Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақсақал Барбы - Авестада айтылатын Ворукаша көлі

1264
Ақсақал Барбы - Авестада айтылатын Ворукаша көлі - e-history.kz
Ерте заманда қазақ жеріндегі ең үлкен көлдердің бірі атанған Ақсакал-Барбы көлі қазіргі географиялық карталарда жоқ

Табиғат  тозады, тарих  ұмытылады, өмір-тіршілік  өзінің  жалғасын  тауып  алға  жылжи  береді. Біздің  бүгінгі  уақытымыздан  бар-жоғы екі ғасыр  бұрын Арқа  жерінде шалқып-толқып  жатқан ұлы көлдердің  бірі Су  аяғы Құрдымға, борпылдық  боз топыраққа,  жалпақ сорға, тегістігінен маса таятын тақырға айналғаның көргенде адам тіршілігінің  жалғандығына  тағы  да бір  дәлел  табасың.

П.И.  Рычковтың  жазуына  қарағанда Ақсақал-Барбы  көлінің  айналасы  екі  жүз  шақырымнан  да  көп, Ор  бекінісінен  жүрген  салт атты  адам бес  күнде  жетеді. Суы  тұщы, аздап тұздың дәмі білінеді  «вода в нем несколько солоновата и довольной  глубины, рыбы имеет  множество. Лес, кругом  оного тальник, или кустарник, а поодаль- называемый саксеул. В сие  озеро  впали степные  реки Тургай, коих счисляется шестьдесят шесть, да  Улкияки, которых счисляют  тридцать шесть, и  три Иргиза. Между киргизцами Средней  и Меньшей  орд  есть оно  почти на самой средине, и обе оные разделяет, так что с одной стороны Меньшей, а с другой  Средней орды  кочевья» (Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Санкт-Петербург,1762, с. 113).

Сонымен Ақсақал-Барбы көліне Торғайдың 66 саласы, Өлкейектің 36 саласы, Ырғыздың үш саласы қосылып, ұшан теңіз су құяды. Ақсақал-Барбының оңтүстік жағы Арал Қарақұмымен ұштасып кетеді. Қарақұм, немесе Арал Қарақұмы Кіші  жүз және Орта  жүз  қазақтарының шекарасында орналасқан, көшпелі мал  шаруашылығына  өте қолайлы,  соған  бола  сонау Алаша хан, Уыз хан дәуірінен  бері  белгілі, қасиетті қоныс.

П.И. Рычков «Топография Оренбургской  губернии» кітабында  Кіші  жүз руларының қысқы қонысына мынадай  сипаттама   береді:

«Зимовья же сей орды  знатнейшие суть следующие, а именно,  от Оренбурга  к стороне Орской крепости: 1) по двум рекам, называемым Камышла-Иргиз и Таил-Иргиз, коя, также  вышед  с северной стороны, впало в озеро Аксакал. Вершины всех оных от  Орской крепости  скорою ездою дней около трех; 2) по озеру Аксакалу, до которого от Орской крепости в правую  сторону конной езды  дней с семь. Из оного  ж озера  вышли разные  протоки и впали в реку Сыр-Дарью; 3) при урочище, называемом Кара-кум, то есть черный песок, которое  есть по сю сторону Сыр-Дарьи, а от Аксакала расстоянием один день, а от Орской  крепости дней с восемь. Отсюда  по самую Сыр-Дарью пошли  пески, и киргизцы, кочуя тут, довольствуются водою  из выкопанных колодцев и из текучих  ключей; 4) при урочище Турнаке: Турнак  же называется большой камень, который лежит на самом устье Сыр-Дарьи, на берегу. Сие  урочище от Оренбурга расстоянием конной езды дней с пятнадцать. В другую ж, то есть в  сторону Каспийского моря, сей же Меньшей орды киргизцы  зимуют  по Эмбе и по текущим в нее с обеих сторон речкам,  почти до самого устья, где она в Каспийское море впала. Ближайшее  к сей реке  расстояние  от Оренбурга дней восемь; 5) по ту сторону реки  Эмбы, по урочищах Большом и Малом Бурсуках, то есть  песках, от  Эмбы реки конной езды  дня четыре, от Оренбурга ж прямо в полдень  дней в  двенадцать, где зимуя,  довольствуются  снежною водою, а пока  снегу нет, то из  колодцев; 6) при озере Каракуле, между Эмбы и Яика рек, расстоянием от Яицкого Антонова  форпоста три дня: 7) по двум  рекам Уиле и Кииле, которые текут с западной  стороны в озеро  Каракуль, расстоянием от Оренбурга  до тех мест шесть или  семь; 8) по речкам Гадыгаиты и Бултурды, которые  вышли  с полуденной  стороны и впали  одним  устьм в реку Яик. Казаки  называют их Утвы. Расстоянием  они от Илецкого городка вниз  дна полтора. Кроме означенных  урочищ  нередко  случается, что оная орда за недостатком кормов по самому Яику зимует,  а иногда  табуны их  лошадиные и на сю сторону Яика реки перепускаются. Но  в таком  случае  для  спокойства их  киргиз-кайсацкого  берутся от них  аманаты. Тако ж и сие  случалось, что многие  улусы  около Аральского моря, а иногда и в каракалпакском владении  зимовали.

Впрочем, вся Меньшая  орда разделяется  на две части:  одни называются алчинцы,  а другие семиродцы, по именованию Джатыр, из которых первые  гораздо     сильнее последних» (Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Санкт-Петербург,1762, с.77-78).

Арал  бойындағы  Қарақұм мен Ақсақал  Барбы көлі  П.И. Рычковтың Орта  жүз қазақтарының  қоңысы  туралы жазылған  суреттемесінде  де  кездеседі:

«Средняя ж киргиз-кайсацкая  орда   знатные кочевья имеет  в  нижеписанных местах, а именно:1) дальние улусы обыкновенно кочуют по реке Сарасу, которая вышла  из Зюнгор, и течет  близ Туркестана, на расстоянии от Орской крепости от пятнадцати до двадцати  дней  конной  езды; 2)  по вершинам реки Ишима, расстоянием от реки Жилана в левую  сторону дней шесть, а от Орской  крепости дней пятнадцать; 3) по реке  Жилану, которая вышла от Зюнгорской  стороны из горы, называемой Улу-Тау, то есть  большая гора, и скрылась в землю от Орска в левую  сторону расстоянием  скорой езды девять  дней, а от реки  Большой  Турт  до оного Жилана  один день; 4) с вершин Тобола-реки по оной   и по  впадающим  в нее рекам  и рекам до устья реки Уя, при котором построена Усть-Уйская крепость, от Оренбурга  расстоянием девятьсот шестнадцать верст; 5) по рекам  Чертанлыку и Гилкувару, кои впали  в реку Тобол недалеко от вершин  оного, и по впадающим  в те две реки  мелким  речкам, расстоянием от Верхояицкой  крепости конной езды полтретья дня. Верхояицкая ж  от Оренбурга пятьсот восемьдесят две версты; 6)  по реке Каят, коя впала в Тобол пониже Чертанлыка и Гилкувара, и по  текущим в Каят  мелким речкам, от Усть-Уйской  крепости расстоянием конною  ездою два дня; 7)по озеру  Чалкару, которое  находится  при горе Карачатау, куда  надлежит  ехать вверх  при Ори реке, а потом, оставя оную вправе, вверх по Камышле до вершин  до помянутого озера три дня,  и так   будет  оно  от Орска  в левую сторону, 8)  по трем  рекам, называемым Ул-Куяки, которые  вышли от  вершин Тобола и впали  в реку Тургай. До вершин их расстояние от предупомянутого озера  два,  а от Орска  влево дней пять, 9) по речке  Текутурмас, коя  вышла  из гор от  стороны Тобольских  вершин и впала в реку Сара-Тургай, расстоянием от Улкуяков  день, а от Орска  влево семь дней, 10) по реке Сара-Тургай,  коя  вышла с Сибирской стороны от вершин Ишимских  и впала в Большой  Тургай, расстоянием  от Текутурмаса полдня, от Орска ж влево  семь  дней   с половиною, 11) по реке  Большому  Тургаю, которая  вышла  из гор  неподалеку ж  от Ишимских  вершин  и впала в озеро  Аксакал, расстоянием от Сара-Тургая полдня, от Орска  же  влево  восемь дней, 12)  по  озерам, именуемым Карсак-Баши, коих в Тобольских  и Сара-Тургайских  вершинах есть немало; 13)  по Аксакалу озеру, от Орска  с левой стороны, при котором по правую  сторону  обыкновенно Меньшая, а по левую   Средняя  орда  кочуют, и тем озером обе оные орды разделяются; 14) по Усь Узюке, то есть по  трем истокам, которые  вышли  от полудня  из Бухарской  стороны и впали  в Аксакал озеро, по ту сторону оного. Сверх  сих  еще  разные  речки и урочища есть, где оная орда  кочевьями  своими  располагается, но  они  не все  ведомы и не так  знатны, для того  сюда  и не внесены. В сей  Средней  орде   генерально  четыре  рода  состоят, яко  то: найманы, аргинцы, увак-гирейцы  и кипчаки» ( с. 79-80).

Осы Ақсақал-Барбы  көлінің  жағасында,  ақ  шаңқан   той ауылында 1710 жылы «Қарақұм  кеңесі» аталатын қазақтын  ірі мәжілісі өтті. Ол кезде  Кіші  жүздің рулары  қалмақтың жаугершілігіне,  башқұрттың  барымтасына  қарамастан  қазіргі  Орынбордан  да жоғары, Жайыққа құятын  Берді  өзеніне  дейінгі шекаралас өлкені жайлаушы  еді. Көрші қалмақ, башқұрт  сияқты  халықтар  Жем, Елек  сияқты өзендеріне  әлдене  себеппен қазақтар  бұл жерге жайулауға  келмесе ғана  батылы  барып  келуші  еді. Кіші  жүз  қазақтарының  кей рулары Ор өзенінің Жайыққа  құятын тұсына  келеді. Ол жерлерге кейіннен Орск /Жаманқала/  бекінісі  салынды. Әз Тәуке ханның   заманында ол  қалалардың орындарында  ноғайлы  дәуірінен  қалған ескі қоныстардың  қираған ірге тасы  мен әулие-әнбиелердің  кесенелері  тұрады. Кіші  жүздің  қыс қыстауы Сырдың төменгі  жағы,  Әмудариясының  теңізге  құятын  сағасы мен сол  арадағы  түбектер  болатын.

Қазақтың   Орта  жүзі  Әз Тәуке   заманында  жаз жайлап Ертіс  өзеніне  дейінгі  жерде  көшіп  жүреді. Әсіресе, малға  да,  жанға да қолайлысы  Сарыарқа, оның  ішінде  Есіл мен Нұра  өзендерінің бойы, Сілеті мен  Шідерті, Өлеңті  мен Түндік өзендері  бойындағы  хан жайлауы  сияқты шүйгін  жерлер. Орта  жүздің  үлкен  бөлігі  Кіші жүз  руларымен  қатар  жайлап Ырғыз, Торғайдан  аса, Өлкейекті  бойлай Ор өзеніне  дейінгі  жерде  шыр  айналады. Осы  аталған  жазғы қоныстан  қазақтың  жауынгер, жортуылшы  қосындары  бір  жағы  Қазан,   бір  жағы Тобольскі қаласына дейінгі  ұлан-ғайыр  алқапқа бақылау  жасап, атысып-шабысып  жүреді.

Кіші  жүздің  елі сияқты Орта  жүз де  жаз  аяғында Сырдың  орта ағысына  құлап, ескі  қыстауларына  қонады. Дегенмен,  қазақтың  осы  екі ірі  ұлысының да ішінде  Мұғалжар  тауларында, Ертісті, немесе Жайықты   паналап, Аралдың  сол жағындағы  Карақұмды  жағалап  қыстап  қалатын жауынгер  ауылдары  болады.

Әңгіме сонымен Ақсақал -Барбы атауының мағынасы туралы. Неге Ақсақал, неге Барбы деген сұрақтар тарихқа құштар әр азаматты қызықтырары сөзсіз.

Біз Ақсақал-Барбы көлін «Авестада» айтылатын Ворукаша теңізімен байланыстырамыз. Әдетте зерттеушілер Ворукшаны Каспий, не Арал көлдері деген жорамал ұсынады.  Бұған дәлел ретінде  «Ардвисура» гимніндегі «Толқыны таудай Ардвисура Хукария тауларынан бастауын алып Ворукаша теңізіне құяды» деген шумақтарды келтіреді. Біз бұл пікірді қолдай алмаймыз. Зерттеушілер бірауыздан Ардвиді Сырдариямен байланыстырады, біз осы пікірді қолдаймыз.  Авестада толқыны таудай Ардви Датия өзенімен  қатар аталады және Ардвиге қатысты «ол жер бетіндегі бүкіл суды қоссақ, соның бәрінің қосындысына тең». Датия арилердің оңтүстік шекарасында жанай ағатын өзен ретінде Әмудариямен байланыстыруға сұранып тұрғаны анық.

Ал Ардви Каспий мен Аралға құяды деген ғалымдардың жорамалы тексеруді қажет етеді. «Авестада»  Ворукаша теңізінен бастау алып өзендер ағып жатыр, ал Каспий мен Аралдан ағып шығатын өзен жоқ екені бізге мәлім. Ендеше ертеде Торғай, Ырғыз, Өлкейекті қабылдап, одан Сырға қарай ағатын бір-екі  салаға (Саумал көл мен Телікөл татыдан шығатын салалардың ізі әлі бар) бастау болатын Ақсақал-Барбы мифтік Ворукаша емес пе екен ?

Осыдан он бес жылдай бұрын Б.И.Вайнберг «Этногеография Турана в древности» кітабында Ворукашаны қазіргі заманда Дариялық тақыр аталатын Сырдария мен Сарысу-Шудың сағалары арасына орналасқан алқаппен байланыстырып көріп еді. Шын мәнінде Сарысу өзені Бетпақ даланы кесіп өтіп Телікөл татыға, ал Шу Алатаудан басталып, Бетпақтың оң жағалауымен Саумал көлге келіп құяды. Ерте заманда екі өзеннің қосылып, Сырдарияға оң қапталынан құйғаны Саумал көлден Сырға қарай жатқан ескі арналардан көрініп тұр.

Бүгінгі күні Торғай мен Ырғыз Су аяғы Құрдым деген жерде қалың борпылдақ  топырақ басқан алаңқаймен бітеді. Одан батысқа қарай Шалқар теңіз аталатын ащы көлдің алыстан сағымдай құлпыратын көгілдір толқындары ойнайды, одан әрі жүрсек жыл сайын ортайып барып бара жатқан көлдің ақ таңдақ жағалауларын  көреміз. Жер-су атауларына қарасақ, қазақтың тарихи аңыздарына құлақ салсақ  Сарысу мен Шудың аяғы тарихтың жазылмаған оқулығы сияқты. Жалғыз ғана Домбауыл батырға қатысты толып жатқан деректерді осы жерлерден (Еңкей, Қабанқұлақ, Бесқұлан) көреміз. Ал Домбауыл батыр қай заманның адамы? Ұлытаудағы дыңға, Домбауылға қатысты өзен-су, жер атауларына қарасақ оның Шыңғыс ханнан бірталай ғасыр бұрын өмір сүргені сөзсіз.

Соныменен біздің жыл санауымызға дейінгі екінші мыңжылдықта Ұлы даланың (Арианам-вайджа) дәл орта тұсында шалқыған Ворукаша теңізі Ақсақал-Барбы көлі болуы мүмкін бе? Менің ойымша әбден мүмкін. «Авестада» Ворукаша көлінің жағасында зәрдүш дінін қабылдап қойған Виштаспаның қас жауы  Арэджатаспа өзінің жауынгер елімен өмір сүрді дейді. Арэджатаспа және оның інісі Хумаяк кімдер? Олардың мекені қазіргі күні Торғай дасында «Шилі квадраты» аталып жүрген қалашықтар емес пе? «Бундахишна» Ворукаша теңізінен солтүстікке қарай шығыстан батысқа қарай жер бетін айналған Альборз аталатын қыр орналасқан  дейді. Осы Альборз өзіміздің Арқа емес пе?

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?