Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы биязы жүнді қой шаруашылығының тарихы туралы II

2024
Қазақстандағы биязы жүнді қой шаруашылығының тарихы туралы II  - e-history.kz

Алдыңғы бөлімде Qazaqstan Tarihy порталы "Сібір темір жолы аудандарын экономикалық зерттеу бойынша материалдар" жинағының беттерінде егжей-тегжейлі жарияланған қазақ даласындағы биязы жүнді қой шаруашылығының төрт жылдық өмір сүру нәтижелері туралы әңгімелеп берген еді. Жалпы, зерттеу кезеңнің қысқалығына қарамастан, биязы жүнді қой шаруашылығы Қазақстанда өзіне жайлы орын тапты деп айтуға болады. Қазақстандағы биязы жүнді қой шаруашылығы тарихына арналған материалдың екінші бөлімінде Qazaqstan Tarihy порталы оңтүстік қой өсірушілердің жетістіктері мен Қарқаралы уездік мал дәрігері Вацлав Бенькевичтің жеке бақылаулары туралы баяндайды.

1904 жылдың жазында "Сибирский вопрос" газетінде (1907) жарияланған биязы жүнді қой шаруашылығы туралы мақаланың авторы Вацлав Бенькевичке Семей облысы бойынша жолығып жүрген сәті түсті. Оның айтуынша, сол сапарында ол биязы жүнді қойлар отарын және Атбасар маңында қыстағаннан кейін Белағаш өңіріне бет алған украиналық ірі қара малдың бірнеше басын кездестірген:
«…Қойлар мен сиырлар өте жүдеу болып көрінді, отарда жолда өлген қойлардан алынған терілер тиелген арба да болды, шопандар кез-келген сұрақты жауапсыз қалдырып, үнсіз болды, бірақ дала арқылы өту меринос қойларға ауыр тигені көрініп тұрды…»
Бір жылдан кейін ол Сібір теміржолында және Ертіс өзені бойындағы пароходтарда Дон мен Кубан аймағының көптеген қой өсірушілерін кездестіреді. Кейбіреулер даладан өздеріне жер іздеп келсе, енді біреулері Белағашта жалға алынған жерлерге тікелей бара жатты. Бұл қоныс аударушылар шағын шаруалардың ауқатты топтарына жататын. Автор олар туралы ұтымды мал шаруашылығын жүргізу теориясын аз білетін жігерлі және іскер адамдар туралы айтқан. Олар, автордың пікірінше, ешкімге сенбеушіліктерімен ерекшеленген және климатына, тұқымына қарамастан, будандастыру мүмкіндігіне сенген. Бенькевичке бұл қоныс аударушылар "жергілікті тұрғындарға қатысты өзінің ерекше жағдайына сенімді жаңа дала жаулап алушылары" сияқты әсер еткен, ол оларды «культуртрегерлер» деп атаған:
«Любопытно наблюдать такого «культуртрегера», расспрашивающего у окружающих о природе степей, условиях ведения хозяйства и т.д. Степняки дают ответы тожественные, но после целого разговора «культуртрегер» обыкновенно заявляет категорически, что говорят все не то, потому что… кум, проживший целый год в степи, написал ему иначе...»

Айта кетерлігі, автор қонысаударушылар осы мәселеде жергілікті тұрғындармен пікірлері бір жерден шықпайды деп санайды: «…здесь в близком будущем чувствуется глубокая рознь…».
Бұл мәселедегі қоныс аударушылар үшін тағы бір ортақ қасиет, олар өздері келген сәттен бастап далалық мал шаруашылығы сапалы өзгеріп, дами бастайды дегенге сенді. Бұған деген сенім, ұтымды мал шаруашылығы - бұл " әр аймақтың табиғи жағдайларына қатаң сәйкес келетін объектілерді дұрыс пайдалану арқылы жылдар бойы ойластырылған жұмысты қажет ететін білім" емес, жақсартылған мал тұқымдарын будандастыру және өсіру қажет деген жаңсақ пікір тудырды.
Өздеріңіз білетіндей, далада биязы жүнді қой өсіру көптеген жандардың назарын аударып, оның болашағына деген оптимистік көзқарастарды тудырды және оның аймақ үшін жемісті болатынына үміттендірді. Жергілікті жағдайға тамаша бейімделген өте құнды мал тұқымдары бар далаға қонысаударушы қой өсірушілердің келуімен бірге, қазақ малын бей-берекет, жүйесіз «асылдандыру» қаупі туды, одан тек жергілікті қазақ малшыларының түйсігі ғана құтқара алды.
Мүдделі қой өсірушілер төрт жылдық тәжірибеге және Ресейде мериностың дамуы қиын деген тұжырымға сүйене отырып, "Сібір темір жолының аудандарын экономикалық зерттеу материалдары" жинағының беттерінде жазылған мынадай қорытындыға келді:

«Все это заставляет овцеводов смотреть на будущее тонкорунного овцеводства весьма радужно, так как здесь они находят все условия, при которых дело может получить широкое распространение. Некоторые из них настолько увлекаются, что говорят, что тонкорунное овцеводство ждет в Западной Сибири беспредельное развитие»

Осындай қорытындыларды Сібірдің басқа да баспа беттерінен көруге болады. Мысалы, «Сибирский вестник» газетінің №11 және №12 нөмірлерінде «К вопросу о тонкорунном овцеводстве в Степном крае» деген мақала жарық көрген:
«Егер Омбы маңындағы тәжірибе сәтті аяқталған болса, онда менің ойымша, биязы жүнді қой өсіру орталығы болуға тиісті 49-параллельдің оңтүстігіндегі аудандардағы жұмсақ әрі қысқа мерзімді қыс, біздің ендіктегі 30-40 градус аязды қысқа қарағанда қолайлы болатыны даусыз»
Шаруашылық жүргізу формасына қатысты, халықты таныстыру мақсатында, одан кейін халық арасында меринос өсіруді дамыту үшін автор мұны "ірі капиталистік қожалық жақсырақ жасайды" деп санайды. Осы мақаланың авторы қой өсірушілер қазақтардың жер-рулық топтарымен келісімге келіп, олармен бірге көшпелі шаруашылық жүргізуі керек, өйткені "тек көшпелі шаруашылықта ғана қырғыздар иемденіп отырған бүкіл аумақты пайдалануға болады" деп есептеді.
Жинақтың редакциясы "Сібір темір жолының аудандарын экономикалық зерттеу материалдарында" келтірілген шаралармен ішінара келіскенімен, капиталистік қожалыққа қарсы болды. Сонымен бірге, ол қазақтар арасында биязы жүнді қой шаруашылығын тарату ісіне қазақтардың өздері биязы жүнді қойларды сатып алуы және қойдың аралас типін - етті және сонымен қоса жақсы жүнді қойларды өндіру үшін оларды жергілікті ет тұқымды қойлармен будандастыру арқылы қол жеткізуге болатынын болжайды.
Екінші жағынан, редакция өз қаупін де білдіреді:
«Есть однако мнение, что улучшение киргизской овцы кровью культурной, при нынешних формах киргизского экстенсивного скотоводства, может повести к порче дорогой по своей выносливости, неприхотливости и разной продуктивности киргизской овцы»
Бұл қорқыныш көбінесе Дала өлкесіндегі қазақ мал шаруашылығы туралы өте мұқият және құнды монография жазған, даланы зерттеу жөніндегі көптеген экспедициялардың жеке зерттеулері мен еңбектеріне негізделген Әлихан Бөкейхановтың пікіріне негізделген. Оның пікірін Торғай облысының ветеринарлық инспекторы Добросмыслов та қолдап, "Торғай облысындағы мал шаруашылығы" еңбегінде өзінің күмәнін білдірген.
Осы екі авторды Вацлав Белькевич те жақтаған. Оны «Сибирская Жизнь» газетіне жазған мақаласынан көруге болады, онда автор биязы жүнді қой шаруашылығының далада қажетсіз екендігін және болашағының жоқ екенін айтады. Онда биязы жүнді қой өсіру тәжірибесі тек жергілікті малшылар мен халықты шектейтін және жергілікті қолданыстағы мал шаруашылығына ешқандай пайда әкелмейтін, салыстырмалы түрде ірі капиталистік шаруашылықтарға ғана қолжетімді деп айтылды. Ақырында Белкевичтің қазақ малының жүнін бақылауға негізделген жеке жорамалына негізделіп, құрғақшылықпен сипатталатын дала континентальды климатында мериностың жүні қатайып кетеді деп тұжырымдалды.
Биязы жүнді қойлар ұзақ жылдар бойы қыста шөп жеп, жылы қорада тұруға дағдыланған. Сондықтан да олардың қысқы тебінге үйрене алатындығы күмән тудырған. Бұл мериностарды тек шалғын шөбі мол, немесе қыста ақ селеуді шауып, көшпеген жағдайда ғана өсіруге болады деген қорытындыға әкелетін. Оның үстіне биязы жүнді қойдың жүні сапалы болуы үшін күтімі де жақсы болуы керек, ал көшпелі малшаруашылығы жағдайында бұған қолжеткізу көп жағдайда мүмкін емес болатын. Жазда құйрық май жинаған кәдімгі қырғыз қойына қыстан аман шығуға көбіне осы майы септігін тигізеді, ал қыс қатты болған жылдары ол нашар жүн береді.
Далалық өлкенің көбінесе солтүстік аймағының жазық жерлерінде ақ селеу бітік өсетін. Оңтүстікке қарай ығысқан сайын, таулар пайда бола бастаған сайын шалғын шөп те, ақ селеу де азая бастайды, ал шамамен 49-шы параллельдің оңтүстігіне қарай шабындықпен қоса, ақ селеу де мүлдем жоқ боп кетеді. Бұл туралы Белькевич былай деп жазған:
«Там, на дальнем юге, вследствие скудости кормов, правда, зато питательных, киргизы во многих местах, вынуждены всю зиму кочевать, при чем снег является водопоем для привычного скота. Недостаток кормов и глубокие снега нередко заставляют киргиз Каркаралинского уезда перекочевывать зимой с северного берега озера Балхаш на южный, в Семиречье. Ранней весной, пока снег не стаял окончательно, киргизы, торопятся со скотом на север, потому что там летом не будет ни воды, ни корма.
Зима же в этом районе (южнее 49 параллели) далеко не отличается мягкостью, и продолжительность сравнительно немногим меньше чем на севере (только на р. Чу к концу марта уже могут приступать к посевам). Кроме того, зачастую выпадают там глубокие снега, как, например, зимой 1902-1903 годов»

Вацлав Белкевич сондай-ақ биязы жүнді қой шаруашылығының халық игілігіне айналу мүмкіндігіне күмән келтірді. Ол Батыс Еуропаның, Польша Патшалығының және Ресей империясының оңтүстігінің тәжірибесі биязы жүнді қой шаруашылығын жақсы жем-шөппен, тиісті қора-жаймен және арнайы күтіммен қамтамасыз ете алатын ірі фермаларда ғана дамытуға болатындығын растады деп жазды. Шағын қожалық үшін меринос ауыр деп саналды. Мұның бәрі қазақ даласында меринос қойлар тек жүнге ғана назар аударған капиталистік шаруашылықтың нысаны бола алады деп айтуға негіз берді.
Сонымен қатар, Белькевич қазақтар биязы жүнді қойларды өздері өсіре бастайды немесе олармен будандастыра бастайды деген арманды жақсы, бірақ іс жүзінде мүмкін емес деп санады. Қазақтың қойы ғасырлар бойы керемет таңдау арқылы жергілікті жағдайларға өте жақсы бейімделіп, қазақ көшпелі шаруашылығының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырғаны соншалық, оны басқасымен, әсіресе меринос сияқты біржақты кәдеге жаратуға жарайтын қоймен алмастыру орынсыз болар еді. Қазақ шаруашылығы мен оның қойлары үйлесімді біртұтастықты беретін.
Әлихан Бөкейханов өзінің қазақ мал шаруашылығына арналған еңбектерінде биязы жүнді қойлар тек орташа етті (тірілей салмағы шамамен 3-4 пұт), аз майды есептемегенде тек жүн ғана беретіндігін атап өткен. Сонымен қатар, жақсы сапа үшін биязы жүнді қойды саууға болмайды. Қазақ қойы, өз тарапынан, жақсы жайылымдар мен суаттарды талап етпейді және күзде тіпті бетпақ даладан қорықпай, мыңдаған шақырым жерді өте жақсы жүріп өте алатын, ал жазда жинаған май қоры оған қыстан аман шығуға сеп болады.
Қазақы қой едәуір дәрежеде иесіне азық берді, киіндірді, киіз үй құрылысына материал берді, едәуір мөлшерде отын да болды, сонымен қатар, сауда-саттық объектісі де болды.
1903-1904 жылдардағы экспедициялардың есептеулері бойынша қазақ шаруашылығында жан басына шаққанда етті тұтыну орташа есеппен жылына 6,24 пұтты, нан - 9,83 пұтты және 3/4 жылға жуық қоректенетін сүт - 37,06 шелекті құрады. Бөкейхановтың айтуынша, жалпы қазақ отарының 18,21% - ын құрайтын қойлар көшпенділер тұтынатын ет пен майдың 1/3-іне дейін және сүттің 1/4-іне дейін берген.
Қазақ қойының еті мен майы жоғары сапалы болды, сойғанда да салмағы айтарлықтай болды, бұл малдың бұл түрін әрқашан үнемі өсіп келе жатқан бағамен (бір жасар қой үшін 4-5 рубль) сатуды қамтамасыз етті. Көктемгі жүн, "жабағы", көрпе, киім және арқан дайындауға кететін бөлікті қоспағанда, түгел дерлік сатылымға шықты (1 пұты 4 рубль). Күзгі жүн (1 пұты үшін 9 рубль) негізінен киіз басуға жұмсалатын, оның біраз бөлігі киіз үйді жабдықтауға, ер-тоқымға немесе төсек-орынға пайдаланылатын. Қой терісі мен елтірінің бір бөлігі қысқы киім тігуге жұмсалды, бір бөлігі сатылды. Майы тамаққа пайдаланылды. Оған бауырсақ пісірілді. Сүтінен айран мен құрт дайындалды.
Қошқарлар далалық айырбас бірлігі болатын. Көктем мен жазда қонаққа тартылатын. Қожалық кедейленген сайын қой өсіруге көп назар аударылатын, қазақ үшін жылқыдан кейінгі мал – қой болатын. Әрине, биязы жүнді қойлар осы талаптардың барлығын қанағаттандыра алмады, оларды қазақ қойларымен метис қойлар да қанағаттандыра алмады. Оның үстіне кірістілік мәселесі де тұрды. Бір жасар қазақ қойы нарықта 4-5 рубльге сатылды, осының өзі оның пайдалылығын айғақтады. Қалаларда еттің пұты 2 рубль 40 тиыннан 2 рубль 80 тиынға дейін, майдың пұты 6-8 рубльге дейін сатылды. Бөкейханов бойынша қазақ қойларын бағуға жұмсалатын жылдық шығын небәрі 29 тиынға теңелді.
Орташа алғанда, қазақы қой көктемгі қырқымнан (4 фут) - 40 тиын, күзгі қырқымнан (2 ф.) - 46 тиын, барлығы 86 тиын кіріс берген. Сонымен қатар, сауын қойлар жаз бойы 35 тиыннан 4 шелек сүт берді (отардың шамамен 1/3 бөлігі аналық қой) - 1 р. 40 т., жалпы аналық қойдың жылдық жалпы кірісі 2 р. 26 т., ал таза кірісі - 1 р. 97 т. Ал меринос қойдың жалпы кірісі 2 руб. 20 тиыннан 3 руб. 30 т. дейін, бір мал басына жұмсалатын шығын 94 т. болса, 1 p. 16 тиыннан 2 р. 36 тиынға таза пайда берген.
Осы есептеулерден кейін Вацлав Белькевич биязы жүнді қойдың беретін кірісі қазақтар үшін сондай бір керемет тартымды емес деп атап өткен. Ойының соңында «Қазақтар биязы жүнді қой өсіруі керек пе?» деген сұраққа өзі «Қоянның түрін көріп, қалжасынан түңіл» («От добра - добра не ищут») деп жауап береді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?