Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 15 Қаңтар

Оқиғалар күнтізбесі

15 Қаңтар

15 Қаңтар 1725

15 Қаңтар 1938

77 жыл бұрын Павлодар облысы құрылды

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің Қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөліп алынды, оның құрамына он аудан кірді. 

Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан – ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі.

15 Қаңтар 1992

«ҚР ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заңы жарық көрді

"Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң республикада жалпыадамзат үдерісі саласы үшін ерекше маңызы бар, ғылымның атқарымдылығын қамтамасыз ететін маңызды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді еркін дамытуда, ғылыми қызметкерлермен ғылыми ұйымдардың құқықтарын қорғауды бекітеді.  Осы заңмен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты мен ғылым және техника саласындағы қатынастарды мемлекеттік ретке келтіру; ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруда экономикалық механизімін қалыптастыру; ғылымның өндіріспен ықпалдасу, кадрлық,  ғылымның материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми зияткерлік - меншік пен халықаралық серіктестікті қорғау бойынша маңызды ұстанымдарын анықтайды.