековтың бес томдық жинағының тұсаукесері өтті.

Бес томдық жинақ «Абайдың әдеби ортасы», «Әріп, ақын», «Алаштың ақиығы — Әріп қыран», «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...», «Шығармалары» кітаптарынан тұрады. Бауыржан Ердембеков ғылыми баяндамалар мен ғылыми-танымдық мақалалар, сонымен қатар, екі монография, бір оқулық, алты оқу құралы, екі оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы. Соның ішінде 10 жыл зерттелініп, 2008 жылы басылып шыққан «Абайдың әдеби ортасы» монографиясының араб қарпіндегі нұсқасы бар. Қазақтың ақын-жазушылары мен ғалымдарының еңбектеріне сұранысы жоғары Қытай, Түркия, Моңғолияда тұратын қазақтардың өтініші бойынша 2014 жылдың қыркүйек айында Пекин қаласындағы Орталық Ұлттық университетте аталмыш монографияның тұсаукесері өткен. 

2016 жылы Абай шәкірттерінің біріне — Әріп Тәңірбергеновке (дарынды ақын, ағартушы) 160 жыл толады. Бауыржан Ердембеков Абайдың ізін басқан Әріп Тәңірбергеновке төрт кітапты арнады: «Әріп, ақын», «Алаштың ақиығы — Әріп қыран», «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...», «Шығармалары». Ғалым Әріп Тәңірергеновтың әдеби шығармашылығын зерттеді. 

— Осы тақырыпты 2000 жылдан бері зерттеп келемін. Менің жұмысым пайдалы болады деп үміттенемін, және Қазақстандағы, Түркия мен Қытайдағы өз оқырмандарына жол тартады, — деді Б. Ербембеков.

Белгілі ағылшын композиторы К. Дженкинстің «Абай-Шәкәрім» ораториясы орындалатын концерттік кеш, Бүкіләлемдік поэзия күніне орай «Абай поэзиясы: әлем тілдерінде» фестивалі, театр фестивальдері, Абайдың қара сөздері бойынша моноспектакль қойылымдары, Абай шығармалары бойынша түрлі концерттік бағдарламалар өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Абайдың рухани орталығы» және сирек кітаптар мұражайы, ойшыл ақынның туындылары бойынша суретшілер иллюстрацияларының көрмесі, «Ғасырлармен үндескен асыл қазына», «Семей — еліміздің рухани-мәдени астанасы» ретро-фестивалі, абайтанушылардың онлайн-дәрістері, ақындар айтысы, жастар арасындағы байқаулар, кітап көрмелері тұсауын кеседі. Жазда «Абай күндері» атты ақынның шығармашылық ғұмыры және өмірімен байланысы бар жерлермен өтетін туристік маршрут басталады. Сонымен бірге, Өскемен мен Семейде «Біздің Абай» электронды кітапханасы ашылады. Семейдегі Абай атындағы кітапхананың сайтында «Абай оқыған кітаптар» атауымен сирек кітаптар қорының виртуальды көрмесі ұйымдастырылады.

Соңғы мерейтойлық шаралар «Жидебай-Бөрілі» музей кешенінде өтеді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?