Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Назарбаев салған даңғыл жол

2846
Назарбаев салған даңғыл жол  - e-history.kz
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қалыптасуы Кеңес Одағының құлау және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылу кезеңіне сәйкес келді. Бұл жөнінде С. Плеханов «Жібектей есілмеген жол» кітабында

Қайта құру кезеңінің көптеген реформаторларынан бөлек Назарбаев әуел бастан қиратуға емес, жасампаздыққа қарай бағыт алды. Семей полигонының жабылуы және Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік бастамаларда атқарып отырған рөлі оны қазіргі заманғы белгілі және беделді саяси қызметкерге айналдырды. Сергей Плехановтың «Жібектей есілмеген жол» атты еңбегі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналады.

Бұл кітап «Мировые люди» атты жаңа серияның алғашқы шығарылымы болып жарық көрді. Автор бұл кітапты 15 жыл бойы жазған, бүкіл Қазақстанды аралап, бас кейіпкердің (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың) балалық пен жастық шағы өткен жерлеріне барып қайтты. Жазушы Елбасының жақындарымен және жақтастарымен де әңгімелесті.

Айта кететін жайт, Сергей Плеханов Президентпен де бірнеше рет кездесті. "Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы және осы жолдың жібек іспеттес болмағанын осы кітаптан білуге болады. – қазіргі жас саясаткерлерге өнегелі мысал ретінде келтірсек, Қазақстан барлық қиындықтарды сәтті кешкендігінің себебі – Нұрсұлтан Назарбаевтың қай іске кіріссе де халықтың қамын жасауды ойынан тастамайтындығы", – деді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Сергей Плехановтың «Жібектей есілмеген жол» кітабының таныстырылымында. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы тұсында 1991 жылдың тамыз айындағы бүліктен кейін қандай жағдайлар орын алғанын, Нұрсұлтан Назарбаев неге алаңдағанын, қандай шешімдер қабылдағанын еске түсіріп көрейік.

Жеңімпаздардың тойлауына арналған мәзір (Кітаптан үзінді)

КОКП тараған соң, Н. Назарбаев Қазақстанды және жалпы Одақты не күтіп тұр деген нақты түсінік болды. Сол кезде Қазақ КСР Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы болған Қанат Саудабаев былай деп еске алады: «23 тамыз күні мені Н. Назарбаев шақырды. Кіріспе сөзге көп бөгелмей ол былай деді: «Енді біз Мәскеумен мүлдем басқа серіктестік қарым-қатынастар орнатамыз. Партия енді жоқ, Кеңес одағы да жақын арада жойылады. Сондықтан Мәскеуде КСРО-дағы Қазақ КСР-інің өкілетті өкілдігі – іс-жүзінде біздің тұңғыш елшілігіміз ашылатын болады. Егер сен қарсы болмасаң, мен сені өкілетті өкіл етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қоямын». 16 қыркүйек күні Нұрсұлтан Әбішұлы мені М. Горбачевқа таныстырды, ал ол менің ел тарихында Подвойскийден кейінгі екінші өкілетті өкіл болғаным жайлы қалжыңдады».

Сол уақытта оқиғалар өрістей түсті. Украина тәуелсіздігін жариялады. КСРО Халық депутаттарының съезі өзін- өзі тарататыны туралы жариялады. Одақтық шартты дайындау кезекті рет тұрып қалды. Барған сайын түсінікті бола бастады: Горбачевтің кететін кезі тақап қалды. Назарбаев Одақтың таралуы жақындағанын және күн тәртібінде – Қазақстанның толық тәуелсіздігі екенін түсінді. Ол республиканың меншікті алтын қорын қалыптастыруға дереу кірісу керектігін айтты. Басқа республикалар секілді, Қазақстан БҰҰ-на Қазақстанды егеменді ел ретінде мойындау туралы өтініш жасады.

Алайда, 26 тамызда КСРО Жоғары Кеңесінің отырысында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Президенті одақтық шарт туралы айтты, оның одақішілік қарым-қатынастар туралы түсінігі бұрын айтылған ойлардан мүлдем ерекше болды: «Біз конфедеративті шарт жасауды ұсынамыз. Сол кезде ғана біз республикалардың шынайы теңдігіне қол жеткіземіз деп сенемін. Осы жол арқылы ғана біз шынайы федерацияға келетін болармыз, мен оған күмәнданбаймын. Айтпақшы, новоогаревтік шарт конфедеративті болып табылатынын айта кеткім келеді.

Сондықтан барлығын мойындап, өз орнына қояйық. Экономикалық емес шартты тек қана тұрақты және тыныш жағдайда ғана және адам құқығына толық кепілдік беретін және бір-біріне сенім артатын республикалармен ғана жасасуға болады». Бүліктен кейінгі кезеңде Назарбаевтың жалпыодақтық істерге ықпалы айқындаушы болды, ол нағыз беделді саясаткерге айналды. Негізгі мемлекеттік мәселелерді енді - Горбачев, Ельцин, Назарбаев немесе Ельцин, Назарбаев, Горбачев деген үштік шешетін болды. Назарбаевтың бастамасымен 1 қазан күні Алматыда Одаққа әзірге іс жүзінде енетін егеменді мемлекеттер басшыларының кездесуі ашылды. Ол кездесуде республикалар арасында экономикалық келісімге қол қою жоспарланды, ол шын мәнінде Одақтық шартты ауыстыруы тиіс болды – істі Ельцин осылай түсінетін еді.

Қайта құру басшысы абыржыды, кездесу алдында Қазақстан президентіне қоңырау шалды: - Егер осындай жобаны қабылдайтын болсаңыздар, оны өзіңіз жасаңыз... Мен саған сенемін. Мүмкін экономикалық келісім саяси одақтарға қалай қатынаста болады деген сұрақ қойсақ қайтеді? Бір апта ішінде пысықтап, қол қойдырып, сосын жеті-сегіз мемлекеттермен бекітіп. Одақтық нарық қалыптасады, ал қалғандары одақпен байланысатын болады. Бізге мәселенің басын ашу керек, кім қайда тартып отыр. Борис Николаевич Одақтық шартты жасауға бір ай кетеді деді. Назарбаев Одақтық шартқа шұғыл қол қойдыруға кірісетінін айтып, оны тыныштандырды. Бірақ ол жалғыз өзі кепіл бола алмады. Горбачевтің Ельцинге ықпал ету құралдары да болмады. Қазақстан болса, өзін халықаралық сахнаға таныта бастады.

1991 жылдың басында Түркия президенті Тұрғыт Озал Назарбаевтың шақыруымен республикаға келді. Одақтық билікті айналып өтіп, сыртқы саяси байланыстарды орнатуды бұрын соңды КСРО субъектілерінің ешқайсысы жүзеге асырмаған. Әлем елдеріне жасаған саяхаттары барысында Қазақстан президенті әлемнің көптеген озық басшыларымен – АҚШ президенті Бушпен, Ұлыбритания премьер-министрі Джон Мейджормен, Оңтүстік Корея президенті Ро Дэ У-мен, Сингапур саясатының патриархы Ли Куан Ю-мен кездесті. Ельцинмен бірге Назарбаев Нагорный Карабахқа сапар шекті, онда ол армян-әзірбайжан шиеленісін реттеу жөніндегі келіссөздерге бастама жасады.

Осылайша, екі ел президенттері құлдыраған одақтық орталықтың қызметін атқарды.

Материалдар С. Плехановның «Жібектей есілмеген жол» кітабынан алынды – Мәскеу, 2015. 

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?