Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 24 Ақпан

Оқиғалар күнтізбесі

24 Ақпан
1917 98 жыл бұрын Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болып өтті.
Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкімов ерекше ерлік көрсетті.
2001 Долинка кентінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайы құрылды (Қарлаг мұражайы)

24 Ақпан 1917

98 жыл бұрын Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болып өтті.

24 Ақпан 2001

Долинка кентінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайы құрылды (Қарлаг мұражайы)

Долинка кентінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайы (Қарлаг мұражайы) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің 2001 жылғы 24 ақпандағы өкімімен құрылды. Мұражайдың құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі, ал мемлекеттік басқару органы Қарағанды облысының мәдениет департаменті болып табылады.

Қарлаг мұражайы – Қазақстандағы Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасқан. Мұражай ҚарЛАГ тарихи ескерткіштерін зерттеу және сақтау және де Қазақстан аумағында орналасқан еңбек-түзету лагерлеріндегі  жазықсыз құрбандарды есте мәңгі сақтау мақсатында құрылған.

1930-1950 жылдары Кеңес Одағында жаппай саяси репрессиялар жүзеге асырылған. ГУЛАГ (Лагерлердің Бас Басқармасы, Мәскеу қаласы) КСРО бойынша жан-жақта ЕТЛ- еңбек-түзету лагерлерінің жүйесі болған. Оның ірі филиалы ретінде Долинка кенті орталығымен ҚарЕТЛ болып, онда Қазақстан лагерлерінің бүкіл жүйесіне ықпал ететін, ҚарЕТЛ Басқармасы орналасқан.  

2011 жылға дейін Долинка кентіндегі «Арман» ОДА амбулаториясы  (Қарлагтың бұрынғы объектісі «Өз еркілерімен жалданған қызметкерлерге арналған емхана») ғимаратының бір бөлігі бөлінген. Ғимараттың жалпы көлемі 166,9 м2 құрайды, оның ішінде экспозициялық-көрмелік алаң -78 м2, қор сақтау үй-жайы — 10 м2, құрылыс алаңы — 230,7 м2.

Қазіргі таңда Қарлаг лагерлері басқармасының бұрынғы ғимаратына көшірілген.

Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайымен» естелік даталарға арналған келесі іс-шаралар өткізіледі: «Мамочкино» зиратындағы митингтер, «Естелік күні», «Тәуелсіздік күні». «Қарлагтың ауыл шаруашылығы», «Қарлаг ауыл шаруашылығының дамуы», «Нөмірлер мен тағдырлар» атты көрмелер мен лекциялар ұйымдастырылады.   

Дереккөз: wikipedia.org