«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бейнегалерея

Тиктокер тарихшы - Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-шы, КСРО-ның 72-ші ғарышкері, тұңғыш қазақстандық ғарышкер, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы. Оның өмірбаяны – ғарышты бағындырып, бала арманын жүзеге асырған адамның тарихы. Бұл нәтижеге жету үшін көптеген жеңістер мен қиын сынақтарға толы ұзақ жолмен өтті. Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Тоқтар отбасында екі әпкесінен кейінгі ұл. Тоқтар 8-сыныпты аяқтағаннан кейін Теміртау қаласына қоныс аударып, еңбек жолын құю-механикалық зауытында токарь болып бастады. Жас Тоқтар бала кезінен көк аспанға көз салып, ұшқыш болуды армандады. Жас кезінде кешкі мектепте оқып, бір мезгілде парашютпен секіру спорт түрімен шұғылданып, Н.Әбдіров атындағы ДОСААФ Қарағанды оқу авиациялық орталығында (кейін аэроклуб деп аталды) ұшуды оқыды.