«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бейнегалерея

Тиктокер тарихшы: Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы

Халида Маманова Сталинге хатында: «Егер Халық жауы болсам, ендеше мені штрафротаға жіберіңіз. Тірі қалсам – менен және туыстарымнан барлық айыптарды алып тастауыңызды сұраймын», – деп жазған екен… Х.Маманова 1918 жылы Алматы облысында өмірге келген. Текті отбасыдан шыққан Халида он жасында әкесімен бірге қуғын-сүргіннің қармағына ілініп, жер аударылған. Оның әкесі – атақты Маман байдың ұрпағы, Мамания мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Есенқұл Маманов. Әкесі граф деген атаққа дейін жете білген. Халида Маманова 1941 ж Қазақ медицина институтын тәмамдап, «емдеуші-дәрігер» атанады. Одан соң, Ғылым академиясында физиология институтының аспирантурасына түседі. Бірақ оқуды одан ары жалғастыра алмады. 1942 жылдың ақпанында соғысқа шақырылды.