Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қызыл армияда кімдер болды немесе шенділер мен шекпенділер жайлы сандар сыры

2480
Қызыл армияда кімдер болды немесе шенділер мен шекпенділер жайлы сандар сыры - e-history.kz
Азамат соғысы өрті тұтанғанда, Қызыл армия алдында әскери кадр мәселесі тұрды, бұл тұрғыда Кеңес үкіметі келелі кедергіден шығудың жеңіл жолын таңдады

Ақпан төңкерісінен кейін империя құлап жағдай нашарлаған соң әр құрамдас мемлекет өз бетімен автономия құру жолында әлек бола бастады, осы тұста Азамат соғысының өрті тұтану қаупі тұр тұрды, соғыс өртін тұтандырмас бұрын алдымен соғысқа дайындық оның ішінде кадр мәселесі тұрды. Азамат соғысынан бұрынғы соғыс, төңкерістерден титықтаған Кеңес үкіметі әскери кадр мәселесін қалай шешті осыған тоқталсақ.

Ресейдегі өктемшіл өкілдер Қазан төңкерісінен кейін билік тұтқасын оңай жолмен қолға аламыз деген арам ойлары болды. Биліктің тізгінін ұстағыштар кедергіге кезігіп соңы екіге жарылды да, елде азамат соғысы басталды. Соғыс атаулының ішінде жақсысы жоқ, дегенмен азамат соғысы одан да сорақы себебі атам қазақ іштен шыққан жау жаман дейді ғо, бір елде тұрып өзара қырқысқаннан жаманы жоқ шығар. 1917 жылдың күзінде Қазан төңкерісінен кейін келесі 5-6 ай ішінде Азамат соғысына қам жасалып әскери құрам қайта жасақтала бастады. 1918 жылдың көктемінде Азамат соғысы ел аумағын қамтып қызған шақта, Қызыл әскерде өз күшін сақадай сай етіп үлгерді. Енді басынан бастасақ.

Әскери күш дайындауда алдымен жалпы жасақ жинау мақсатында ел аумағында қысқа мерзімді әскери курс ұйымдастырылды. 1917-1919 жылдар аралығында жоғары әскери оқу орындары қайта ашылды: Генералды Штаб Академиясы, Артиллериялық, әскери-медициналық, әскери-теңіз, әскери-инженерлік,әскери-шаруашылық академиялары. Дегенмен кадр жетіспеушілік күн тәртібіндегі мәселе болып тұрды. Кадр жетіспеушілігін тек қана император әскерінің офицерлері мен генералдарының есебінен шешу мүмкіндігі болды. Аталған істі В.И.Лениннің өзі қолдады.

Ресейде Қазан төңкерісіне дейін 25 әскери оқу орны оның ішінде 13 жаяу әскер, 2 казак әскері, 1 топографиялық, теңіс кадет корпусы, арнайы инженерлік училище болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық саны 210 мың офицер дайындалды. 01.01.1917 жылы жаяу әскер шығыны 62 847 адамды құрады, теңіздегі соғыста – 245 мың адам. Айтулы шығын офицерлік корпусты әлеуметтік өзгеріске алып келді. Олардың ішінде дворяндар - 9%, мещандар - 20%, шаруалар – 30%, басқа да өкілдер – 41% құрады. 22 мыңнан астам прапорщик солдаттан құралды. Полк әскерінің кадрлық құрамынан офицерлерді саусақпен санау алуға болатын деңгейге жетті. Және тағы шошытарлық дерек офицерлердің 70%-ы жартылай сауатты қара шаруадан тұрды.

Қазан төңкерісінен кейін большевиктерге қарсы офицерлердің 2-3 %-ы ашық қарсылыққа шықты. 1918 жылы алғаш ерікті түрде әскерге жинауда офицерлердің 2341 немесе 10%-ы келісті. Оның ішінде кадрлық офицерлер саны бары жоғы 500 адам болды, ал еріктілердің барлық саны 3377 әскерді құрады. Мұндай әскери құрамның құлдырау себебін сол кезеңдегі соғыстан халықпен қатар әскердің де шаршағанын алға тартты, дегенмен басқа да себеп-салдарлар болды, мысалыға бірінші дүниежүзілік соғыстан соң бір сәтте мыңдаған офицер жұмыссыз, үкімет қарауынсыз далада қалды басты себеп осы десекте болады. Олардың алдында елін, жерін қорғаудан бұрын күн көру мәселесі тұрды.

Ендігі мақсат жаппай әскерді жұмылдыру болды, іс военкомат арқылы жүзеге асырылды. Жалпы алғанда әскери кадрды толықтыру табысты өтті. 250 мың офицердің 75 мыңы (30% ) Қызыл әскерге, ал 100 мыңы (40% ) Ақтар мен басқа да құрамдас бөлікте қызмет етті. Қалған 75 мыңы ( 30%) екі жаққа да жатпады. Ерекше атап өтетіні 75 мыңы императорлық арнайы әскерлер болды, оларға айрықша мән беріліп зор құрметкеде ие болды, себебі аталған құрамсыз Ресей империясының бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуі екіталай еді. Оған дәлел, 20 әскер қолбасшысының 17-і императорлық арнайы әскер құрамынан оның ішінде 10-ы генерал және генштабтан болды, одан бөлек 100 әскербасшы бұрынғы тәжірибелі әскер құрамынан болды. Штаб басшылары 100% арнайы әскермен қамтылып жабдықталды. Ал басқолбасшыға келсек генерал штабының полковниктері И.И. Вацетис пен С.С. Каменев болды.

Азамат соғысы жылдары әскери мамандардың пайыздық өлшеміне келсек 1918 жылы Қызыл әскердің жұмысшы-шаруалары – 75% , 1918 жылы – 53%, 1919 жылы – 53%, 1920 жылы – 42%, 1921 жылы – 34%-ы құрады.

Дегенмен бүкіл Ресей бойынша қара жұртты әскерге жұмылдыру оңайға соққан жоқ себебі, алдымен 18 бен 40 жас аралығындағы ер азаматтарды санақтан өткізу мәселесі тұрды, содан кейін ғана әскерге тіркеп оларды оқытып үйрету, оның үстіне сапалы әскер құрамын шығару мәселесі тұрды.

Әскери бөлім комиссары Л.Троцкий аталған мәселеге қатысты мынадай дәйектер келтіреді: 1918 жылы Қызыл әскер сапына алынған әрбір жауынгер қырағылықтан бөтен, сол кездегі саясат шырғалаңына дайын болу керектұғын ескерітті. Бұл дегеніміз билік бұйрығын бұлжытпай орындау. 

Сөз соңында айтарымыз Азамат осғысы ақырып тұрғанда Кеңес үкіметі әскери кадр мәселесін бір мезетте жалпақ жұртты әскер қатарына шақырып кедергіні көлденеңінен шешті.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?