«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Аспанның ақиығы

1622
Аспанның ақиығы
Бүгін ұрыс даласында көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры және Ресей Федерациясының Батыры деген екі атақты бірдей иеленген бірегей тұлғаның, нағыз батыр, батыл адамның туған күні

Қайыргелді Сайынұлы Майданов 1956 жылдың 7 ақпаны Батыс Қазақстан облысы Тасқұдық кентінде өмірге келген. Қазақстандықтар бұл жерлесін ресейліктерден кем мақтан тұтпайды, өйткені ол өзінің батыл қимылдарын ортақ Отанымыз – Кеңес Одағының игілігі үшін жасады.

Майданов жоғары санаттағы ұшқыш болды. Оның өзі ойлап тапқан трюктері бірнеше рет жолаушыларының өмірін құтқарды, ал ол жүргізген операциялар сенімді түрде орындалатын. Бастапқыда жүргізушілер курсын тәмамдап, Қарулы Күштерге келгенге дейін кірпіш зауыты мен элеваторда жұмыс істеп үлгереді. Қайыргелді Майдановтың ұлты қазақ, бірақ анасы жағынан бойында немістің қаны болды.

Майдановтың адамгершілік қасиеттері жоғары болатын. Достық сертке берік ол Ақтөбедегі азаматтық авиация училищесіне оқуға түсіп тұрған жерінен оқудан бас тартып, ауылына қайтып кетеді, себебі бірге барған досы дәрігерлік комиссиядан өте алмаған болатын. Майданов Германиядағы Кеңес Армиясының құрамында анасының тарихи отанында да болып қайтады.

Әскери қызметін аяқтаған соң ол 1976 жылдан бастап Саратовтағы жоғары әскери авиация училищесіне оқуға түседі. Оқуын тәмамдаған соң Оңтүстік әскерлер тобында Одесса, Забайкалье, Түркістан әскери округтарында қызмет етеді. Қызмет барысында  Ми-6 және Ми-8 тікұшақтарын басқарды.

Қайыргелді Майдановтың ұшқыш ретіндегі қабілеттерін толығымен ашқан – Ауғанстан операциялары. Оны шиеленістер аумағына екі рет жолдайды: бірінші іссапары 1984 жылдың қыркүйегінен 1985 жылдың желтоқсанына дейін созылады, ал екіншісі – 1987 жылдың сәуірінен 1988 жылдың мамырына дейін болады.

Қайыргелді Майданов таулы аймақта тікұшақты басқарудың өзіндік тактикасын ойлап табады. Бұндай жағдайда тікұшақты басқару қиын болатын, тіпті аз ғана жүгі бар көліктің өзі әрең дегенде ұшатын. Екпін қажет болатын – бұл үшін Майданов «қол астындағы құралдарды» ыңғайлап алады. Ұшқыш тікұшақты тау шыңынан тастай салатын, құлаған кезде винт босайды да, соңғы сәтте көлік қажетті жылдамдықты алып, моджахедтерден жылыстап ұшып ала жөнелетін.

Бұл өте қауіпті маневр болатын, бірақ Майдановтың шеберлігі бұны қайта-қайта жасауға мүмкіндік беретін. 1988 жылдың маусымына қарай Қайыргелді Сайынұлының жеке есебінде жалпы есебі 1100 сағатты құрайтын 1250 жауынгерлік ұшуы болды. Ол ұрыс алаңынан алып шыққан жүзге тарта жаралы аман қалды, 1000-нан аса десантшы оның жолаушысы болды, оның бортымен 100 тоннаға жуық жүк тасымалданды.

1992 жылы Майданов Мәскеу облысының Монино кентіндегі Ю.А.Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясындағы оқуын аяқтайды. Одан әрі Құрлық әскерлері авиациясында қызмет етеді. Ол Санкт-Петербург жанындағы Агалатово кентінде орналасқан Ленинград әскери округінің тікұшақ полкін басқарады. 1999-2000 жылдары Майданов 325-ші жеке тікұшақ полкінің командирі ретінде Шешенстандағы антитеррористік операцияға қатысады.

2000 жылдың 29 қаңтары Ми-8 тікұшақтары Аргун шатқалы аумағында барлау жүргізіп, десант түсіреді. Тікұшақтардың бірін Майданов басқарады. Операция кезінде барлаушыларға қарсы қатты оқ жаудырылады. Осы операция кезінде Қайыргелді Майдановқа оқ тиіп, жараланады, бірақ соған қарамастан ол көлігін басқарып, аэродромға дейін жетеді, алайда тікұшақты қондыра алмайды. Тікұшақты көмекшісі қондырады.  Қайыргелді Сайынұлы Майданов өзінің қызметтік әрі азаматтық парызын соңына дейін орындап, өз тікұшағының кабинасында қаза тапты.  

Құлап қалған Совет Одағының және кейінгі Ресей Федерациясының екі бірдей батыры атағын алған бұл тұлға жайлы деректер көп емес. Аз айтылатын себебі, қаны қазақ болғанымен, таза орыстық рухпен өскені өз алдына дінін де айырбастаған екен.