Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жерді жаралау сынақтары

1888
Жерді жаралау сынақтары - e-history.kz
Түркістан, Созақ, Жезқазған, Арал... Ұзын-ырғасы осындай 13 елді-мекенге таяу жерде 81 атом бомбасы жарылыпты. Білмейсіз бе? Демек естімегенсіз

Бұл жарылыстарды Мәскеу аса құпия жағдайда жүргізіп, ешкімге ол жайында тіс жармаған. Әскерилер мұны бейбіт мақсаттағы жарылыстар еді деп жасырады. Яғни атом бомбасын өндірістік мақсатта пайдаланған-мыс. Мәселен, тереңде жатқан алтын-күміс, мыс-мырыш кендерін шахта, карьер қазбай-ақ, осы бомбаның қуатымен жер бетіне ақтарған. Кейбір көлдер де осы атомның арқасында пайда болыпты. Бұл жарылыстардың елге тигізген пайдасы қандай, зияны нешік?

Неге жарды?

Ядролық жарылыстар десе, тек қана Семей өңірін елестетеміз. Ал шын мәнінде, Семей полигонында атом бомбасының тек 64 %-ы ғана сыналған. Ал қалғаны қайда жарылды дейсіз ғой? Қалғанын Совет үкіметі одақтас елдердің территорияларында гүрсілдеткен. Әсіресе аждаһа бомбаның көп бөлігі Қазақстанның территориясында жарылыпты. Жарылыстардың географиясы – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шымкент, Жезқазған, Ақмола... Қысқасы, 13 облыстың баршасында тажал бомба гүрсілдеген. Кейбір өңірлерде 2-3 ядролық қару қатарынан жарылыпты.

Юрий Стрельчук, Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми қызметкері:

Бұл ядролық сынақтардың біразы «өнеркәсіпті дамыту», «кен көздерін ашу» деген сылтаумен жасалды. Мәселен, Жезқазған, Созақ, Түркістан өңірінде қандай металл барын анықтау үшін бірнеше ядролық жарылыс жасалды. Жерді жарып жібереді де, үстіңгі қабатқа ақтарылған топырақтың құрамын зерттейді. Мұнан бөлек, газ бен мұнай жиналуы үшін, атом бомбасымен жер асты қуыстары да көптеп жасалды. Атом жарылысы – жердің астындағы ең байлықты ең жеңіл, ең арзан жолмен шығарудың бірден-бір тәсілі болды.

Шахта қазуды қымбатсынып, жерді атоммен қопара салу әдісі біздің далада көп қолданылды. Әлгі тізімнен көрдіңіз, бомба жарылмаған елімізде ешқандай түкпір қалмаған. Не дейсіз, халық шаруашылығы үшін қажет деп, 1965 пен 1988 жылдардың арасында 81 рет бомба жарылыпты.

Анатолий Крочак, Семей полигонында әскери борышын өтеген бұрынғы сарбаз:

Ең көп жарылыстар – жасанды көл жасау үшін ұйымдастырылды. Жердің астында атом бомбасы гүрс етеді де, жер опырылып түседі. Есеп бойынша, көктемде шұңқырға су жиылып, көл болуы керек. Алайда Атырау, Арал жақтағы мұндай шұңқырлардың суы жазда кеуіп кететін. Осылай бекерге жерді жаралаған кездеріміз көп болды.

Ал, су толып көлге айналған кратерлердің суы ішуге жарамайды. Мұндай көлге тап келу, өліммен бетпе-бет келумен бірдей. Радиация кәдімгі қалыптан 100 есе кейде 200 есе көп. Сондықтан осындай суайдынға тап болсаңыз, бірден ол жерден жылыстап кетуге тырысыңыз...

Мұндай көлдердің суы ғана емес, бір шақырымға дейінгі жағалауы да улы сәуле таратады. Тірі жанға қауіпті. Ендігі міндет – атом көлдер мен шұңқырларды тауып, оқшаулап қажет болса оңалту қажет.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?