Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ-қытай қарым-қатынасының шегі

4256
Қазақ-қытай қарым-қатынасының шегі  - e-history.kz
Қазақстанның сыртқы саясат бағытында негізгі рөлді атқаратын мемлекет бар. Бүгін біз Қытай жөнінде сөз етпекпіз.

Тарих толқынындағы қарым-қатынастар

Батыстың халқы мен елдері Қытайдың қызығушылығын қай кезеңде де қызықтырып келеді. Түркі халықтары мен мемлектетері туралы алғашқы жазбалар қытай деректерінде осы күнге дейін сақталған.

Қазақ хандығы құрылғаннан кейін бұл қарым-қатынастар дипломатиялық сарынға түсті. Қытай мұрағаттарында Қазақ хандығы арасындағы орын алған тығыз қарым-қатынастарды растайтын көптеген құжаттар сақтаулы. Жоңғар хандығын жұтып, қазақ даласына аранын ашқан шығыс «айдаһарымен» жаңа қатынастарға алып келген ірі саяси оқиғалар XVIII ғасырда басталды. Осы қиын қыстау кезеңде Абылай хан, өзінің дипломатиялық шеберлігін пайдаланып, ашкөзді жауызды тоқтатып қана қоймай, өзін мойындата алды. Абылай ханға қытай императоры «ван» (князь) атағын беріп, жалақы төлеп отырған.

ХХ ғасырда Қытаймен арадағы қатынастар тығырыққа тірелді. Бір жағынан, қазақтар 1916 жылдары патша жазаулашыларына, 20-шы және 30-шы жылдардағы аштықтан қашып, Қытайдан пана тауып отырған. Осының арқасында Қытайда ең ірі шетелдік қазақ диаспорасы қалыптасты, тіліміз, мәдениетіміз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз сақталды. Екінші жағынан, қазақтан шығыс көршіні өздеріне төніп тұрған қауіп ретінде қабылдайды. Қазақтың мақал-мәтелдерінде осыған байланысты халықтың пайымы байқалады: "Қытайға барсаң - қыл бұрау, орысқа барсаң - кең тұсау", "Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінер", "Қытай қырық жылдан кейінгі қулықты ойлайды". ҚХР-да қазақ автономиясын құруға талпынған Оспан батыр қуғынға ұшырады. Қазақтардың еркіндігі үшін күресте ол өмірін қиды.

Кеңес заманындағы соғыстан кейінгі кезең де жайдарлы болмады. «Өмір-бақи ағайын боламыз» деп бастады. Мектепте социалистік елдерінің оқушылары арасында хат алмасу тәжірибеге айналды. 1958 жылы жас Нұрсұлтан Назарбаев Сычуань Чжоу Бай-Сяо провинциясының Цзыгун қаласының № 5 орта мектебінің оқытушысымен хат алмаса бастады.

Ал 60-шы жылдары әскери қақтығыстарға дейін алып келген қарым-қатынастардың шиеленісуі орын алды. Міне, осындай жағдайда біз 1991 жылы жаңа қарым-қатынастар орната бастадық.

«Қытай біздің басты сауда серіктесіміз»

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент Н. Назарбаев дипломатиялық қызметтің алдына мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан қазіргі заманғы беталыстарды жан-жақты зерттеу міндетін қойды. Қазақстанның сыртқы саясатқа қатысты қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Қытай Халық Республикасымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Стратегиялық тұрғыдан бұл бағыт Қытаймен достық және көршілік дәстүрлі бекіту және дамытуға бағытталған еді. Әсіресе экономика саласында тұрақты және қарқынды байланыстарды дамытуға мүдделі Қазақстан ҚХР-мен экономикалық ынтымақтастықты нығайтты. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің маңызды бағыттарының бірі болды.

Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 15 қазандағы № 945 Жарлығы

Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық сауда-экономикалық келісімді дамыту мақсатында, сондай-ақ Қытайдағы сыртқы экономикалық қызметтегі қазақстандық қатысушылардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Пекин қ. Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің штаттық кестесі мен шығын сметасын белгілесін.

Қазақстан Республикасының Президенті H.HАЗАРБАЕВ ҚР Ұлттық мұрағаты.

Қ.15. Тіз.1. Іс.2. П.1

ҚХР-на 1993 жылдың күзінде барған сапарында «Известия» газетіне берген сұхбатында Президент. «Шындығына келсек, қазақстан нарығында төменгі сапалы қытай тауарларының болуы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызбайды», - деп мәлімдеді.

Осы мәселені тез арада шешуге талпынған Қытай ҚХР-нан сапасы нашар тауарларды кіргізбеуге байланысты қатаң шаралар қабылдады. Осының барлығы сауда-экономикалық байланыс механизмін жетілдіру қажеттілігін білдірді.

Көршіңмен дос бол, қонысыңды күзет

Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басты қағидаларының бірі шекараның беріктігі болды. КСРО құлдыраған соң Қазақстанға тиген ауыр мұраның маңызды бөлігін қазақстан-қытай шекарасымен байланысты мәселелелер болды. Кеңестік-қытайлық мемлекеттік шекара 40 жыл бойы қатаң саяси және әскери қарсылықтың себебіне айналды. Екі империя жойылды, жаңа мемлекеттер пайда болды, ал шекара белгіленбеді.

Өздерін «мәңгілікке ағайынбыз» деп жариялаған КСРО мен ҚХР пайда болған шекараны қорғады, ал бұл шекараның шебі кейбір учаскілерде межелеу және белгілеу жөніндегі тарихи құжаттарға сәйкес келмеді.

Кеңестік-қытайлық шекараның осындай жағдайы кеңестік карталардың барлығында «іс-жүзінде қорғалатын шекара шебі» деп аталды. Және осының барлығы карталарда 60-жылдардың басында КСРО мен ҚХР саяси қарсылық жағдайына түскенше «іс-жүзінде қорғалатын шекара шебі» болып аталатын. Осы оқиғалардан кейін екі елдің арасы тіпті салқындай бастады. Сөйтіп, 1960 жылдардан бастаған екі ел арасында пайда болған салқындық 1989 жылға дейін созылды. Өйткені екі елдің жетекші саяси күші болған коммунистік партияларының арасында халықаралық саясат пен социалистік құрылысты жүзеге асырудың өзекті мәселелері жөнінде елеулі келіспеушіліктер туды.

1987 жылы КСРО мен ҚХР арасында шекаралық мәселелерді өркениетті жолмен шешу жолына қарай қадам жасалды. Бұл келіссөздерде бұрын болған ресей-қытай шекарасын нақтылау туралы сөз болды, оның барысында шекара шептері сәйкес келмейтін учаскелер анықталды.

1991 жылдың аяғында – КСРО құлдырау кезеңінде – кеңес-қытай шекарасының 90% келісілді.

Біз Қытай арасындағы шекара мәселесін шешуді асығыстық танытқан жоқпыз ба деген сауалды жиі естиміз. Жоқ, асыққан жоқпыз бұл келіссөздер Қазақстанның егемендік алғанға дейін бұрын басталды және басталған келіссөзді тоқтату саяси тұрғыдан бұрыс болар еді және қазақстан-қытай арасындағы қатынастардың шиеленісуіне алып келер еді.

Осындай күрделі жағдайлар советтік егемендік алған Қазақстанның тәуелсіз Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанмен арадағы шекараны анықтауда да қалыптасты. Айта кетейік, осындайбірлескен жұмыс аймақтық қауіпсіздіктің қазіргі кезеңдегі жүйесінің негізін қалыптастырып қана қоймай, дипломаттар мен мамандарға ТМД елдері арасындағы шекараны межелеу үшін табылмайтын тәжірибе берді.

1994 жылы қазақстан-қытай арасындағы шекараның көп бөлігі межеленді және Мемлекеттік шекара туралы тиісті келісіммен бекітілді.

Өз жеріміздің бір бөлігін де бермейміз

1998 жылы 1994 жылғы Келісімді бекіткенде Шағаноба асуы (Шығыс Қазақстан облысы) мен Сарышілді өзені (Алматы облысы) аудандарындағы даулы бөліктер келісілмей қалды.

1998 жылдың 4 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев және ҚХР Төрағасы Цзян Цзэмин Қазақстан-қытай мемлекеттік шекара туралы қосымша келісімге қол қойды. Екі ел арасындағы шекаралық мәселені айқындауда елеулі тұрғыдағы алға басу іске асырылды.

ҚХР-мен шекараны тексеру жөніндегі Кеңестік үкіметтік комиссия 1982-1984 жылдары шекара шебі Қытай жағына қарай 1864 жылғы Чугучак хаттамасымен салыстырғанда 15 шақырымға дейін негізсіз жылжытылған деген қорытындыға келді.

Шағаноба және Баймырза асулары аумағындағы учаске (Шығыс-қасзақстан облысының Зайсан ауданы), жалпы ауданы 629 шаршы шақырым). Кеңес үкіметі кезінде учаскенің батыс бөлігінде шекара шебі негізсіз бір жақты түзетіліп, су айрығынан Қытай жағына қарай ығыстырылды (ауданы шамамен 17 шаршы шақырым).

Ұзақ келіссөздер нәтижесінде екі жақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі шекаралық мәселені шешетін ымыралы шешім қажет болды.

1998 жылдың 4 шілдесінде қол қойылған қосымша келісім бойынша Сарышілді өзенінің аумағындағы учаскеде Қазақстанға 95 шаршы шақырым аймақ бекітіледі. Қытайға аумағы 220 шаршы шақырым болатын Сарышілді өзенінің оң жағалауын қамтитын аумақ бекітіледі. Шағаноба және Баймырза асулары аумағында Қазақстанға ауданы 442 шаршы шақырым болатын аумақ бекітіледі. Қытайға Адырбай және Талдыайырық өзендерінің жоғары ағысын қамтитын аумақ, сондай-ақ ауданы 187 шаршы шақырым болатын Баймырза асуындағы Тарбағатай тау бөктері бекітіледі.

Аталған мәселені шешуге арналған барлық мүмкін жолдарды талдағаннан кейін даулы територия 53:47 деңгейінде бөлініп, одан Қазақстан үлкен бөлікті – 537 шаршы шақырымды (56,9%), ал Қытай - 407 шаршы шақырым (43,1%) алды. Территорияларды ауыстыру өзара теңдік жағдайында болды және Қазақстан Республикасының мүддесіне сай іске асырылды.

1999 жылдың 10 наурыз күні Қазақстан Республикасының парламенті Қазақстан-қытай шекарасы туралы қосымша келісімді бекітті, осылайша бұл мәселеге нүкте қойылды.

Қытай тарапымен келіссөздердің барысы да, шекараны межелеу жөніндегі комиссия қызметі де бұқаралық ақпарат құралдарында толықтай жарияланбағандықтан, Қытайға жердің көп бөлігі беріліп қойды деген өсектер мен жорамалдар болмас еді.

Қазақстан қоғамындағы орын алып отырған қазіргі кезеңдегі синофобия, осы себептермен туындаған. Төртінші билік азаматтарды толыққанды және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс, әйтпесе «ұзын құлақ» жылдам жұмыс жасайды.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?