Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ахыска» түрік этномәдени орталығының жастары бас қосты

4010
«Ахыска» түрік этномәдени орталығының жастары бас қосты - e-history.kz
Қазақстанда тұратын түрік этносының «Ахыска» этномәдени орталығы өз қызметін ойдағыдай атқарып отыр. Ел аумағының барлық өңірлерінде филиалдары толыққанды жұмыс жасауда.

3 тілде жарық көретін «Ахыска» газеті нөмір сайын жарық көріп отыр. Халықтар арасын жалғап, 

салт-дәстүрімен таныстырып, жақындастыратын этникалық басылымдарды халық жақсы қабылдайды.

Еліміздегі кез -келген ұлт өкілдері өздерінің үнжариясымен мақтана алады. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім, ұлтаралық достық және қоғамдағы азаматтық ауызбіршілік — барлық этникалық басылымдарының басты тақырыбы. Байланыс құралдарының қазіргі күндегі мүмкіндігі мен ықпалы өте зор. Елімізде тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің үнемі сақталуына атсалысып, қоғамда береке-бірліктің нығаюына үлесін қосуда.

96d7cd8dc73df5751d792bc04d7f5542.jpeg

Алматы облысында орталық тарапынан әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы бойынша 1 жаңа орта мектеп ашылып, әл-ауқаты төмен балаларға талапқа сәйкес орта білім берілуде екен.
Елбасымыздың алдымызға қойған мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасы аясында толыққанды жұмыс атқаруда. Қазақстанда тұратын түріктердің 80%-ы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Қазақстандық патриотизмді әрбір азаматқа жеткізу, осы бағытта тәлім-тәрбие беру біздің бірлестігіміздің басты мақсаттарының бірі екендігі аян.

Осыны жете түсінген түрік жастары Елордада бас қосып өздерінің ұлттық мерекесін атап өтті. Кездесу барысында олар ұлттық би түрлерін билеп, сонымен қатар әр түрлі ойындар мен кеш көрігін қыздыра түсті.

Ал, Ахыска түріктерінің елімізге қоныс аударуы 1944 жылы 31 шілдеде басталады. КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің № 6279 Қаулысымен олардың тағдыры шешіліп, сол жылы, ІІХК 001176 бұйрығымен тұрғылықты жерлері Кавказдан еліміз бен Орта Азияға күштеп, қоныс аудару басталады.

1989 жылғы КСРО-да жүргізілген Бүкілодақтық халық санағы бойынша, 207,5 мың түрік болған. Ол түріктердің 90 пайыздайы — Оңтүстік Грузияның Түркиямен шектесіп жатқан бес ауданында туып-өскен. Бұл жерді көне заманнан Месхет деп атаған, «месхеттік түріктер» деген атау осыдан пайда болған. Олар болса өздерін «Ахыска түріктері» деп атайды. Заманында Осман империясының қарамағындағы жер болғандықтан, Грузия — олардың атамекені болып табылады.
Түріктерді көшіру әу бастан-ақ ойластырылса керек, себебі соғысқа дейін Боржоми мен Валенің арасына 70 шақырымдық темір жол тартылады.

1944 жылы қарашада 220 ауылдағы, 125 мың түрік туған жерімен қош айтысады. Сол кезде соғыста 46 мың ахалцы түріктерінің ер-азаматтары қан төгіп, 25 мыңы соғыс даласынан оралмайды. Кейін аман қайтқандары мен 8 Кеңес Одағының Батыры атанған ерлер туған-туыстарының артынан кетеді.

ІІХК ресми деректері бойынша 1944 жылдың желтоқсанында 92 307 адам көшіріліп, оның 18 923 қарттар мен мүгедектер, 27 399 әйелдер, 45 085-і 16 жасқа толмаған балалар еді. Түріктер мінген тауар пойыздар 22 күн жол жүріп, 1944 жылдың 9 желтоқсанында Ташкентке келіп жетеді. Аштық пен аурудан қиналған оларды пойызға күштеп мінгізерде тек үш күнге жетерлік қана азық алуға рұқсат берген екен.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?