Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

Долинка кентінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайы құрылды (Қарлаг мұражайы)

26343
Долинка кентінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу мұражайы құрылды (Қарлаг мұражайы) - e-history.kz

«Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная көшесі, 39. Қарағанды қаласынан 45 шақырым, Шахтинск қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан.

Бұл музей 2001 жылы Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ұйым­дастырылыпты. Алғашында мемо­риал­дық кешен бұрынғы емханасында орналасса, кейін 1933-1935 жылдары мыңдаған тұт­қынның қолымен тұрғызылған ҚарЛАГ бас­қармасының ғимаратына көшіріледі. 2011 жы­лы жаңадан ашылған музейдің кеңейтілген экс­позицияларының тұсаукесері өтіпті.

Ғимараттың жалпы ауданы – 3326,6 шаршы метр. Келушілердің назары­на музейдің 3 қабатында орналасқан 17 экс­по­зициялық зал ұсынылады. Олардың қата­рында «Қазақстандағы ашаршылық», «ҚарЛАГ-тың қалыптасу тарихы», «ҚарЛАГ-тың шаруашылық жұмыстары», «Әйелдер мен балалар», «Халықтар депортациясы» және тағы басқалар бар. Музейдің тұрақты экспозицияларында саяси қуғын-сүргін тарихының мұрағаттық құжаттары, хаттар, фотосуреттер, ҚарЛАГ тұтқындарының жеке бұйымдары мен түрлі экспедиция кезінде табылған еңбек және тұрмыс құралдары орналастырылған. Сонымен қатар лагерь тұтқындарының қолымен жасалған өнер туын­дылары да бар.

Мұражай ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазақстандық ғалымдардың туындылары орналастырылған саяси репрессиялар тарихын зерттейтін орталық жұмыс істейді. Мұражайдің ғылыми қызметкерлері республика архивтарындағы саяси қуғын – сүргін тарихы материалдарын зерттеуде.

Мұражай қызметшілері репрессияға ұшырағандардың және Қарлаг тұтқындарының ұрпақтарымен кездесулер, саяси қуғын – сүргін құрбандарын есте сақтау күніне арналған митингілер, конференциялар, «дөңгелек» үстелдер, семинарлар, оқушылармен және студенттермен тәжірибелік сабақтар өткізу сияқты мәдени – бұқаралық шаралар өткізеді. Жыл барысында мұражай қорынан және жеке жиынтықтардан алынған экспонаттардан құралған уақытша көрмелер өткізеді. Әсіресе, Халықаралық мұражайлер күніне арналған «Мұражайдегі түн» акциясына көрушілер көп жиналады. 18 мамыр күні түн мезгілінде өтетін бұл шарада театрландырылған көріністері аралас экскурсиялар ұйымдастырылады. Экспозициялық залдарда Қарлаг тұтқындарының өмірінен көріністер олар тіріліп келгендей әсер қалдырады.

Мұражай қорында 6000-дай экспонат бар, олардың 2000-нан астамы Қарлаг уақытының жәдігерлері. Мұражайдің негізгі қорына жататын аса бай және әртүрлі материалдар көп жиналған. Фотосуреттер мен құжаттар мұражай қоры мен экспозицияларында алатын орны ерекше, өйткені еңбекпен түзеу лагерлері өмірін шынайы бейнелейді.

Сонымен қатар, мұражай қорында депортацияға ұшыраған Реченский П.И., Андреюк Л.П., Гамбургер Л.Э. сияқты суретшілердің сирек кездесетін туындылары, 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде Монғол және Қытай елдеріне көшіп кеткен жергілікті халықтың тұрмыстық заттары, тұтқын әйелдердің қолымен тігілген кестелері, сол заманның музыкалық аспаптары, тұтқындардың жөндеу – механикалық зауытта дайындаған құралдары, қуғын – сүргінге ұшырағандардың жеке заттары, тағы басқа да құнды жәдігерлер бар.