Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1896 жылғы Бүкілресейлік көрмедегі Қазақстан

1565
1896 жылғы Бүкілресейлік көрмедегі Қазақстан - e-history.kz

1896 жылы Нижний Новгородтағы Бүкілресейлік көркем-өнеркәсіптік көрмеде Қазақстан Сібірлік бөлімнің құрамынан ұсынылды. Дегенмен Сібірлік бөлімнің қарапайым ғимаратында тек Амур аймағының, Иркутск генерал-губернаторлығының, Томск және Тобыл провинцияларының экспонаттары орналастырылған. Дала өлкесінің экспозициялары орын саны шектеулі болғандықтан, Орталық Азия бөліміне қойылды. «Qazaqstan Tarihy» порталы осы бір көрмеде Қазақстанның атынан қандай экземплярлар ұсынылғанын оқырман қауымға айтып береді.

Дала облыстарының ішінен егін шаруашылығы Көкшетауда, Ақмола облысындағы Атбасар және Петропавл округтерінде, Семей облысындағы Семейде, Павлодар мен ішінара Зайсан округтерінде, сосын Жетісу облысының Подгорный белдеулерінде орналасып, дамуға мүмкіндігі болды.

Ауыл шаруашылығының дамуы негізгі үш факторға сүйенді. Олар: климат, топырақ және елдің экономикалық жағдайы еді. Аталған жағдайлардың барлығы, әсіресе Батыс Сібірде қолайлы болғанымен де келісуге болады. Дала аймақтарының климаты Сібірдің қалған бөліктеріне қарағанда әлдеқайда жылы болды. Ақмолада жауын-шашын мөлшері 229 миллиметрді (жаз айлары 166 мм), ал Семейде 186 миллиметрді (жазға қарай 80 мм) құрады. Даланың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын аз болды, мұны көршілес Торғайдағы бақылау кезінде . Мұнда жыл бойы жауын-шашын мөлшері 122 миллиметрге тең болды, оның тек 16 миллиметрі жазда болды. Даланың оңтүстік шекарасында, Шу өзенінде жатқан аш далада (Бетпақ Дала) жазда жаңбыр жауған жоқ. Суару болмаған кезде, Шу өзені өте көп емес болғандықтан, бұл жолақ толығымен өлі шөлді бейнелегені анық.

 

Подгорияның климаттық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы болды. Верный мен Құлжада, яғни Іле Алатауы мен Тянь-Шаньда жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, Іле Алатауы мен Тянь-Шаньда шамамен 44° солтүстік ендікте, Подгорияның жылдық температурасы 9°с, қыстың температурасы - 6°, ең суық айда -10°-қа дейін, жазда +22°, ең жылы айда +26°, ал қыс пен жаздың арасындағы температура айырмашылығы 36° болды. Жетісу Алатауының баурайынан солтүстікке қарай 2°-та орналасқан Қопа климаты да соншалықты жұмсақ болған. Мұнда жылдық орташа температура +7,5° с, қыста -5°, ең суық айда -6°, жазда +20°, ең жылы айда +21°, қыс пен жаздың арасындағы айырмашылық 25°, ең суық және ең жылы айлар арасындағы айырмашылық 27°болды. Бес айлық өсімдік кезеңінің орташа температурасы Верный мен Құлжада +21°, Копалда 18°. Бұл жерде қыстың жұмсақ екені Сібірде көгалдандырудың болғанын ғана емес, сонымен қатар шарап жасауда да мүмкіндік болғанын түсіндіреді. Верныйда жауын-шашын жыл ішінде 560 миллиметрден астам болды, олардың көбі көктем айларында (226 миллиметр), ал жаз айларында 115 миллиметр болды. Мұндай климатты бүкіл Ресейдегі «ең жақсы климат» деп тануға болады.

 

Алайда осындай салыстырмалы түрде қолайлы жағдайда ауыл шаруашылығы өте нашар дамып, мұнымен негізі орыс халқы айналысты. Семей және Ақмола облысында нанның жылдық өнімі 136 мың ширек ауқымнан аспады. Бұл «подгорной» белдеуіндегі алқапта егіншілік теңдессіз үлкен рөлге ие болды. Одан кейін нан өндірі көлемі жылына 3 миллион пұтты құрады.Аталған аймақта орыс диқандары бидай мен сұлы, содан кейін аз мөлшерде қара бидай, арпа және картоп ексе, дұңғандар мен тараншылар бидай, арпа, күріш, жүгері және бұршақ, ал қазақтар бидай, қара бидай, сұлы және тары егумен айналысты.

 

Тағы да мына бір жайтты қоса кеткен жөн, көрмеде Дала өлкесіндегі топырақтың өте тапшы үлгілері ұсынылды. Олармен салыстырғанда Тобыл губерниясының, Томск губерниясының, Иркутск генерал-губернаторлығының және Уссури өлкесінің Амур аймағының топырақ коллекциясы әлдеқайда толық болды.

 

Нан коллекцияларын салыстыра отырып, біз олардың да алуан түрлі екеніне көз жеткізе аламыз. Дала аймағында егіншіліктің салыстырмалы түрде аз дамуына қарамастан, нанның едәуір мөлшері көрмеге қойылды. Бидай (қарапайым орыс, американдық, Египет, Қытай және т. б.) және арпа мен сұлы (австралиялық, американдық, шатиловский және т. б.), көктемгі және қысқы қара бидай, сары және қара тары, АҚ және сары жүгері, бұршақ, жасымық және т. б.

 

Сібірде халық көп шоғырланған қалалардың болмауы бағбандыққа өнеркәсіптік сипат алуға мүмкіндік бермеді. Бірақ ол Камчаткадан бастап Қытай мен Түркістан өлкесінің шекараларына дейін азғантай ғана жүргізілгенімен, тек тұрғындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет етті. Бұл сонымен қатар құнды тұқымды көкөністердің аймақта кең таралмайтынын, сондықтан көрмеге қойылған бақша тұқымдарының үлгілері үлкен қызығушылық тудырмайтынын түсіндірді.

 

Суық континенталды климатта көгалдандыру өте аз жерлерде мүмкін болды. Мұндай аудандар бір жағынан Амур аймағы, екінші жағынан дала аймақтарының оңтүстік бөлігі еді. Жетісу облысының Іле тау бөктерінде бұл процесс өте кең дамыды. Айтпақшы, ресейлік зерттеушілер бұл еңбектің жемісін Дала генерал-губернаторы Г. А. Колпаковскийге жүктеді. Ол кезде дала аймағында үлкен алманың, алмұрттың, өріктің және т. б. керемет сорттары өсірілді.

 

Жемістерді консервілеу қарапайым кептіру арқылы жүргізілді. Экспонаттарға келетін болсақ, олар кептірілген алма, алмұрт, шие, қара өрік және тіпті қауын үлгілерімен таусылды, алма мен алмұрт пастиласы мен қантты жидектердің үлгілері де болды.

 

Темекі өндіру ісі Сібірде мүлдем болмашы ғана тараған. Негізінен төмен деңгейлі әрі арзан сортты темекілері егіліп, оларды көбіне үйде қолдануға арналғаны түсінікті болды. Тек Иркутск губерниясы мен дала аймағында темекі өсіру біршама өндірістік маңызға ие болды.

 

Дала өлкесінде темекі өсіру кезінде жыл сайын 12 мың пұт темекі жиналатын. Мұндай жерлер Семей облысының Ертіс өңірінде және оңтүстік тау етегінде шоғырланған.

 

Темекі және темекі өнеркәсібінің осындай елеусіз дамуымен, экспонаттар көпшілік күткендей аса көп және алуан түрлі болмады. Амур аймағы Приморск облысында өсірілетін темекінің үш үлгісін және Забайкальскийде өсірілетін темекінің бір түрі ғана көрсетілді. Иркутск губерниясы "ангарканың" бірнеше үлгілерін, ал Тобыл «қорғандық» темекіні көрсетті. Десе де қарапайым Ахтыр, Суматра және басқа темекі сорттарының тұқымдарының үлгілерін ұсынған Дала аймағы айтарлықтай әр түрлі болды. Одан кейін Омбы маңында түрік тұқымынан өсірілген қарапайым, күміс, американдық және сарыжапырақты темекілер де болды.

 

Мал шаруашылығы Дала аймағының ауылшаруашылық өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылатын. Оның барлық түрі егіншілікпен тығыз байланысты немесе толығымен тәуелсіз, кейде тіпті халықтың ерекше кәсібіне айналды.

 

Мал шаруашылығының мөлшері бүкіл аудандар үшін де, жеке аулалар үшін де түрліше болды. 10-15 жұмыс жылқысы, 25-30 бас малы, 40-50 қойы бар ауқатты қожайындар да жетерлік еді. 40-50 жылқыны бағып, жүз және одан да көп мал басы бар байлар да болды. Әрине, малы жоқ немесе бір атқа я сиырға ие кедей адамдар да сол кезде өмір сүрді. Егер біз орташа санға жүгінетін болсақ, онда Сібірдің жекелеген аймақтарындағы мал шаруашылығының мөлшері төмендегі кесте түрде ұсынылды. Халықтың жүз жан басына шаққанда:

 

 2ac4828548a5da95fefbd01bac698672.png

 

 

Аймақтың жылқысы, әдетте, кішкентай және күшті емес еді. Алайда әр түрлі аудандардағы жылқылардың түрлері монотонды емес еді. Мысалы, Тобыл губерниясының оңтүстік бөлігінде жылқылар қазақы дала тұқыммен араласып, жылдамдығымен, төзімділігімен ерекшеленді. Томск облысында жылқылар үлкенірек, мығым және ауыр жүктерді тасымалдауға, ауылшаруашылық жұмыстарына қабілетті болды, бірақ олар дала қазақтарына қарағанда тез жүгіруімен ерекшеленді.

 

Сібірдегі ірі қара мал қарапайым орыс тұқымына жататын. Ол кішкентай, арық және аз сүт берді.

 

Қой шаруашылығын айтар болсақ, Сібірдің кейбір аудандарында айтарлықтай дамыған болса да, бәрібір сапалы тұқымды талап етті. Қойдың ең жақсы тұқымдары Тобыл және Томск провинцияларының оңтүстік аудандарында, Енисей губерниясының Минусинск округінде және Забайкалье облысында өсірілді.

 

Түйелер тек дала аймағында таратылды. Ресми мәліметтер бойынша, олардың абсолютті саны 250 мың баспен анықталды, бұл 100 тұрғынға шаққанда шамамен 12 түйені құрады.

 

XVIII ғасырдың соңында ара шаруашылығы Сібірге әкелінді және мұнда оның Томск губерниясында дамуы үшін қолайлы жер табылды. Дегенмен ара шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай жасаған Томск губерниясы ғана емес еді. Ол Шығыс Сібірде де айтарлықтай өсті. Амур аймағында жаздың ұзақ мерзімді екеніне, ормандарда гүлдейтін шөптер мен бұталар мен Линден ағаштарының көптігі де ерекше қолайлы жағдайларды тудырды. Дәл осындай жағдайлар Жетісу облысында да ара шаруашылығының дамуына ықпал етті, онда Ара шаруашылығының дамуы 40-тан 50 мыңға дейін ара ұяларын қамтамасыз етті.

 

Дала аймағында балауыз, орман балы, дала, Саур, Верныйдағы Маркин зауытының шіркеулік балауыз шамдары және шаруа мен казак үйлерін жарықтандыру үшін қолданылатын сары балауыз шамдары қойылды.

 

Балық аулауға келетін болсақ, өзендердің жоғарғы жағын құшақтаған дала аймағы балық аулау саласында үлкен маңызға ие болмады әрі оның экспонаттары Сібірдің басқа аймақтарынан әкелінген заттарға қарағанда әлдеқайда нашар болды.

 

Сібір ормандары қазынаның меншігі болды, сондықтан орман шаруашылығы экспонаттарын тек үкімет жинады. Шаруаға қолайлы, мықты орман құрылғысы енгізілген аудандарда экспонаттар бай, алуан түрлі және жақсы таңдалған еді, ал басқа елді мекендерде кедейлік басым болып, тіпті экспонаттар мүлдем болмаған. Қазақ жәдігерлеріне қатысты Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының мемлекеттік мүлік басқармасы ағаштар мен бұталардың үлгілерін қойғаны белгілі, сол үшін оларға I дәрежелі разряд берілген екен.


Аударған: Алтынбек Мерсадық

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?