Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 24 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

24 Желтоқсан
1991 «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» Заңы қабылданды
1944 70 жыл бұрын Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды.
Либреттосы - М.Әуезовтікі, музыкасы - А.Жұбанов пен Л.Хамидидікі, режиссері - Қ.Жандарбеков.
1910 104 жыл бұрын даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, КСРО Батыры Бауыржан Момышұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.

24 Желтоқсан 1991

«Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» Заңы қабылданды

Көптеген экономикалық тұтқаның арасында, мемлекеттің нарықтық экономикаға тигізетін әсерінің көмегімен, салық маңызды орынға ие. Нарықтық қатынастар жағдайында, және нарық кезеңінің ауыспалылығында, қаржылық-несие механизімінің экономиканы мемлекеттік ретке келтірудің негізі болып салық жүйесі болып табылады.

Мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз әсерінің белгілі бір ретке келтіргіші ретінде салық саясатын пайдаланады. Салықтар, барлық салық  жүйесі сияқты, нарық жағдайында экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Салық салу жүйесі қаншалықты дұрыс  құрылғандығына қарай, барлық халықтық шаруашылықтың тиімді атқарымдылығы тәуелді болады.

Батыста салық мәселелері көптен бері мекеменің қаржылық жоспарлау кезіндегі  жауапты орынды алады. Жоғарғы салық мөлшерлемесі жағдайында немесе салық факторларының жеткізіліксіз есебінде, аса жағымсыз салдарына немесе мекеменің банкротка ұшырауына әкеліп соғады.

Бір жағынан, салық заңнамасымен қарастырылған жеңілдіктер мен шегерімдерді дұрыс пайдалану алынған қаржылық жинақтардың  сақталуын қамтамасыз етіп қоймай, салықты үнемдеудің есебінен немесе қазынадан салық төлемдерінің қайтарылымы есебінен, жаңа салымдарды, қызметтің қаржылық кеңеюуіне мүмкіндік береді.

Салықты қолдану мекеменің меншік нысаны және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, ведомствалық бағынуына тәуелсіз, басқарудың экономикалық әдістері мен кәсіпкерлер және мекемелердің жалпымемлекеттік мүддені коммерциялық мүддемен өзарабайланысын қамтамасыз ету болып табылады.

Салықтың көмегімен кәсіпкерлердің, барлық меншік нысанындағы мекемелердің  мемлекеттік және жергілікті бюджетпен, банкпен, сондай-ақ жоғары тұрған ұйымдармен өзара қатынасын анықтайды. Салықтың көмегімен сыртқы экономикадық қызмет, соның ішінде шетелдік инвестицияны тартуды ретке келтіріп, шаруашылық есеп кірісі және мекеменің табысы құралады.

Салықтың көмегімен мемлекет өз қоғамдық қыщметтерін орындау үшін өз игілігіне қажетті қорларды алады. Салық есебінен сондай ақ кірістердің үйлестірілуін өзгертетін, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шығындар қаржыландырылады. Салық салу жүйесі адамдар арасында кірістер ақырғы үйлестірушісі болып табылады.

Басқарудың әкімшілік-директивті әдістерінен экономикаға ауысу жағдайынла салықтың ролі мен маңызынарықтық экономикалық реттеушісі, халық шаруашылығының салдарынан көтермелеуші және дамытушы ретінде артып, салық арқылы мемлекет ғылымды қажет ететін, өндірісті дамытып және шығынды мекемелерді жою бойынша энергетикалық саясатты жүргізеді.

Атап айтқанда салық жүйесі бүгінгі күні қайта құру әдістері мен жолдары туралы пікірталаастың басты мәні болып, сондай-ақ өткір сынына түсті. Батыс елдерде салық салу бойынша әртүрлі әдебиеттер пайда болып, зор көпжылдық тәжірибе жиналды.

Бірақ Қазақстанның салық жүйесі жаңадан құрылуына байланысты, салық салу бойынша сауатты, терең ойдан шығарылған, біздің қазақстандық жағдайға жауап беретін, дәл қазақстандық салық жүйесін құру бойынша түгендеулі ұсыныстар бойынша отандық авторлардың монографиялары өте аз.

Көптеген мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық дамуында, салықтың ұдайы арттырылуының ролі, әбден түсінікті: мемлекеттік басқарудың табысы аса күрделі және төтенше бюджеттік мәселелерін шешуге байланысты болады. Барлық уақытта және бүгінгі күні де салық басты құрал болып табылады. Салық зерттеуші ғалымдардың және талдаушы мамандардың назары салық салу теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге күші әлсіремейтін назары осыдан.

Сол шақта, салық реформасы бұған дейін қолданылған салық жүйесінің сәйкесінше қайта құрылуының қорытындысында салық қатынасын толығымен немесе жартылай салық басқару жүйесін өзгертіп, маңызды экономикалық жүйені ұсынады.

24 Желтоқсан 1944

70 жыл бұрын Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды.

Либреттоға ақын өміріндегі драмалық оқиға арқау болған. Музыкалық шешімінің әуезділігі, халықтың ән мұрасымен ете байланыс, кәсіби опера өнерінің жетістіктерін ұлттық операда тиімді пайдалану шығарманың табысы болып саналады. Операға Абай әндері сәтті енгізілген. Ақын бейнесін ашуға  философиялық мазмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қай талқы» секілді әндер алынған.


24 Желтоқсан 1910

104 жыл бұрын даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, КСРО Батыры Бауыржан Момышұлы дүниеге келді.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болған. Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар (кейіннен 8-ші гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене қатысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған. 1944-1945 жылдары осы дивизияны басқарған. Оның соғыс кезіндегі ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше көзге түсіп, батырлық даңқы аңызға айналған. 
Батырдың қаламынан туған көркем шығармалар бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Ол туындыларын орыс-қазақ тілінде бірдей жазған. Оның «Біздің семья», «Ұшқан ұя», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Москва үшін шайқас», «Майдан», «Төлеген Тоқтаров» атты кітаптары бар. 

Сонымен қатар батырдың қаһармандық ерлігі туралы орыс жазушысы Александр Бектің «Волоколам тас жолы» атты повесі, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты роман-дилогиясы, Мекемтас Мырзахметұлының «Бауыржан Батыр» атты кітабы, Мағира Қожахметованың «Тосын сыр-сұхбат»атты пьесалары жарық көріп, жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Полковниктің жарияланбаған жазбалары» пьесасы қойылды. «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» атты көркем фильм түсірді. Москва академиялық драма театры Бауыржан Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды. 2001 жылы Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығы ашылған. Батырға туған жерінде, Астана қаласында ескерткіштер қойылып, Мәскеу облысы Волоколамск қаласында батырдың тас мүсіні орнатылды.
Батыр есімі ауылдарға, көшелерге, республикалық әскери балалар мектебіне берілген. 

Қазақстанда Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған мерей тойы республика көлемінде кеңінен аталып өтілуде. 2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы, оның туған жерінде үстіміздегі жылдың 24-25 қыркүйек күндері аталып өтті. 24 қыркүйекте Тараз қаласында Бауыржан Момышұлының сан қырын сипаттайтын конференция ашылып, Тараз қаласындағы саябақта батыр атына мемориалдық тақта орнатылды. Жамбыл облысы Жуалы ауданында Бауыржан Момышұлының үлкен мұражайы ашылды. Даңқты батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Бауыржан Момышұлының 30 томдық академиялық шығармалары 2010 жылдың 22 қыркүйегінде «Өнер» баспасынан толығымен жарық көрді. 

2010 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың «Көгілдір» залында тұңғыш рет Астанада қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлына арналған «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмінің көрсетілімі болып өтті. Фильмді «Қазақфильм» студиясы түсірген, режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы киномотографистер Одағының мүшесі, кинодокументалист Қалила Омаров, сценариін жазған - Елшат Ескендір.
Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.