Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғұндар: Қытайлармен қырқыс

2685
Ғұндар: Қытайлармен қырқыс - e-history.kz

Ең даланы дүбірге бөлеген сақтар дәуірінен соң тарих сахнасына ғұн мемлекеті шықты

Ұлы Дала мен Қытай шекарасын бөлген Ұлы Қытай қорғаны ғұндардың тынымсыз шабуылы мен мазасыз соғыстарынан қорғану мақсатында, өздері бірнеше жеңілістен кейін, б.з.д. 207 жылы салына бастады.

Ғұн империясы – ежелгі түркі мемлекеті. Б.з.д. ІІІ ғасырда ғұндар құрамында түркі тілінде сөйлеген тайпалар қыпшақтар, қаңлылар, үйсіндер, Жетісу бойынан ығысқан сақтар болды. Ғұн империясының басқару әдісі, билік жүйесі, жалпы мемлекеттік құрылымы қатал иерархиялық сипатта қалыптасты.

Б.з.д. V-ІV ғасырларда кішкентай ғана ғұн тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан ғұн үстемдігі көршілес тайпалық одақтармен және қытай патшалығымен соғысу нәтижесінде әбден шыңдалып дамыды. Мемлекеттегі әрбір ер адамның негізгі басты борышы әскери қызмет болып саналды.

Атты әскер сақ жауынгерлерінің негізгі күші секілді ғұнның ең басты қаруы, көлігі болды. Соғыс кезінде садақты, қылыш пен найзаны қатар пайдаланған. Иіні сүйекпен қапталған ғұн садағының ұзындығы 140-160 см-ге дейін жетті. Сонымен бірге ат үстіндегі айқас үшін екі жүзді семсер, бір жүзді палашты ойлап тапты.

Б.з.д. 202 жылы Қытайдағы азамат соғысы аяқталады, ел билігіне Хань династиясы орнығады. Жаңа мемлекеттің негізін қалаушы Лю-Бан ел шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, осы жылдың қысында ғұндарға қарсы соғысуға әскер шығара бастайды. Алғашқы қақтығыстан соң-ақ Мөде әскерін кері шегіндірді, олардың соңына түсіп, ізінен қалмайға аттанған Хань жауынгерлері негізгі армиядан көз жазып қалады. Шағын жасақтың құрамында қытай императорының өзі де бар еді. Мұны дереу байқаған ғұн сарбаздары шегіністі тоқтарып, төрт атты қосынмен Байдан тауының маңында императорды қоршауға алады. «Жет күн бойы таудағы және сырттағы хань әскерлері бір-бірінен азық-түлік, әскери көмек те ала алмады, – деп жазады Сыма Цянь, – батыстағы сюннулар әскері ақ аттарға, шығыс беттегілер тұмсығында ақ дағы бар сұр аттарға, ал солтүстіктегілер қара тұмсықты аттарға, оңтүстік тарапы жирен аттарға мінген».

Бұл шайқаста ойсырай жеңілген император ғұндармен достыққа негізделген бейбіт келісімге келуден басқа амалы қалмайды және Мөде тәңірқұтқа үйіндегі ханшайымды беріп әрең жан сақтайды.

Осылайша ғұндардың жауынгерлік құдіретінен қытайларлар секілді оған шекаралас жақын елдер қатты сескенді. Шығыстағы Хингай тауларынан бастап батыстағы Римге дейін ат шалдырған ғұн бабамыз осынау ұлан-байтақ даланы қаруының күштілігімен және жетілген әскери тактикасының мықтылығымен бағындырғаны айтпаса да түсінікті.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?