Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

XVІ ғасырдағы Қазақ хандығы

3226
XVІ ғасырдағы Қазақ хандығы - e-history.kz
ХVІ ғасырдың басы Қазақ хандығының нығаю кезеңі болды. Бұл уақытта Шибан ұрпақтары оны құлату мақсатымен бірнеше жорықтар ұйымдастырды.

1510 ж. Мұхаммед Шейбани ханның қазақтарға қарсы үлкен жорығы ұйымдастырылды. Ол басында сәтті болғанымен Шибан ұрпақтарының әскерлерін Қасым хан әскерлері талқандады. Бұл жорық Мұхаммед Шейбанидың қазақтарға қарсы соңғы жорығы болды. 1510-1520/21 жылдар Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы дәуірлеу кезеңі болып табылады. 1521 ж. Қасым хан өлгеннен кейін қазақ мемлекетінің әлсіреу кезеңі басталды, көршілестермен болған соғыстарда хандық кейбір жерлерінен мен адамдардан айрылды. 1537 ж. Санташ шайқасында қазақтар моғол-өзбек әскерлерінен үлкен жеңіліс тапты. Тек ХVІ ғ. 50-ші жылдары билікке Қасымның ұлы Хақназар ханның келуімен қазақ мемлекеттігі қайта нығая бастады. Хақназар хан мен Шығайдың аз уақыт басқаруынан кейін, Тәуекел хан Қазақ хандығын нығайтуды жалғастырды. 1589/99 жж. ол Орта Азияға Шибан ұрпақтарына қарсы жорық жасап, жетістіктерге жетті. Осындай бір шайқастарда Тәуекел хан жарақат алып, қайтыс болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?