Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ботай қонысынан табылған дүниелер

2928
Ботай қонысынан табылған дүниелер - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

d56031924e09e7703d170499a06ae450.jpg

Жұмыс барысында екі шеті-де өңделген шақпақтастан жасалған ірі пышақтар, тегістеліп жылтыратылған тас балталар, найзаның ұштары, оқтар мен найзалар, нақышталған сүйектерді тапты. 

69c83f813d36421a139407ca03ae9ed7.jpg

Қазақ даласындағы ежелгі жылқы өсірушілердің құрал-саймандар мен қаруларды пайдаланғанының нақты үлгісі осы артефакттер болып отыр. Табылған бұйымдар жақсы сақталған. Археология профессоры Виктор Зайберттің сөзіне қарағанда олар б.д.д. IV–III ғасырларға жатады.
Ботай қонысына жүргізілген қазба жұмыстары барысында жылқы сүйектері көптеп кездескен. Ботайлықтар оларды құрал-саймандар мен қару-жарақ, үй мен табыну үшін керек-жарақтар жасауға пайдаланған, ал үй шаруашылығы үшін қажет болмай қалған сүйектерді баспаналардың және басқа да шаруашылық құрылыстарының балшық қабырғасына арқау ретінде пайдаланған.

06c2a81c8171235a1c9c66baf371afea.jpg

Зерттеу жұмыстары барысында ботайлықтардың үй құрылыстары үшін пайдаланған сәулет тәсілдерінің қыр-сырын шешу мәселелері-де қарастырылды. Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері осы сәулетті бейнелі және егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Шалқар көлінің бойына орналасқан бір-бірімен өтпе жол арқылы қосылған бастапқы шамасына қайта келтірілген Ботайдың екі баспанасын зерттеді. Тұрғын үй кешені археология профессоры В. Ф. Зайберттің жетекшілігімен Ботай қонысына жүргізілген қазба жұмыстары негізінде алынған мәліметтерге негізделіп тұрғызылған.

6ba7abf15af5400fa0639bfa19b488db.jpg

Осылармен қатар, қызметкерлер қонысты зерттеу аясында жаңа археологиялық орындарға жекелеген барлау жұмыстарын жүргізді. Ботай қонысының шығысынан 11 шақырым қашықтықтағы Иманбұрлұқ өзенінің оң жағалауындағы, Айыртау ауданының Кутузовка ауылынан батысқа қарай 2 шақырым жердегі үшінші алаңның шетінен екі жерлеу құрылысы анықталды. Олардың бірі үйіндісі топырақтан тұратын қорған. Оның диаметрі 26 метр, биіктігі үйіндінің етегінен санағанда 80 см болады.

3702152ef443b5b1f6d24943fad3d694.jpg

Ашық объектілерге жүргізілген қазба жұмыстары өзінен кейінгі дәуірлердегі мәдениеттердің дамуына мықты серпіліс берген Ботай мәдениеті аумағының ғылыми маңыздылығын ескеріп, Қазақстандағы бірегей аймақтың тарихи-мәдени тұжырымдамасына жаңақпараттар қосты.
Аталған экспедиция Ұлттық музейдің ғылыми-зерттеу қызметін көрсетеді және ол Қазақстан тарихы мен мәдениетінің белгілі ескерткішін зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің Қазақстан археологиясы мен тарихы саласындағы кәсіби білімдерін жетілдіруге-де арналды.

ҚР Ұлттық Музейі Ақпараттық-имидждік жұмыс орталығы


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?