Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Әкем тұтқындалғаны жайлы айтуды ұнатпайтын еді». А.Х. Марғұлан қызымен сұхбат

1771
«Әкем тұтқындалғаны жайлы айтуды ұнатпайтын еді». А.Х. Марғұлан қызымен сұхбат - e-history.kz
Қазақстанның көрнекті ғалымының 110 жылдығына арналған «дөңгелек үстелде» біз Әлкей Хақанұлы Марғұланның қызынан сұхбат алған болатынбыз.

Осы жылы тарих, мәдениет, этнография, қазақ халқының фольклоры саласындағы энциклопедиялық білімге ие, Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашушы, Қазақстанның атақты археологының туғанына 110 жыл толып отыр. Орталық Қазақстан аумағында қазақтың арғы аталары металлды өндіргені туралы алғашқы болып Әлкей Хақанұлы дәлелдеген болатын, осы уақытқа дейін ғалымдардың есептеуінше елсіз тақыр дала емес, мәдениет пен өркениет болды.

6de339bafd794f195d857af100b1a0f4.jpg

Алайда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде атақты қазақ ғалымы А. Х. Марғұланның есімін еске алатынын барлығы біле бермейді.

Дәнел Әлкейқызы, сіздің әкеңізді, академик Әлкей Хақанұлынтұтқындау мен қуғын-сүргін — қазақ зиялылардың ауыртпалығы кешкені туралы оқыдым.

— Өкінішке орай, солай болды. Бірақ ол жайлы айтуды ұнатпайтын. Бір күні ол Санкт-Петербургте КСРО ҒА материалдық мәдениет институтының аспиранты болғанда, тұтқындалғаны туралы әңгімеледі. Аспирантурадағы оқу тоқтатылып, қателеспесем, тек 1937 жылы ғана ол қайта оқуға алынып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Менің ойымша, ол қазақ тарихына соншама әуестеніп, шұқшия зерттеді сол себептен көзге түсіп, оны ұлтшыл деп айыптады.

Әлкей Марғұлан тұтқында қанша уақыт болды?

— Ол Петропавл қамалында отырды. Содан кейін адам сенгісіз оқиғалар болды, ол қуғын-сүргін азабынан толық өтті, бірақ ол туралы айтуды ұнатпайтын еді. Академик Қ.А. Сәтпаев анамның ағасы болды. Әкем 1939 жылы Петербургтен оралғанда, Алматыда КСРО Ғылым Академиясының филиалы жұмыс істеді. Қаныш Амантайұлы менің ойымша әкемді келешектегі қудалаудан сақтап қалу үшін оны тарих Институтына жұмысқа алды, себебі оның мінезі өте жұмсақ болды, ол өте мейірімді адам болған еді. Сәтпаев оған археологиямен айналысуға кеңес берді. Ол өзі жұмыс істеген далаларда көптеген ескерткіштерді көрді және оны соңына дейін жеткізетін адамға тапсырғысы келді.

Әкем қазба жұмыстарын өткізуге, далаға 2–3 айға кетіп отырды. Ал оның алдында қазбалардың дайындық жұмыстары жүрді: қазба жұмыстарын жүргізу үшін алдын-ала облыс жетекшілерімен ұзақ хат алмасу жүрді. Себебі қорған соңына дейін қазылды, ал бұл еңбекті көп керек ететін жұмыс болды.

Әлкей Хақанұлы Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқанда, бұл ғылымда таң қаларлық оқиға болды ма?

— Беғазы-Дәндібай дәуірі бойынша еңбегін қазақстандық ғылымның жетістігі деп мойындады. Ашылуына дейін ұлы В. В. Бартольд Қазақстандағы мәдениет Тараз маңындағы Қаратау тауларында аяқталады деп айтқан. Әкем оның дұрыс еместігін тереңнен дәлелдеді.

Әкем қазақ мәдениеті мен дәстүріне терең әуестенді. Мысалы, ол батырлар тарихымен айналысты. Батырлар қазақ даласында өте бағаланды және әрбір әйел батырды табуды арманды деп ол өз еңбектерінде жазған болатын. Ол үшін әйел қасқырдың құлағын жеу керек деген ырым бар. Біздің Президент жататын атақты шапрашты руында әйелдер бала батыр болып өсу үшін бесікке қасқырдың құлағын іліп отырғанына әкем куәгер болды. Оның еңбектерін оқу сондай қызық, олар сондай тамаша.

eecd58f953e554f9f4916a18f612d45e.jpg

3207fb2c984b63b3ee7df350f28b5d90.jpg

Ол еңбекқор адам болды. Мүмкін, бұл оны сондай нәтижелерге әкелді. Жазу үстелінің басында түні бойы, таңғы 6-8-ге дейін отыратын. Түнде бірнеше рет қасына келіп, айтатынмын: «Ұйықтасаңызшы», дегенде ол былай деп жауап берер еді: «Қазір, айналайын, жатамын». Екі-үш сағаттан кейін қайта келіп қарасам, жарық әлі сөнбеген, жұмыс істеуді жалғастыруда. Онда жұмыстың өте қызық әдісі болған. Әрине, ол шаршап, өзіне демалыс жасап отырған — жұмыста бір тақырыптан басқа тақырыпқа ауысып отырды.

Әкем Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті бойынша еңбекті жазғаны есімде (ал сонымен қатар ол Қазақстан сәулеті бойынша кітапты жазыған, сол жұмысқа ол барлық өмірін арнады), кеш уақытында, кешкі астан кейін шаршаған түрде ол диванға отырып, қолына домбыраны алып, ән айтып отырды. Сондай уақыттарда бізде ол өзі жазып отырған дәуірге батып кетіп, сол қалаларда тұрып, сол адамдар арасында өмір сүрді деген әсер болды. Философтар айтқандай, ол «заттарға терең батып отырды.

Сіздің әкеңіз қандай адам болған?

— Ол мені қалай тәрбиеледі деген сұрақты маған жиі қояды. Ол мені өз тәлімімен, өмір салтымен, еңбекке қатынасымен тәрбиеледі. Ол ешқашан маған, ақыл үйретіп, қатты ескертулер айтқанқан жоқ. Мұндай жағдай есімде: мен Мәскеу қаласында аспирантурада оқыдым және академиялық жатақханада тұрдым. Бір күні қыста қарасам — менің әкем баспалдақпен көтеріліп жатыр. Мен таң қалдым, одан сұрадым: «Әке, сен неге келдің?». Ал ол маған: «Қызым, қай жерде тұрғанынды көргім келеді». Ол өте қамқорлы болды.

Академик Ә.Х. Марғұланның ғылыми кітапхана бойынша жұмысы туралы айтып беріңізші.

— Өткен жылы біз «Тарих ғылымының жаңа тұжырымдамасындағы академик Марғұланның зиялылық мұрасының рөлі» тақыры бойынша грантты алу үшін өтінімді бердік. Бұл қала тамаша жағдайлармен белгіленді: тарих, ақиқат болу керек өтінішімен және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын хабарландырумен. Біздің мақсаттарымыздың бірі — Марғұланның ғылыми өмірбаянын жазу. Ол энциклопедист болды ғой, сол себептен біз ғылыми өмірбаянын, яғни еңбектердің ғылыми талдауын жазуымыз керек.

Академиктың мұрағаттары бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

— Әкемнің мұрағаты мен кітапханасы үлкен болды. Кітаптардың көп бөлігін мен Отырар кітапханасына бердім. Бес жыл бұрын Шоқан Уәлиханов туралы жиналған үлкен мұрағатты мен Павлодар университетіне бердім, ал сол университеттің ғылыми қызметкерлері анық талдауды өткізді, соңғы қағазға дейін зерттеді-де «Марғұлан мұрағаттар» атты екі томдықты шығарды. Кейін олар материалдарды Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұрағатына және Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатына жіберді. Алайда мұрағаттың негізгі бөлігін мен беруге дайын емеспін, үйде әкемінің қолжазбалары, ескерткіштердің фотосуреттері бар. Мұрағат өте үлкен және оны бір адам жасады деп айту қиын.

Ә.Х. Марғұлан мұрасын зерттеу бойынша Орталық бар ма?

— Академик Марғұлан атындағы қоғамдық қор бар. Кезең-кезеңімен біз бір нәрсе шығарып отырамыз. Бүгінгі күні алдымызда келесі міндеттер тұр: біз Әлкей Хақанұлы таңдамалы шығармаларының төрт томын шығарғымыз келеді.

Академик Марғұланның 110 жылдық мерейтойы аясында қандай іс-шаралар атқарылады?

— 19 шілдеде А. Х. Марғұлан атындағы ауылда ғалымның 110 жылдық мерейтойына арналған үлкен той болады. Мен білетін екінші іс-шара — қазан айында Павлодар қаласында ғылыми конференция өтеді.

Людмила ВЫХОДЧЕНКО

05.06.2014

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?