Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның сыртқы саясат стратегиясындағы түркияның алатын орны

29662

Түркия – 1991 жылы Қазақстан Республикасының тҽуелсіздігін алғаш таныған мемлекет. Халықтарының түптамыры бір ҽдет ғұрыптары, салт дҽстүрлері ұқсас қос мемлекет халықаралық аренада стратегиялық ҽріптес болып табылады. 

Бірден бір тұрақты жҽне болашақтағы ҽріптес ретінде Қазақстан Түркия Республикасымен екі жақты қарым-қатынас орнатып келеді. 1992 жылы 2 наурызда екі мемлекет арасында екі жақты қарым қатынас орнатылды. Елдер ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізін қалап, мемлекетаралық келісімге қол қойды. 1993 жылы Президент Т. Озалдың Қазақстанға ресми сапары жҽне 1994 жылы Президент Назарбаев Түркияға ресми сапары барысында басшылар болашақтағы ҿзара ынтымақтастық туралы қарады. Онда Қазақстан бұл елмен саяси, экономикалық гуманитарлық салаларда байланысты орнықтыруға дайын екендігін кҿрсетті. Ҿзара ынтымақтастықта екі елге де ортақ мҽселе ол халықаралық саясат жҽне қауіпсіздік саласы болып табылады [1: 45].

Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестер екендігі 2003 жылы мамыр айында Қазақстан басшылығының Түркияға жасаған ресми сапары барысында мҽлімделінген болатын.

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым қатынастың ҿн бойына «аға інілік» емес, тең ҽріптестік арқау болып отыр. Бұған Елбасының 2009 жылғы Түркияға сапары кезінде екі елдің Стратегиялық ҽріптестік туралы келісімге келуі айғақ. Осы ретте нақты түрде айтатын болсақ, 2009 жылдың қазан айының 22 күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Түркия республикасына ресми сапармен келуі-екі ел арасындағы ынтымақтастың жоғарғы деңгейде екендігінің айғағы. Бұл ресми сапар барысында Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің басшылары, ең алдымен Анкара қаласындағы ататүрік мемориалды кешенін аралап, Түркия мемлекетінің негізін қалаушы тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне гүл себетін қою рҽсіміне қатысады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен шағын құрамда кездесті. Кеңейтілген құрамдағы келіссҿздерден кейін мемлекет басшылары екі жақты құжаттарға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы Стратегиялық ҽріптестік туралы Шартқа қол қойды. Бұл құжатта қол қою барысында Абдолла Гүл стратегиялық ҽріптестік туралы шарт түркітілдес мемлекеттердің арасындағы бірінші болып Қазақстанмен жасалғанын атап ҿткен еді [2: 318].

Осы айтылғандарға сҽйкес жалпы стратегиялық ҽріптестік даму кезеңдері 2003 жылы екі мемлекет арасында стратегиялық қатынастар орнату туралы мҽлімдеме жасалса, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары барысында Қазақстан мен Түркия Республикалары арасындағы стратегиялық ҽріптестік туралы келісімге қол қойылды. Осылайша екі мемлекет арасындағы байланыстар жаңа деңгейге кҿтерілді.

Екі жақты қатынастардың тығыз дамуына 2009 жылғы 3 қазан күні Нахчыван қаласында ҿткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммиті де ҿзіндік үлес қосты. Бұл саммитте Қазақстан Президенті Н.Ҽ Назарбаев, Ҽзербайжан президенті И.Ҽлиев, Қырғызстанның сол кездегі президенті Қ.Бакиев жҽне Түркия Президенті Абдулла Гүл этникалық, тарихи жҽне мҽдени түбірлері ортақ серіктес елдердің даму болашағын талқылау үшін кездескені белгілі. Ҿз сҿзінде Қазақстан Президенті қазіргі уақыттағы Анталияда ҿткен УІІІ саммитте Ҽзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан жҽне Түркия парламенттері қабылдаған жалпы түркілік құрылымды құру жҿніндегі шешім орындалып жатқанын жҽне түркітілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблиясы құрылғанын атап ҿткен еді. Сол ретте Н.Назарбаев «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесін – жаңа ҿңіраралық ұйымды» қалыптастыру бастамасын дамытуды ұсынған болатын.

Сонымен қатар екі ел Үкіметтері арасындағы ғылым мен техника, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы Ынтымақтастық туралы Келісімдерге қол қойған еді. 23 қазанда Қазақстанның Елбасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб пҽтерінде болып, ұйым жұмысымен танысқан еді [2: 320].

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым - қатынастың даму дҽрежесі ҽртүрлі салаларда дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы ҿзара қатынастың маңызды салаларының бірі ҽскери жҽне ҽскери техникалық ынтымақтастық болып табылады. 2005 жылдың 13-15 маусымында Түркия Республикасының Бас штабының басшысы Х. Ҿзкҿк Қазақстанға ресми сапарымен келсе, ҿз кезегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі М. Алтынбаев 2006 жылы 28-29 маусымда Анкарада ресми сапармен болып қайтты. Сапарлар барысында тараптар ҽскери техникалық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі жҿнінде келісімге келіп, сонымен бірге қорғаныс саласындағы екі елдің бірлескен ҿнеркҽсібі жҿніндегі мүмкіндіктерді қарастырған болатын.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы ҿзара қатынастың тағы бір салаларының бірі - білім саласындағы байланыстар. 1992 жылы Қазақстан мен Түркия президенттері қол қойған білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық келісімшарттары екі елдің осы саладағы қарым қатынасының ҿзара дамуының негізін қалады [3: 26].

Ал 2010 жылғы мамыр айында Қазақстанға ресми сапармен Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүл келгенде оны Шымкент ҽуежайында Елбасы Н.Назарбаевтың ҿзі қарсы алды. Бұл сапардың нҽтижелері екі ел арасындағы қатынастардағы кезекті мҽселелер мен болашақ дамудың айнасы. Екі елдің арасындағы ҽртүрлі саладағы ынтымақтастығы қазіргі кезеңдегі ҿзінің тұрақтылығы мен екі ел басшыларының дҽстүрлі түрде саяси, сауда- экономикалық жҽне мҽдени гуманитарлы байланыстарды нығайтумен ерекшеленеді. Аталған мҽселеге екі ел халықтарының бір бірімен тарихи, мҽдени жҽне этно- діни жақындықтары да ҿзіндік жағымды ҽсерін тигізуде. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия түркі ҽлемі интеграциясының бастамашылары болып табылады. Сонау 30 жылдары М.К. Ататүрік КСРО ның құлауы мүмкін екендігін, Түркия басшылығының жаңадан пайда болатын тҽуелсіз түркі мемлекеттеріне кҿмек кҿрсетуге дайын болу қажеттігін ескертіп кеткен еді. Бұл ҿсиет қазіргі басшылардың қолдауы арқасында жүзеге асып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің саяси бастамасымен Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесі құрылды. Аталмыш Кеңес хатшылығы Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан.

Екі мемлекет арасындағы негізгі экономикалық ынтымақтастық сауда, энергетика кҿлік қатынастары, ауыл шаруашылығы, туризм жҽне т.б. салаларды қамтиды. Соған сҽйкес екі ел арасындағы сауда экономикалық қатынастар да жедел қарқынмен дамуда. Түркия мұнай ҿндіру қуат кҿздерін мұнай газ жҽне тағы басқа тасымалдау саласындағы жобаларға ерекше кҿңіл бҿлуде. Осындай негізде қалыптасқан қазақ түрік ынтымақтастығын екі ел басшылығы соңғы кезде одан да берік нығайта түсуге бағыт ұстанады. Оған екі ел арасындағы қатынастар деңгейі куҽ.

Түркияның саяси жетекшілері Қазақстанды Орталық Азиядағы саяси жҽне сауда экономикалық саладағы сенімді ҽріптесі деп санайтындықтарын мҽлімдейді. Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары алдында Түркия республикасының Президенті Абдулла гүл жаңа жібек жолын жаңғыртудың тарихи роліне екі елдің ие екендігін жария еткен болатын. Ол ҿз сҿзінде: «Түркия мен Қазақстанға жаңа кҿліктік байланыс жҽне энергетикалық дҽліздерін дамыту ісінде маңызды рол мен тарихи жауаптылық жүктелуде.

Яғни жаңа Жібек жолын жаңғырту Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты ҿзара жақындатады, аймақ елдерінің экономиканың олардың ҽл-ауқатының дамуына үлесін қосады»,- деген [2: 320]. 

2009 жылы 29 қаңтарда Бүкілҽлемдік экономикалық форум аясында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев бірқатар екі жақты кездесулер кезінде мемлекет басшысы Түркия премьер- министрі Реджеп Эрдоғанмен бейресми кездесу ҿткізген болатын. Екі жақты сұхбат барысында екі ел арасындағы мҽдени гуманитарлық қатынастарды дамыту мҽселесіне айрықша мҽн берілді.

Осы айтылғандарға қарап, екі ел арасындағы сауда экономикалық қатынастар да жедел қарқынмен дамып келеді деп пайымдауымызға болады. Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Сыртқы сауда жҿніндегі агенттік мамандарының сараптамасына жүгінсек, Қазақстан экономикасының даму қарқыны түркиялық іскер орталығының біздің елге деген қызығушылығын рттыра түсуде. Қазақстан Республикасының статистика жҿніндегі агенттігінің мҽліметі бойынша 2006 жылы екі ел арасындағы сауда айналым 478,8 млн долл. құраса, 2005 жылы 556,9 млн. долл. құрады.

2011 жылы қаңтар айында Алматы қаласында Қазақстандық түріктік кҽсіпкерлер Ассоциациясының қатысуымен ҿткен бас қосуда екі жақты сауда экономикалық қатынастардың ҿзекті мҽселелері талқыланған болатын. Екі елдің ҿзара қатынасын нығайтуда сауда экономикалық ынтымақтастықтың мҽні ерекше екендігін атай келіп, оның басты міндеті ҿзара сауда кҿлемін арттыра түсуде, сол ретте 2010 жылдың қорытындысы бойынша аталған кҿрсеткіш 3,170 млрд АҚШ долл. құрады [2: 321].

Қазақстандағы түрік кампаниялары 1993-2011жылдар аралығында ел экономикасына 2 миллиард АҚШ доллары кҿлемінде инвестиция құйды.Бұл кҿрсеткіш Түркияның Қазақстандағы инвестиция кҿлемі бойынша 15 орында тұрғанын кҿрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда ден астам қазақ түрік бірлескен кҽсіпорындары жұмыс жасайды. Қазақстан мен Түркияның ҿзара қарым-қатынас мҽселелері сонымен қатар 2011 жылдың 7 ақпанында Астана қаласында Қазақстан мемлекет хатшысы, сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев пен Азиядағы ҿзара ықпалдастық пен сенім шаралары жҿніндегі кеңестің атқарушы директоры, елші Чинар Алдемирмен болған кездесуде талқыланды. 

Түркия ҿз кезегінде ресми Астананың халықаралық аренадағы барлық бастамаларына қызу қолдау кҿрсетеді. 2005 жылы мамыр айында Түркия Қазақстан Республикасының Анкараның Орталық Азия ҿңіріндегі сенімді серігі екендігін ресми мҽлімдеді. Сонымен қатар, Түркия 2009 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на жҽне БҰҰ Экономикалық жҽне Ҽлеуметтік кеңесі тҿрағалығына ұсынылған кандидатурасын алғашқылардың бірі болып қолдады. 

Н.Ҽ. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде атап ҿткендей «Қазақ-Түрік қатынастары шапшаң қарқынмен дамып келеді. Қазір экономика, мҽдениет, білім салаларының қай-қайсысында да бірлескен жобаларымыз ҿте кҿп. Біздің халықтарымыз- ҽрі терезесі тең ықпалдастар, ҽрі тегі мен түбі бір ағайындар. Олардың арасындағы мызғымас достықты қазақстандықтар ҽрдайым қадірлеп, мақтан тұтады»,- деп атап ҿткен болатын. Міне сондықтан да қазіргі кезде Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық ҽріптес ретінде Түркия Республикасының алатын орны ерекше деп кҿрсетуге болады [4: 205].

«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында ҿз қауіпсіздігі мен аймақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан кҿршілерімізбен берік достық қарым-қатынас еліміздің стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін міндетті шарттардың бірі.

Сонымен, Қазақстан мен Түркия арасындағы саясат, қауіпсіздік жҽне экономика салаларындағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің талаптарына сейкес дамып отыр деген қорытынды жасауға болады.

Байбосын Л.С.

Арқалық қ.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

l.baybosyn@mail.r


Әдебиеттер:

1. Тоқаев Қ. Дипломатия республики Казахстан.- Астана: Елорда. - 2001. -

552 б.

2. Т.С.Сүлейменов, Б.Ж.Сомжүрек, Р.С.Елмырзаева. Қазақстан

Республикасының сыртқы саясаты: оқулық. -Алматы: Экономика. 2012. - 468 б.

3. Ардақ Аупбаева. Қазақстан Түркия: білім саласындағы байланыстар.

Ақиқат,-2002 ж, №2.

4. Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырлар тоғысында . Алматы: « Ҿнер».-1996. -272 б.

Дерек көз: «ШОҚАН ТАҒЫЛЫМЫ – 17» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 24-26 сәуір 2013 жыл, 128-132 бет
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?