Қанша жерден «қазақ-қырғыз бір бауыр ел» дегінімізбен, ол бауырымызбен қарым-қатынасымыздың өзіндік тарихы бар. Қырғыз тәуелсіз және көрші мемлекет болғандықтан, біз әсіресе сыртқы саясатқа жауап беретін азаматтар, ол тарихты жақсы білуіміз керек.
Мен қырғыз тайпаларының Шығыс Түрік қағанаты кезіндегі жағадайына бармай-ақ қояйын. Осыдан кейін іле-шала олардың тарихи аренаға өз бетімен шыққан ІХ ғасырдың ортасын В. Бартольд «киргизское великодержавие» деп атады. 820-840 жылдары қырғыз тайпалары Үшінші Түрік қағанатын шауып, Қарабалғасын атты астана қаласын тас-талқан қылғаны бар. Бұл түбі оғыз текті қарлық, ұйғыр, басими қауымдары құрған, Орталық Азияға білім нұрын көп таратқан өркениет еді, бірақ қырғыздар Орталық Азияға үлгі шашқан үлкен өркениет ошағын құртқанымен, оның орнына қайтадан мемлекет тұрғыза алмады. Бұл жаугершілік Орталық Азияда «қырғыз қырғыны» деген атпен есте қалды. Саха халқы «кыргыс уйэтэ» атайды (век бойни, резни). «Манас» жырының алғашқы нұсқалары осы кезеңнің жемісі. Қазақ арасындағы «ескі қырғыздар» сол кезеңнен қалған естелік.
«Қыргыс уйэтэ» кезеңінде қырғыздың өзі шілдің боғындай шашырап, бір шеті ежелгі үйсін қонысы Алатауға енді, бір шеті Арал бойына естек арасына барды, бір шеті Сібірде қалды. Сібірде қалғаны Ресеймен қарсыласып, кейін Жоңғария құрамына кіргені белгілі. Сібірде қалғандары қырғызға ертеден көрші болған, өзгелер «қыштым» деп атайтын, отырықшы хакас қауымдары ғана.
Алатауға келген қырғыз қашанда Қазақ Хандығының құрамында болды. Мен оқырманға сенімді болу үшін негізінен қырғыз деректеріне сүйенейін. Қырғыздың атақты тарихшысы Белек Солтоноев «Қызыл қырғыз тарихы» атты кітабында әуел бастан қазақтың қырғызға қалқан болғаны айтылады: «Тарых боюнча 1510-жылы Касымхандын кыргызды каратпаса да калканч болгону көрүнөт. 1526-жылы анын Тайыр деген баласына кыргыздын карап турганын көрдүк» (Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарихы. – Бишкек, 2003. – 132-б.). Хақназар тұсында қазақтың әкімшілік-территориялық басқару жүйесі құрылған уақытта қырғыздың біздің ішімізде жүргені осы кітаптан белгілі: «Тарыхка караганда XVI кылымдын аягында казактан Акназар деген кан чыгып, бир мамлекеттин сайасы жана жеринин ыңгайына карата кичи жүз, орто жүз, улуу жүз деп үч бөлгөн. Жүз термини арап сөзүндө болук деген сөз болуп, жүзи сөз жүз дегенге айланып кеткен. Демек улуу жүз — улуу жүз, орто жүз-орто жүз, кичи жүз-кичи жүз делип кетти. Ал заман да кыргыз (улуу жүз) улуу жүзгө кирген» ( Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарихы. – Бишкек, 2003. – 131-б.).
Қырғыздың Көкем сияқты көсемдерін осыдан кейін біз Еңсегей бойлы Есім хан жанынан көреміз. Ш. Уәлиханов қазақтың ескі аңыздарына сүйене отырып қазақ-қырғыздың арасы сол уақытта аса жақын болғанын жазады: «С киргизами отношения в те времена были более дружны и миролюбивы. Ишим хан имел в своем распоряжении родоначальника бия Кукема, при помощи которого ему удалось низвергнуть Турсуна катаганского и чанчклинского. В память союза киргизов и казаков Ишим построил в Ташкенте башню, которая существуют до сих пор и называется «Көкемнің көк күмбезі». Есім ханның аты қырғыздың Қатаған руы аталатын руының шығу тегіне қатысты да аталады. Бұл аңыздар арқылы біз Есім және Тұрсын арасындағы соғыстардың бір жай жапсарына қанығамыз: «Түгелдүн малы эсеби жоқ көп болгон үчүн Түгөл көп малын айдап, көчүп, Сусамырды жайлатын, андан ары Олуя-Ата-Таласқа көчүп түштү. Олуя-Атанын қаны Эр Эшимкандын элине арашалшып, көшулуп конот». Есим хан мен қырғыздың байы Түгел осылайша танысса керек. Қалмаққа жорыққа дайындықтың кезінде Түгел бай Есім ханға Сарыпкула (Шапкула, Шарыпкула) атты белгілі жүйрікті сыйлайды: «Шапкуланын сөөгү туюк болду деп минип алып, өзүнүн элинен миң киши қол алып, жана катаган кан Турсун дегенден миң киши қол алып, элин кан Турсынга тапшырып, эки мын қол менен жөнөп кетет. Қалмаққа барып, мөрөйү үстүп болүп, олжо аттын кара капталынан болүп, үч жылы токтолүп, қалмакты сурап калат».
Қалмақ жорығынан елге оралған Есім хан өзінің тас талқан болған ордасын көреді: «Олуя-Атаға барса кеткен карга жок, жан адам таппай, аң-таң болыпты…Эшимкан калмакка қол аттанып, үш жылга кечигип калганда, катаган кан Турсын Эшимкандын елин чаап алып, Олуя-Атадан суруп, кол башы тесейнне жана ар кайсы жактарга, Анжиян, Ташкенге жана казакка тентриретип жиберипти».
Осылайша Есім мен Тұрсын арасындағы соғыс басталады және ол қатаған елінің түгел қырғын табуымен, Тұрсын ханның өлімімен аяқталады. Есім Тәшкенді алды, Тұрсын ханды өлтірді деген хабарды естіген Түгел бай өзінің ұлы Маңғытты сауға сұра деп Есімге жібереді. Хан болса Түгелдің қалмаққа жорық кезінде Сарыпқұла атты бергеніне, қатағанмен соғыста қолдағаны үшін риза болып Тұрсын ханның қыздарының бірін сыйға тартты-мыс: «Эми ошол кан Турсундүн кызынан туулган Мангыттың балдары…Сүйоркул батыр, Казыгул, Эсиркемиш, дегендерди тууган. Ошон үчүн, энелери Катаган кызы болгондуктан бул үчеенүн уругы Катаган деп аталып калды» (Қырғыздар: санжыра, тарых,мурас,салт. Т. 2. – Бишкек,1993. – 59-б. )
Салқам Жәңгір ханның да сыртқы саясаты Шығыс Түркістан аймағымен тығыз байланысты болғанын аңғарамыз. Бұл біржағынан біртіндеп күш жинап келе жатқан Ойрат одағынан төнген қауіпке де байланысты болуы мүмкін. Салқам Жәңгірдің аты да көбінесе қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына байланысты аталатыны да осы себепті, оның өлімі де 1652 жылы қырғыз еліне бағытталған қалмақ шабуылын тойтару кезінде болды. Бұл оқиға қалмақтың ауызша дәстүрінде нақты дәлелдермен баяндалады: «Зимою года усун лу (1652 г.) Цецен хан возратился в свои кочевья из похода на бурутов; в этом походе 17-летний Галдама лично заколол Янгир-Хана, повелевавшего бурутами и киргиз-кайсаками и питавшего непримиримую вражду к зюнгарскому Ердени Батур-Хон-тайчжию и его союзнику и зятю хошоутовскому Цецен-Хану» (Калмыцкие историко-литературные памятники в русском переводе. – Элиста, 1969. – с.45.).
Әз Тәуке хан тұсында қырғыздың қазаққа қарап тұрғаны барлық деректерде айтылады. М. Тынышбаевтың Әз Тәуке заманына байланысты жинақтаған тарихи деректері «Жеті Жарғы» кеңесінің қызметін түсінуге бастайтын жол: «Тәуке ханның басты еңбегі: ол қазаққа қоғамдық өмірдің нақты тәртібін жасап берді. А.И. Левшин Ликург және Драконмен салыстыратын ақылды және жігерлі Тәуке өзінің әкімшілік және заң шығару қызметімен танымал. Оның тұсында әлсіз, езгіде жүрген рулар басы одаққа қосылды... өзінің қармағындағы елді нақты билеу үшін ол руларды басқаруға 6 биді тағайындады: 1) Ұлы жүзде – Толе Алибеков /дулат, жаныс бөлімі /: 2) Орта жүзде – Казыбек /Каз дауысты Казбек – аргын-каракесек; 3) Кіші жүзде – Айтеке /алим, торт кара, атақты Джалантос-батыра Самаркандского ағасының немересі; 4) Кыргызда – Коқым-бий Карашорин; 5) Қаракалпакта – Сасык би; 6) Қатаган, Жайма тағы басқа ұсақ рулардың биінің аты белгісіз» (Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы,1993. – 161-б.).
Бұл кезеңді қорытындыласақ, Белек Солтоноев жазғандай «1628-жылында казак ханы эңчер бойлуу эр Эшимге кыргыздын карап тургандыгы анын баласы 1717-жылында (шынында Әз Тәуке 1715 жылы өлген –Ж.А.) өлгөн Тооке ханга кыргыз Анжиан, Алайга жете калмактан качканга чейин (1684-1685) карап турган». Сонымен Белек бойынша «демек кыргыз 1510-1685-жылдарда карап турган. Буга караганда кыргыз 170-жыл чамалуу казакка карап турган деп айтууга мүмкүн болсо керек». Бұл жерде анықтай кететін мәселе: қырғыздың қазақ қарамағынан «қазақ қайың сауып, қырғыз Гиссар асқан» «Ақтабан шұбырындыда» шығып кетті. Бірақ ХVІІІ ғасырдың ортасына қарай Орталық Азиядағы дәстүрлі саяси жағдай қайта орнықты. Қырғын соғыстардың нәтижесінде Жоңғария хандығы жер бетінен жойылып кетті, қазақ өзінің жаңа көршісі Қытаймен шекараны белгіледі. Осы тұста Бадахшаннан бері құлаған қырғыз Іле мен Шу арасына таласып, қазаққа маза бермеуге айналды. Көкжал Барақ жанына ерген батырларымен 1767 жылы қырғыз қолынан қаза тауып, олардың бастарынан «кәлла мұнара» (шекараны анықтайтын) тұрғызылған. Б. Солтоноев бұл оқиға қазақ-қырғыздың қарым-қатынасын бұрынғы статусын қайтару үшін болды деп түсіндіреді: «Кыргызды букара кылып үйрөнүп калган казак кыргыздын Анжиан, Алайдан келип жерине орношкондо казакка көрсөткөн кордугуна чыдай албай ...казактан жогоруда айтылган Көкжал Барак келип, кыргыз менен согушкан». Тек осы қырғыннан соң Абылай 1770 жылы Алатауға аттанды. Белектің жазуына қарағанда Барақты өлтірген соң және бұл өлім жазасыз қалған соң қырғыздың көкірегі өскен: «Кыргыз менен казактын арасы сан Барак жеңилген соң катуу бузулуп, кыргыздын көкүрөгү өсүп, казакты баштагыдан бетер уурдап, талап, жыгып алып карактап, чоң кордук көрсөтүп, көбүнчө сайак кыргызынан: чакыр, уман, жаманак (кабалардын хан Садырдын күчөгөнчагы, ошого сүйөнүп) тынчын алганда, чыдай албастан, казактар кеңешип короолош уругунан Жоогаш баатырды Абылай ханга жиберген. Абылай ханга барып Жоогаштын айтканы:
– Алдаяр таксыр! Алатоону жердеген макоо кыргыз, көбүнчө Көкжал Барактын согушунан соң, бизди тынчытпастан кордук көрсөттү, малыбызды урлады, өзүмүздү карактады. Кыргыздын баштыктарына көбүнчө Каба Арзыматтын уулу хан Садырга киши кийирсек, анын берген жообу: Чапырашты, Жапекти өлтүрдүм. Абак-Таракты алдым. Көкжал Баракты алдым, Чолок Коргон Созокту алдым. Сор аяк Абылай хан сартыңды алууга аз калдым деген. Абылай: «Казак, кыргыз үркөрдөй болгон эл эдик, калмактан жаңыдан кутулдук. Баш-аягыбыздан орус менен кытай ажыдаардай оп тартып сорууга оозун ачып турат», деп башын чайкап жооп айтпаган. Жооп бербеген соң казактын баштыктары, бийлери жана аскер баштыктары кеңешип, хандын акунунан тамак ичип жатканда өлөң менен айттырганда, көптөн соң Абылай хан: «Көбүң болбодуң, кайыр эми, барайын, бирок абели жакшылыкча сүйлөшөлүк, кыргызга барып менин сөзүмдү айт», – деп Жоогашты кайта жумшаган. Жоогаш кыргыздын чети, солтонун баштыгы Момокан менен Жайылга келип, Абылай хандын сөзүн айтып кайта кеткен.
Ошол жылы Абылай хан Сары Аркадан аттанып келип Ташкенди кыдырып, жаныш (дуулат) казагынан Байтикти улук кылып, өзү Ташкенди кыштап калган. Кыргыздан элчи барып көпкө жатып калып, кыргыздын көпчүлүгү менен кеңешип, жооп берүүгө убадалашып кайткан. Көктөмдө Абылай Ташкенден келип, Меркенин түн багыты Короготу өзөнүндө «Түйүшкөн» деген жерге колу менен жатып калып, кыргыздын жообун алып кел деп Жоогашты жиберген. Жоогаш келип, солто кыргызы Жайыл менен Момоканга сүйлөшүп, ыгы келише албай бузулушуп кайткан». «Жәйіл қырғыны» – көп жазылған тарих, сол себепті біз М.Ж. Көпейұлының жазбасынан қысқаша ғана үзінді келтіреміз: «Сонда қырғыздың басшысы Садырбала мақтанған екен: «Қазы Мәмекті алдым, Әлібек Шолақты алдым, Көкжал Барақты алдым, Арқада Абылай деген кәрі сарты бар дейді. Ол маған не қылады?!» деп... Абылай бұл сөзді естіген соң, үш жүзге жар шақырып, алаш ұранды қазақтан жан қалдырмай «Қыл құйрық» деп аттанып... қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып қаша беріпті, қазақ көтінен қуып, Қарабалта, Соқылықтың асуына жеткізбей, көбін қырыпты...
Абылай Қарабалта, Соқылықтан асып шаппақшы болғанда, мұны естіген Садырбала елші жіберіп «біз бір тайпа елді ақ үйліге берейік» деп ант берген. Қос басына бір үй қырғыздан батырлар үлес, сыбаға алған...» (9-том, 121-122-бб.).
Осы «ақ үйлінің амананты» Кенесары заманына дейін өз күшінде келді. Ант бұзылған жағдайда аманатқа берілген адам болса да, рулы ел болса да қырып тастайды. Кенесары орыспен он жыл соғысып соңына ерген елмен қырғыз шекарасына жақындаған уақытта бұл оқиғалар мөрі бар қағаз сияқты еді. Б. Солтоноев та «Кыргыз менен элдешип турууга киши жиберели, эгерде болбосо күч менен караталы деп, 1846-жылы эрте көктөмдө Кенесары көчүп келип Жангарач, Жантай, Тыналы, Төрөгелдиге элчи жиберген» дейді. Қырғыз басшылары «чаар атка жолборстун терисин жаап, тартуу кыла» елшілік жіберген күні «бөлөкбай кыргызы төкөлдөш уругунан Илип деген барып, Кенен хандын тогуз кысыр ак чаар байталдарын уурдап келип, семизин союп, арыктарын өткөрүп жиберген». Кене ханның кісісі сұрап келгенде «мында казактын жылкычысы жок» деп, күлүшүп жооп бербеген».
Кенесары елшілікке көнбесек, жаушылыққа көнерсің деп қырғызды жазалауды бастаған соң Жантай манап «Калыгулду элчиликке жиберген». «Калыгул өз сөзүндө бул сапарда берген убадасы аныгы мындай болгон: казак, кыргыздын жоосу болсо биргелешип жоолайлы, өзүбүз эл болуп туралы, чоң кеңешибизди Кенеханга салып, анын айтканынан чыкпайлы» деген. Осыдан кейін қырғыздың бөлекбайлары Саурық батырды өлтірді де жаугершілік қайта жалғасып кетті.
Қалығұлдың қазақпен келісімі туралы әңгімені Белек Солтоноев оның өз аузынан естідім дейді: «Бул сөздүн баарын 1895-жылында Калыгулдун үйүндө олтуруп, элге айтып берип жатканда оозмо-ооз жаздым... Кенесарынын башын алып барганда алган алтын медалдары бар экен. Түштөнүп олтурган элдин өтүнүчү боюнча көрсөттү». Міне, біздің бетімізге салық қылып Кененсары қырғызды шапты деп жүрген әңгіменің түпнұсқасы.
Қай елдің болсын мемлекет ретінде өмір сүру дәстүрлері оңайлықпен қалыптаспайды. Бұл тарихи негізге және тәжірибеге сүйенген ел басқару туралы тұтас ілімдердің кешенді жиынтығы десек те болады, сонымен бірге елдің өзінің де мемлекетке деген іштей байланысы мен жауаптылығы болады. Қазақ ертеде өзінің саяси билігін Шыңғыс әулетінен тараған хандарына берді, соған байланысты хан тұқымы алдында бірталай жауаптылықты алды. Бұл тіпті қазақтың хан әулетіне сәлем беру ғұрпынан да көрініп тұрады. Өз кезегінде Шыңғыс әулетінің өкілдері де мемлекетке қызмет жасауды, қажет болса жанын қиюды өзінің басты міндеті санайды. Қырғыз мемлекеттік дәстүрі жаңа қалыптасып келе жатқан халық, мемлекет басқару тетіктері де, мемлекетаралық этика да жаңа пайда болып келеді. Біздің жоғарғы биліктің талай заман хандық дәстүрі болған себепті көрші елдермен болатын әр түрлі конфликттерді шешештін де тетіктерді жатқа білуі, не сол конфликттерді болғызбасқа тырысуы керек. Көрші, әлжуаз елмен болатын конфликттің алдын ала алмайтыны біздің билік қазақ-қырғыз тарихынан хабарсыз ба деген ойға жетелейді. Бұл постты ҚР Сыртқы істер министрлігінде отырған азаматтарға арнап жазып отырмын. Өздері тіл білмесе, біреулерге аудартып алар.