Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру» көрме залы ашылды

1955
Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру» көрме залы ашылды - e-history.kz
«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» аясында өңірлерден әкелінген құнды дүниелер Астана төрінен орын алды. Басты айта кетерлігі, барлық жәдігерлер музейде алғаш рет қойылып отыр

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ республикалық форум өтті.

Форумда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланумен қатар «Рухани жаңғыру» атты көрме залы тұңғыш рет есігін айқара ашты.

Көрмеде тарихи- құнды жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды. «Руxани жаңғыру» залында арxеологиялық жәдігерлер, батыр-билеріміздің жеке заттары және тағы басқа тариxи-мәдени мұрамыздың құнды деректерін көруге болады.

Атап айтқанда, Кенесары xанның қылышы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Қанай бидің саптыаяғы, Бөгенбай батырдың құтысы, Аппақ ишанның жайнамазы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы, Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құран кітабы, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжазбасы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Міржақып Дулатовтың жеке заттары, Ислам діні туралы арабша кітаптар, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да бар.

Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар.

Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Қазақстанның қасиетті орындарының жүйелі тізімі әліде болса толығады, бүгінгі форумда 2017 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен осы жылда жасалатын жұмыстарымыздың мән-жәйімен таныстырамыз. Біздің мақсатымыз еліміздің киелі жерлерінің санын реттеп қана қоймай, жүйелеп зерттеп өз азаматтарымыз бен шетел азаматтары біздің бай тарихымыз бен терең мәдениетімізбен таныса алады. Сонымен қатар, қасиетті жерлердің тарихы, пайда болуы мен оның туристік орталыққа айналдыру мақсатында арнайы видео роликтер түсірілуде.

 

Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар. «Барлық жәдігерлер музейде алғаш рет қойылып отыр. «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» аясында өңірлерге этно-мәдени экпедициялар жасалды.

Батырхан Жұмабаев, Қасиетті Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары: 

2017 жыл Қасиетті Қазақстан орталығы үшін табысты жыл болды деп айтуымызға болады. Олай дейтініміз, қасиетті орындары тізімі жасалып қана қоймай, олардың біразы зерттеліп, түгелденді, ол жұмыс өз жалғасын табады, осымен екінші рет өткізіліп отырған форумның негізгі мақсаты, тарихшы, өлкетанушы ғалымдардың басын қосып еліміздің киелі жерлерін бірге анықтап, оны әрі қарай дамытып, таныту. Жоғарыда айтып өткендей бүгінгі ашылған көрмеге аймақтардан жиналған құнды дүниелерді бүгінгі форумға арнайы алдырып «Руxани жаңғыру» залын ашып отырмыз, аталған зал уақытша жұмыс жасайды. Себебі барлық жәдігерлер өңірлерлерге қайтарылуы қажет.

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?