Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

2001 жылы Қарағандыда Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған этносаябақ ашылды

2005 жылы Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында қазақстан мүсіншісі Х. Наурызбаева көрмесінің ашылымы болды.

- = -

1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылданды

26067
1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан төтенше ОСК сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылдады.
Осының нәтижесінде 1,5 млн тұрғыны бар бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хивин республикалары аумақтарының 40 пайызы Қазақ АССР-на берілді. 1920 жылы Қазақстан аумағы 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайды. ҚазАССР-на оңтүстік аумақтарын қосылғаннан кейін республикадағы тұрғындары саны 1920 жылы 4,8 млн.-нан 1925 жылы 6,5 млн.-ға дейін өсті. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде бірыңғай Қазақ совет мемлекетінде қазақ жерлерінің бірігуі аяқталды.