Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шоқан әлемінің ғибраты

2310
Шоқан әлемінің ғибраты  - e-history.kz
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл

Ұлттық академиялық кітапханада қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Шоқан әлемінің ғибраты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

«Мырзатай Жолдасбековтың мемориалдық коллекциясы» залында өткен жиында Шоқан мұралары мен шоқантанушылардың еңбектері көрмеге қойылды. 

cd44bb594716674e4f803ae544edf4ac.jpg

Дөңгелек үстелге белгілі журналист-жазушы, түркітану саласының зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Жарылқап Бейсенбайұлы арнайы шақырылды. Сонымен бірге, тарих ғылымдарының кандидаттары, Мемлекет тарихы институтының оқтушылары Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы Еңсепов Қанат Әлібекұлы  қатынасты. 

6aa622b893f15c2458922f29b583508c.jpg

Жиында Шоқан Уәлихановтың заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары туралы сөз болады. 

54a0aa9d485390837a3cb67f43099375.jpg

Ғалымдар Генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі ұландарына, Мемлекет тарихы институты қызметкерлері және Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектептің мұғалімдері мен оқушыларына Шоқан өмірінен дәріс оқыды. 

df2f108599bac59e29e0af73574112db.jpg

Шоқанның Ф. Достоевскиймен түскен фотосуреті 

Сондай-ақ, «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Кітап мұражайындағы 1904 жылы академик Н.И. Веселовскийдің Петербургте басылып шыққан «Шоқан Уәлихановтың шығармалары» жинағы және 1905 жылы ғалым П.М.Мелиоранскийдің жинақтауымен басылып шыққан «Едіге – Тоқтамыс» жыры оқырмандар назарына ұсынылды. 

b829b04b6b1af2c232c29b42722d1a3f.jpg

Айта кететін бір жайт, Шоқанның ғылыми еңбектерінің қатарында Қазақ хандығына байланысты тарихи деректер өте мол. Атасы, қазақтың ұлы ханы Абылай заманын, саясатын, мәмілегерлік қасиеттері мен сол кезеңдегі қазақ халқының ахуалын тап басып тани білген ұлы ағартушы бұл деректерді мұра етіп қалдырған. ХVIII ғасырда өмір сүрген Абылай хан батырларының да ерлік істері дәріптеліп, әрбір батырларға жеке-жеке мінездеме беріп, талдап саралап жазған еңбектері – бүгінгі күні тарих ғылымында қызмет етіп отыр. Мәселен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайдан бөлек мыңдықтарды басқарған қазақ қолбасшыларынын атын атып, ел арасына тараған аңыз әңгімелердің ақиқатқа жақынын жинап, көрегендікпен ұсынады.  

e3de2654464f61e5e1eced63e52bb39e.jpg

Ербол Іргебай, Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектебінің директоры: «Игілікті шара өткізіп жатқан Ұлттық кітапxана қызметкерлеріне раxмет. Әлкей Марғұлан – Шоқанды зерттеуге өмірінің 20 жылын арнаған ғалым. Марғұлан мектебінің оқушылары риза болып қайтты».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?