Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасу проблемасы (философиялық талдау)

29499
Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасу проблемасы  (философиялық талдау) - e-history.kz

Мәселенің философиялық мазмұнын талдау міндетті түрде негізгі ұғымдарды айқындау болмақ. Көп жағдайда ұғымдарға талдау жасалынбай, олар онсыз да өзінен өзі түсінікті нәрселердей қабылданып жатады. Ал ондай қабылдау талқыланып отырған нысанның өзінің мазмұнын күңгірт қалдырады. Шынында азаматтық қоғамды орнату үшін оның сыртқы белгілерін ғана тізіп, түпкі мазмұнын белгісіз қалдырады. Мысалы «азамат» деген кім, оның басқа қоғам мүшелерінен айырмашылығы неде, либералдық пен демократияның сыртқы белгілерінен бөлек ішкі түпкі мазмұны нені білдіреді, – деген сауалдар жауапсыз қалуы мүмкін. Өйткені билік орындарын сайлауға қатысу, сондай сайлаулардың болып жатуы, биліктің үш тарауына сәйкес органдардың болуы т. т. формальдық белгілердің болуы кей жағдайларда шын халық билігінің бар екендігіне куә бола алмайды. 

8.1.3.3. u041au0430u0437.u043cu043eu0434u0435u043bu044c u0433u043eu0441.u0441u0442u0440u043eu0438u0442u0435u043bu044cu0441u0442u0432u0430 2.pdf 
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?